Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Ахмет Байтұрсыновтың тəәкаппарлық пен көреалмаушылық сияқты кемшіліктерді астарлап көрсететін мысалдарын талдап жазыңыз.



38.Ахмет Байтұрсыновтың тəәкаппарлық пен көреалмаушылық сияқты кемшіліктерді астарлап көрсететін мысалдарын талдап жазыңыз.

    Ахмет Байтұрсынұлының мысалдары өте көп болғаны соншалық, кітап ретінде жарық көрді. Ақын мысалды басқа елден аударады немесе өзі өмірлік оқиғаларға негіздеп жазады. Ең бастысы өмірлік мəәні бар дүниелерді жануарға негіздеп, мысал түрінде қалдырған.

  Қалайда халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне əәсер ету жолдарын іздеген ақын айналып келгенде, ұлы Абай тапқан соқпақ, орыс əәдебиеті үлгілерін пайдалану, аударма жасау дəәстүріне мойынсынады. Бұрынғы ескі-ертегі, химия үлгілері емес, енді жаңа өлеңдік форма мысал арқылы, көшпелі елдің жақсы білетін стихиясы – жан-жануар өмірінен алынған шығармалар арқылы əәлеуметтік ойға ықпал ету мақсатымен Иван Андреевич Крылов туындыларын аударып, “Қырық мысал” деген атпен 1909 жылы Петербургтен бастырып шығарды. Бір жағынан қызықты форма, екінші жағынан ұғымды идея, үшінші жағынан, қазақ тұрмысына ет-жақын суреттер ұласа келіп, бұл өлеңдерді халықтың төл дүниесіндей етіп жіберді. Аудармада мін жоқ, мүдірмей, тұтықпай, есіліп-төгіліп тұр. Ендігі кезең оқырманына қатысты жаңа ой, соны пікір, толғаулы сөзді ақын өз жанынан қосады.

Алуан-алуан ойға жетелейтін “Қайырымды түлкі”, “Ала қойлар”, “Үлес”, “Қартайған арыстан”, “Өгіз бен бақа”, “Қайыршы мен қыдыр”, “Ат пен есек” мысалдарында əәлеуметтік-қоғамдық жағдайларды мегзейтін оқиғалар, адамдар психологиясымен сарындас əәуездер, тағылымды, ғибратты тұжырымдар мол орын алған. Ахмет Байтұрсынов аудармаларында сюжет сақталғанымен, еркіндік ьасым, қазақ тұрмысына жақын идеялар, заман тынысын танытатын жаңа ойлар айтылады. Бұрын емеурін, ишара, мегзеу, астар, мысалмен берілген ойлар "Маса" кітабында ашық, анық, дəәлді, нақты айтылады. Мұнда Ахметттің өз басынан кешкен қиын-қыстау күндер, ауыр жолдар, қуғын-сүргін, жетімдік-жоқтық, бірталай өлеңдерге арқау болады; ел тағдыры, халық қамы, бостандық арманы – басты сарын болып табылады.

    Қорыта келе, мысал арқылы Ахмет Байтұрсынов халыққа ой салғандай болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

39.Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңінің бүгінгі жастар тəәрбиесіне қатысты өзектілігі туралы ойларыңызды талдап жазыңыз.Бұдан екі жүз жыл бұрын «Азулыға бар заман, азусызға тар заман» деп, əәлеуметтік əәділетсіздіктің пердесін сыпырған асау ақын – Шортанбай. XIX ғасырда белең алған патша отаршылдығының ойранын, дінсізденген, құлдыққа көндіге бастаған есіл жұрттың мұң-қайғысын жырлап өткен «Зар заман ақыны» сол кездегі жастарды да аяусыз сынайды. Ендеше, заманы алыс Шортанбай сөздерінің XXI ғасырдағы ұл мен қыз тəәрбиесіне қаншалықты қатысы бар?

Шортанбай «Зар заман» өлеңінде өз заманының жастарына кінəә арта отырып, болашақта Ақырзаман келеді деп болжаған. ƏӘйтпесе, ақын былай деп толғамас еді: «...Заманақыр кезінде

Ұл туады атаменен егесіп, Қыз туады анамен теңдесіп, Баласы кетіп тыюдан».

Біздің заманымыздағы қазақ баласының бəәріне ата-ана тарапынан тыйым бар деп айта алмаймын. Өйткені, өз өміріне қалай болса солай қарап, от басқан, соңында тастанды балалар санын көбейтіп жатқан бойжеткендер баршылық. Оның жиіркенішті бір мысалы, əәжетханадан, қоқыс жəәшіктерден табылған - кінəәсіз сəәбилер. Қайда, не істеп жүргенін ата-анасына айтпайтын, сырласпайтын ұлдар да көп. Соның салдарынан, жасөспірімдер арасындағы қылмыс та аз емес. Қазір ұлдарға ата-ана, достардан гөрі «виртуалды өмір» ұнайды. Егер осы бір жағымсыз, адамға жат қылықтар көбейе берсе, болашағымызға қауіп төнбей ме?! «Атамен егескен ұл қадірсіз, анамен теңдескен қыз қадірсіз» дер едім.

