Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Ы.Алтынсарин əәңгімелері – тəәрбиенің қайнар көзі екендігін дəәлелдеп жазыңыз.



28.Ы.Алтынсарин əәңгімелері – тəәрбиенің қайнар көзі екендігін дəәлелдеп жазыңыз.

Халқымыздың ұлы перзенті, қазақ жерінде оқу-ағарту ісін жүзеге асырған зиялылар көшбасшысы, тұңғыш халық ағартушысы, ұлт тарихында аты мəәңгі өшпейтін кемел тұлға – Ыбырай Алтынсарин. Ыбырай əәңгімелері өз заманының келелі мəәселелерін қамтыды. Оның шығармалары жас ұрпақты мейірімділікке, адалдыққа, ізеттілікке, ақылдылық пен білімділікке жəәне де тағы басқа ізгі қасиеттерді үйретуге шақырады. Осыған дəәлел, Ыбырайдың «Қазақ хрестоматиясына» енгізген, тəәлімдік мəәні зор əәңгімелері: «Қара батыр», «Байұлы», «Жиренше шешен», «Тазша бала туралы ертегі», «Таза бұлақ» жəәне тағы басқа ұлы Ыбырайдың шығармалары. Осы «Қазақ хрестоматиясына» енген Ыбырайдың көркем шығармалары өзінің ағартушылық идеясына бағындырылған. Ол əәдебиетті бала санасына əәсер ететін, оны жақсы, өнегелі істерге үйрететін мықты құрал деп атап көрсетті. Осы арқылы ол өз заманының беталысын анық аңғарғанын, халық өмірін жаңа арнаға салуда білім мен тəәрбие мəәселесі қатар жүру керектігіне назар аударғанын көруге болады. Ыбырай əәңгімелерінің негізгі қайнары халық тұрмысынан алынған. Ол өмірді жəәне адам əәрекеттерін ешқашан дағдыдан тыс суреттеп, шындықтан алшақтамаған деуге болады, себебі Ыбырай əәңгімелерінің кейіпкерлерін шынайы өмірге тəән əәрекеттері арқылы бейнелеуді мақсат тұтты.

«Ыбырайдың əәңгімелері – тəәрбиенің қайнар көзі» деп айтуға толықтай негіз бар.

Себебі, оның көптеген əәңгімелері тəәрбиелік мақсатта жазылғаны бізге мəәлім. Ыбырайдың əәңгімелерін қарап отырып, оларды тақырып жағынан еңбек пен өнерге баулитын жəәне адамгершілікке тəәрбиелейтін шығармалар деп екі топқа бөліп қарастыруға болады. Ыбырай шығармаларының басты тақырыбы – еңбек. Ол еңбек адамның өмірі үшін ерекше маңызды рөл атқарады, еңбексіз өнер де, білім де қолға келмейді де еңбекті бірінші орынға қойып, тəәрбиі негізі адал еңбекте деп тұжырым жасайды. Осыған дəәлел, оның бұл тақырыпта жазған көптеген əәңгімелері бар.

Мысалы, «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Бай мен жарлы баласы», «Байлық», «ƏӘке мен бала», «Асыл шөп» жəәне «Қыпшақ Сейітқұл» сияқты əәңгімелері өзінің өнегелігімен ерекше мəәңгі тəәлім берер күші мол көркем шығармалар.

Жазушының келесі бір топ əәңгімелері адамгершілік тəәрбие мəәселесіне жазылған. Адамзат баласы шыр етіп жерге түскеннен бастап ата-ананың аялы алақаны мен ыстық ықыласына бөленіп өсетіні белгілі. Ата-ана баласына көптеген асыл қасиеттерді үйретіп, жақсы азамат болуын тілейді жəәне үміттенеді. Бұл тақырыпта да жазған Ыбырайдың əәңгімелері бар. Мысалы, «Бақша ағаштары», «Таза бұлақ» жəәне тағы басқа да əәңгімелерінде тəәрбиенің ізі жатыр деп толықтай сеніммен айтуға болады.

Қорыта келгенде, Ыбырай шығармалары қысқа мазмұнды болса да, олардың ішіндегі тəәрбие берер терең мағыналы сөздердің болуы, əәр əәңгіменің тағылымдық мəәніне ерекше көңіл аудару ұлы ағартушы Ыбырай шығармаларының өзіндік ерекшеліктері бар екенін анықтауға болады. Оларды түсініп оқыған адам ғана ұлы ұстаздың шебер тəәрбиеші екеніне көзі жетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.