|
|||
Майлықожа өлеңдерінде көтерілген мPселелер бүгінгі күні де өзекті болып отырғанын мысалдар арқылы дPлелдеп жазыңыз.№26. Майлықожа өлеңдерінде көтерілген мPселелер бүгінгі күні де өзекті болып отырғанын мысалдар арқылы дPлелдеп жазыңыз. Жыраулар поэзиясында ерекше орын алатын Майлықожа – өзі өмір сүріп отырған заманның озбырлық сырын түсініп, <ділет жолын жақтаған ақын. Ол дау мен жанжалды қоздырып, желікпе жетесіздер билеген заманды батыл сынайды. Майлықожаның шығармалары өз д<уірінің түрлі саласын қамтып, ел тұрмысына жаны күйзеліп, халық басына түскен қиыншылықтарға, жұт жылының ауыр қасіретіне қатысты көптеген өлеңдер арнаған. Олар – «Райымқұлға», «Қасқыр», «Ноғай мырзаға», «Үш жігіт» деген толғаулары. Бұл шығармалардың негізгі идеясы –адамгершілік ұғымындағы ғибрат сөздерді қамти отырып, қоғамдық <леуметтік қайшылықтарды д<л айқындап, оларды шешу үшін қоғам мүшелері биік адамгершілікті, еңбексүйгіш болу керек деп түсінеді. Мысалға, «Қасқыр» атты өлеңінде өзі тойса да, көзі тоймайтындарды қасқыр мінезді жыртқыш кейпінде суреттеп, <жуа етсе, «Үш жігіт» толғауында оңай байлыққа жетуді аңсау, қанағат етпеу – адамның бойындағы ең жаман қасиеттер деп, д<л осы жағымсыз мінездерден аулақ болуға шақырады. «Зар заман» д<уірімен тұстас өмір сүріп отырған Майлықожа тек заман қиындығын суреттеумен ғана емес, еңбек тақырыбында алдыңғы орынға қояды. «Бұлбұл» өлеңінде күнді босқа өткізбей, табыс табуды насихаттаса, өнері мен білімі асқан адамға зор сеніммен қарайды деп ой түйеді. Адамдықтың ең басты қасиеті – адамгершілік қасиет десе, оның ең биік үлгісі ата-ананы қадірлеуден бастау алып, адамды құрметтеу екенін арқау етіп отырады. Өлеңдері ақыл-нақыл мен қатар өсиет сөздерімен ерекшеленіп отыратын Майлықожа өлеңдерінде көтерілген м<селелер бүгінгі күні де өзекті болып отыр ма? Oның бізге беретін м<ні қандай? Өмірді сүрудің басты мақсаты – адал еңбек пен көркем мінез деп санайтын Майлықожаның өлеңдерін талдап қарасақ, менің ойымша, бұл м<селелер қазіргі күні де өзекті болып отыр. Себебі, біріншіден, қазіргі заманда да «азулының қолы асып, азусызға тарлық етеді» деп айтуға болады. өйткені, қолында билігі бар адамның ақшасы болса, б<рін сатып алуға дайын тұрады. Онымен қоса, қолында барын қадір тұтпай, өнер мен білімнен қарағанда байлығын жоғары қояды. Екіншіден, Майлықожа д<ріптеп кеткендей, адамның өзінің айналасындағы ағайын туыстарын сыйлап, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіре білуі – <ке мен шешенің балаға деген т<рбиесінің дұрыстығында жатқандай. Алайда, бұндай жағдай қазіргі кезде керісінше орындалып жатқандай...Ақын үміт артып кеткен оқығаны мен тоқығаны да мол, елі үшін еңбек етуге тартынбайтын ізгі азаматтар саусақпен санарлықтай ғана. Zрине, бұл бізді қынжылтатындай жағдай болыр отыр. Себебі, олардың істі орындауға құлшынысынан гөрі, өтірік айту, арам жолмен ақша табу ниеттері басым келеді. Сонымен қатар, адамға деген сыйластығы мен қарым қатынасын көріп қарның ашады. Алайда бұл қазіргі заманның шындығы. Қорыта келе, ақынның бұндай мұралары қазақ қоғамының бүкіл д<уірін қамтитындай. Қай заманды алып қарасақта, «заман қайтіп оңалсын» деп ашынып, түзеткіміз келетіндей. Алайда, адамдықтың ең асыл қасиетін бойымызға сіңіру, дұрыс жолдп жүріп, адал еңбекпен нан тауып, өмір сүру – өзімізге де байланысты екенін <сте естен шығармайық.
|
|||
|