Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңінің өзектілігі туралы ойларыңызды талдап жазыңыз.



25.«Сүйінбай мен Қатағанның айтысындағы» Сүйінбай қолданған бейнелі сөздер мен əәсірелеулердің көркемдік қуаты жайлы көзқарасыңызды дəәлеледер арқылы жеткізіп жазыңыз.

«Сүйінбай мен Қатаған айтысы» өнер өлкесіндегі саф алтын қазына болып саналады. Қазақтың бар баласы айтылатын бұл айтыстың мақсаты – елімізді, жұртымызды бірлікке шақыру. Өткір сынның үстінде тұрған Сүйінбай өрттей өршіген Қатағанға қалайша бейнелі сөздер мен əәсірелеулерді қолданып, өршелене өрлеп, жалтақсыз жауап қайырды? Мен осы сауалға өз көзқарасымды білдіргім келеді. 

     Сүйінбай озық ойлы, өткір тілді, сөзді астарлы оймен көркем жеткізетін айтыскер ақын. Өйткені, дəәлел ретінде «...Топ бастаған бұлбұлмын, Сөз бастаған жүйрікпін, Судан шыққан сүйрікпін, Бəәйгеден озған дүлділмін... Шығарма Қатаған үніңді!»-деп, Сүйінбай бірден Қатағанның мысын басып, қанатын қайырады. Міне, бұдан ақынның шалқар шабытын, теңеулерді ұтымды пайдаланғанын байқадым.

Бірден қарсылысының бетін қайтарды. Еңсесін тіктеуге мұршасын келтірмеді. 

Тұтқиылдан тұқыртуға ынталы екенін танытты. Міне, нағыз ақынға тəән қасиет.      Қатаған бір сөзінде өзін алмас болат қылышқа баласа, Сүйінбай өзін жай алмас құрыш қылыш емес, сабы алтыннан соққанын айтады. Бұл жерде, меніңше, Сүйінбай өз деңгейін биіктете, айбынын асыра түсті. «Қарсы шапқан қырғиға,

Ажалы жеткен торғайсың...,», «Ажалы жеткен қарғасың, Бүркітпенен ойнадың...», «Жауған қардай борайын, алды-артыңды орайын...» - деп, өнері шоқ болып қызып тұрған Сүйінбай қазақ елінің мəәртебесін көтеру əәрқашан абырой екенін танытты, шапшыған, шабытты Қатағанның аптығын басты. Ақын басынан бұлт аса алмас шың секілді көрінді. Осыған орай, менің ойымша, қазіргі заман айтыскерлерінде өткір тіл бар, бетке айту жоқ, жалтақтап, шенділерден қорқып, халық көкейінде жүрген мəәселелерді айналшықтап өтеді. Сірəә, жүрегі «Отан» деп соққан от тілді, орақ ауызды бүгінгі айтыскер ақындар Сүйінбайдан үлгі алса, игі үстіне игі болар еді. Сонымен қоса, əәсірелеу тəәсілін де шабытпен кəәдеге жаратады. «...Қабағын шытса Сүйінбай, Тарту қылып тартарсың, Қойныңдағы жарыңды. Айдап алып берерсің, Алдыңдағы малыңды, Малың түгіл барыңды!...» -деп, қарсылас ақынның намысына тиіп, ту сыртынан пышақ сұққандай əәсер берді. Өзінің намысын таптатпау үшін осы үдетулер сынды көркем де, мəәнді сөздер үлкен басымдылыққа ие. Бұл айтыста маған Сүйінбай ұстанған бағыт қатты ұнады. Өз күшіңе сеніп, сөз қадірін түсініп, намысты қолдан бермеуге жетеледі. 

 Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдірсем, сөздердің өткірлігі, қызулығы, көркемдік бейнелі сөздердің молдығы Сүйінбай айтысының бойында тұнып тұр. «...Қазақ деген батыр ел, Ешкімге намыс бермеген...» деп өзі айтқандай, Сүйінбай қазақ халқының беделін арттырды.    

 

 

26.Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңінің өзектілігі туралы ойларыңызды талдап жазыңыз.