Шортанбай ақынның ойларын данышпан Абай «Заманақыр жастары» өлеңінде жеріне жеткізе, ойын сабақтастырған. Өкінішке орай, ар мен иманын саудаға салып, еңбексіз, жанын қинамай-ақ баюды ойлайтын жастар да бізде кездеседі. Бір таң қалатыным, екі ұлы ақын да «Ақырзаман жастарынан» қатты қауіптенген. Менің ойымша, Заманақыр болмайды! Неге десеңіз, біздің жастарымыздың бойында рухани құлдыраудан гөрі даму басым. Елімізде Шортанбай мен Абайды, ƏӘуезов пен Мұқағалидың шығармаларын оқиды. Көпшілік жастар ата-ана, ұстаз, үлкендердің айтқанына ден қояды. Қытайда өнер көрсетіп, миллиардтаған əәлем көрермендерінің ықыласына бөленген Димаш Құдайбергеновтың тұлғасы – соның дəәлелі. Оның шет елде жүріп қазақ тілінде сөйлеуінің өзі жастарға да, үлкендерге де тамаша үлгі боп отыр.

Қорыта келгенде, «Сын түзелмей, мін түзелмейді». Біздің жастарға да Шортанбайдың айтқаны сияқты өткір сын қажет. Сонда ғана ар-намысымызға тиетін қасиетсіз қылықтардан жастар да арылады деп ойлаймын.

         

         

40.Абай өлеңдеріндегі тəәрбиелік арналарды дəәлелдеп жазыңыз.         Абай Құнанбаев – қазақ əәдебиеті мен өнерінің тарихында оқшау тұрған ұлы тұлға. Оның поэзиясына, көркемдік əәлеміне үңілген сайын адам жаны тебіреніп, бар ынта мен ықыласы ауа түседі. Ақынның қай өлеңін алсақ та, астарлы ой мен идеясынан адамгершілікке тəән асыл қасиеттерді бойына дарыта алмаған елжұртын сынаған немесе адами рухты сіңіріп өсу керек деген ойды оқып білеміз. Бұл ақынның көпшіліктің іс-қылығына көңіл толмаған шарасыз күйін байқатады. Адал еңбек, маңдай термен емес, байларды аңду, оның малына сұғанақтықпен көзін қадаған көпшілікті сынға алады. Қазақы тіршіліктегі қайшылықты өмір көшін, сол кездегі əәлеуметтік жағдайды сынап-мінейді. Іс-əәрекетте ішкі рухани дүние – «иман жүзің сай болу керек» дегенді айтады.

  Осыған орай, «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде:

...Бес нəәрседен қашық бол, 

Бес нəәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз. 

Тілеуің, өмірің алдыңда, Оған қайғы жесеңіз. 

Өсек, өтірік, мақтаншақ, 

Еріншек, бекер мал шашпақ – Бес дұшпаның, білсеңіз. 

Талап, еңбек, терең ой, 

Қанағат, рақым, ойлап қой – Бес асыл іс, көнсеңіз,.. – 

деп, жастарды жамандықтан жиреніп, жақсылықты үйреніп, үлгі тұтып өсуге шақырады.

   Ұлы ақын бала тəәрбиесіне, жалпы бала болмысына, жастардың ой жүйесіне, олар арқылы екінші, үшінші буын өкілдеріне деген көзқарасын, қарттар мен қариялардың танымдық ерекшелігіне қатты көңіл бөлген. Сондықтан да болар, өлеңдерінің көп бөлігі ақыл-өнеге, үгіт-насихат түрінде беріледі. Мəәселен:

Адамның бір қызығы – бала деген, Баланы оқытуды жек көрмедім, -

деген.

  «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» деген өлеңінде: Жамандар қыла алмай жүр адал еңбек, Ұрлық, қулық қылдым деп қағар көлбек.

Арамдықтан жамандық көрмей өалмас

Мың күн сынбас, бір күні сынар шөлмек, - 

деп, жалқаулық жайлаған елдің адал еңбек етудің орнына ұрлық-қарлыққа əәуестенудің түбі баянсыз екенін ескертіп, амандықтан жирендіруге тырысады. Сондықтан «Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей» атты өлеңінде еңбексіз бос жүрген кедейді былай деп еңбек етуге шақырады:

Жалға жүр, жат жерге кет, мал тауып кел, Малың болса сыйламай тұра алмас ел.

Қаруыңның барында қайрат қылмай,

Қаңғып өткен өмірдің бəәрі де – жел, - 

дей отырып, қарапайым халық үшін жамандықтан арылудың, адал еңбек ету арқылы табыс табудың жолын нұсқайды.

  Жастық шақта əәртүрлі өнер үйренуге талпынудың керектігі, бұл орайда күншіл болмай, тату болуды, ынтымақ-бірлікті сақтай біліп, уақытты бос өткізбеудің жолы «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңінде былайша түсіндіріледі:

Керек іс бозбалаға – талаптылық, 

ƏӘр түрлі өнер, мінез, жақсы қылық.

Кейбір жігіт жүреді мақтан күйлеп, Сыртқа пысық келеді, сөзге сынық.

   Қорытындылай келе, Абай шығармалары ұлттық сөз өнеріміздің көркемдік үлгісі ретінде орнықты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.