Шортанбай Қанайұлы «Зарлаған заманның» өкілі. Өз заманының халқының жағдайын ойлап, өзекті мəәселелерді қозғайды. Осы өзекті мəәселе «Зар заман» ақынының жырында қалай көрініс тапқан екен жəәне қозғалған өзекті мəәселелер қазіргі кезде қандай деңгейге жетті?

Ақынның қозғаған бірінші мəәселесі – жеңілтек қыздардың мəәселесі. Менің ойымша, бұл мəәселе бүкіл əәлемді ойландырады. Соның ішінде, қазақ қыздарына мүлдем жат нəәрсе. Сөздеріме дəәлел ретінде мына бір өлең жолдарын мысалға келтірейін:

Қызың киді биқасап, тергеп кимей байқастап, Кешкі тұрым болғанда, құлан менен бұландай Үйде тұрмас ойқастап.

Бұл қыздардың басты жауы батысқа еліктеушілік. «ƏӘр ұлттың салты басқа, иттері қара қасқа» демекші, Еуропаға еліктеудің қажеті шамалы. Еліктеудің өзі жаман жəәне жақсы болады ғой. Шет елдің жаман жақтарына еліктегенше, жақсы жақтарын неге қайталамаймыз, айта берсек, таусылмайды. Мысалы, Жапония – дамыған технология елі, Еуропа – туризм елі, Түркия – сапалы киім отаны, тіпті Өзбекстанның өзі тəәуелсіздігін алмай тұрып 13 млн еді, қазір 30 млн-ға жетті. 

Екіншіден, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда, ашық аспанның астында тəәуелсіз еліміздің 1731 жылдан бастап Ресейдің қол астына кіруі. Ұланбайтақ жерімізге солтүстік кəәпірлердің, қиыр шығыстан корейлердің келуі халқымыздың таза қанын бұзды. Жеті атаға дейін қыз алыспаған ата-бабамыз ұлтымыздың генін жоғалтпай, ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде, ырым, тəәрбиелік мəәнін жоғары етіп қалдырды. Генетикалық жағынан қарасақ бұл дұрыс. 

Реформа мен қанаудан көз ашпаған халқымыз не көрмеді? Қазақ жері Ресей үшін «Еуропа мен Орта Азияға апаратын алтын қақпа» болса, Еуропа елдеріне «таза шикізат базасына» айналды. Ақын:

Кетейін десе, алды тар, тұрайын десе, кəәпір бар,

Қайсы бірін айтайын, қазақтың ұлы қамалды Қамалмай енді неғып тұр,. Тау басынан қазақ жаңылды,-

деп күйіне жырлайды.

Үшінші қозғалатын мəәселе жемқорлық пен халықты қанау мəәселесі.

Жарлының жаны берік екен,

Мал үшін он екі ай қой бағып, Жалғыз тоқты алады.

Жарлының тынышын

Құрттай санап мал алды, Ел қамқоры сандалды,-

деп байлардың кедейлерге деген арақатынасы туралы ашық айтады. Солардың

барлығы да бірінің ауызына бірі түкіріп қойғандай, билік тарапынан ширек ғасыр бойы қазақ ұлтына деген тасбауырлық пен қатігездік туралы отбасында, оңашада ашына айыптап сөйлегенде керемет те,ал баспасөзде, қоғамдық жиындарда, елдің алдына шығып сөйлеуге жұмылған ауыздарын ашпайтындары таң қалдырады. Сонда əәділет қайда? ƏӘлде президент елде болып жатқан жағдайды естіп-көрмей ме? Тəәуелсіздік алғаннан бері əәуелі «дамыған 50 елдің» қатарынан, сосын «дамыған 30 елдің» біріне айналдық. «EXPO 2017», «Рухани жаңғыру», əәрине, істеліп жатқан еңбекті айтпасақ болмас, бірақ бұл аз. Неге бізге Жапония, АҚШ, Ұлыбриятания секілді елдердің қатарына қосылмасқа? Осыған кедергілер көп. Қазақстанның шикізатты өндіріп, өңдегеннің орнына, шет елдерге өндіріп беріп, өзіміз он есе қымбат бағамен сатып аламыз. Қарыздарымыздың 15 млрд-қа жеткені, екінің бірінің басында кредиті бар екендігі өтірік пе? Жұмыссыз сенделген қазақ жастары көп. Осыдан кейін қалай шет елге жұмыс іздеп бармайды? 

Қорытындылай келе, санасыз қаракөз қыздарымыз есін жиса, еңбекқор қазақ жігіттері одан əәрі талаптанса, Қазақстанның болашағы зор деп үміттенемін. Ақынның мақсаты да, арманы да осы шығар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

27.Ш.Уəәлихановтың зерттеуші-ғалым екендігін еңбектері арқылы дəәлелдеп  Шоқан Уəәлиханов – ұлы ағартушы, қазақтың ғұлама ғалымы, тарихшысы. Этнограф Шоқан Шыңғысұлы Уəәлиханов қазақ мəәдениеті мен əәдебиетінің тарихында ерекше орын алады. Аса дарынды қазақ халқының ғалымы жəәне ағартушысының өмірі мен қызметі ерекше таң қалдырады деп айтуға болады, себебі Шоқан өзінің қысқа өмірінің ішінде ғылым саласында орасан зор табыстарға жетіп, қазақ ғылымының негіін салушы адам ретінде аты бүкіл əәлемге танылды.

Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде дүниеге келген. Жасында ауыл мектебінен мұсылманша хат таныған. Шоқан кейін орыс мектебі тəәрбиесінде өскен. Мектептегі оқуын бітірген соң, Шоқан Омбыдағы Кадет корпусына түседі. Кадет корпусы ағартушы-ғалым үшін ғылым саласындағы талантын ұштауда орны ерекше, себебі Шоқанның көптеген зерттеу жұмыстары Кадет корпусында оқып жүргенде жүргізілген болатын. 

Шоқан жазғы демалыс уақыттарында ел ішіндегі аңыз əәңгімелерді, халық жырлары мен поэмаларын жазып алумен шұғылданған. Осыған дəәлел, Шоқанның алғашқы жазып алған шығармаларының ішінде «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» жыры болған. Ғалым өзінің ерекше дарындылығымен көзге түскен болатын, сондықтан ол тек қана халық мəәдениетіне көңілін бөлген жоқ, сонымен қатар сол кезеңдегі саяхатшылардың өмірі мен ісіне қатты қызығушылық танытқан болатын. Осының арқасында ол саяхатшы болуды, соның ішінде Орта Азияны аралап, зерттеуді мақсат етіп қойған болатын. Өзінің мақсатын жүзеге асыру үшін Шоқан 1855 жылы Орталық Қазақстанды, Жетісу мен Тарбағатайды аралап, қазақ халқының тарихы мен əәдет-ғұрпы, діни ұғымдары жайында құнды материалдар жинап қайтады. Осыдан кейін Шоқан «Тəәңір», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» деген еңбектерді жазған болатын. 1856-1857 жылдары аралығында Шоқан Қырғыз елін зерттеу экспедициясына қатысып, кейін Құлжа қаласында болып, Жоңғария тарихын зерттеумен шұғылданады. Осы сапарлар барысында ғалымның танымал «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Ыстықкөл сапарының күнделіктері» атты еңбектері дүниеге келеді. Бұл еңбектерде жергілікті халықтардың тарихы, мəәдениеті, əәдебиеті жəәне қырғыздар Ұлы жүз қазақтарының этнографиясы жайлы сөз етіледі. Шоқанның бұл еңбектері оның ағартушы-ғалым ғана емес екенін, сонымен қатар зерттеуші-ғалым екенін дəәлелдей түскендей.

Қорыта келе, Шоқан Уəәлиханов қазақ тарихында қалдыран іздері əәрқашан кейінгі ұрпақтың есінде болады деп ойлаймын, себебі Шоқан – өз еліне шын берілген қазақ тұрмысын ардақтаушы үздік тұлға.

 

 

 

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.