|
|||
М. Жұмабаевтың «Сағындым» өлеңі мен С. Сейфуллиннің «Сағындым» өлеңін салыстыра талдаңыз№16 Сүйінбай Аронұлының қазақ, қырғыз еліне өткір тілмен, озық оймен танылғандығын мысалдар келтіре отырып, дPлелдеп жазыңыз.
Сүйінбай Аронұлы заманында асқан айтыскер болып танылған дара тұлға. «Ақындардың ақыны, Айдын көлдей ақылы», - деп Жамбыл айтқандай Сүйінбай қазақтың аса көрнекті ақын жырауы. Қаршадайынан қолына домбыра алып, өлеңді серік еткен жырау зорлық зомбылыққа, <ділетсіздікке ұшыраған қара халықтың жақтаушысы болды. Би мен бектің, атқа мінерлердің халыққа жасаған қиянаттарын алмастай өткір жырларымен естен кетпестей етіп бетіне басып, абыройын жер жастандырған. Ел бірлігін, оның т<уелсіздігін, сол жолдағы ерлердің жанқиярлығын талмай жырлаған ақын. Айтыс өнерімен танылып жүрген Сүйінбай тек қазақ елінде ғана емес, қырғыздарда Қатаған, Арыстанбекпен тең түсіп отырған. Ал қазақта Тезек төре, Қаңтарбай, Кескенкекіл, Т<тті қыз, У<зипа, Жантаймен айтысқан. Өкініші, бұл айтыстардың біразы сақталмаған екен. Алайда осы айтыстардың қай қайсысында да Сүйінбайдың ақындық мұраты айқын көрінеді: байды шенеп, кедейді жақтайды; ел арасындағы бірлікті жырлайды; <ділдік пен батырлықты д<ріптейді. Бұл айтыстар Сүйінбай Аронұлының сөзге ұтымды, мін тағуға шебер, ақылды шешен болғанының д<лелі. Халық жадында Сүйінбай ақын ұлт рухын асқақтатар мінезді жырларымен сақталған. Ақын «толғауы тоқсан қызыл тілдің» кұдыретін мейлінше молынан пайдаланады. Соның н<тижесінде ақынның сөзі асқақ естіліп, рухы биіктен көрінеді. Ол дауды сөз, жауды батыр алатынын біледі. Бұл оның өміріне серік, өнеріне көрік берген ұстанымы. Ал осындай ақынның өткір тілмен танылған жері қайсы? Қырғыз бен қазақ еліне озық ойды қалай д<ріптеді? «Хандарың отыр қысылып, «Көппін» деп маған айтпай ақ қой Баймын десең жетпей ме?! Асқаралы тау мен едім, Адырмақ тау сен едің» деп ақиық қырандай құйылып келіп, даланың жел ілеспес с<йгүлігіндей құйын перең көсіліп, құйғыта шабуында осы м<нер, осы ұстаным арқылы жеткізгенін аңғарамыз. Сүйінбайдың ең бір дарынды адам екенін танытатын жері Қатағанмен айтысында еді. Жырдың қуаты алпыс екі тамырыңызды кезіп, ішіңізде <лдекім сарыала тілін салқитып тандыр өртеп жатқандай күйге бөлейтін бірден бір айтыс десек те болады. Сондықтанда: «Шығарма енді үніңді, Есіңе сақта құлаған, Қанатың сынған күніңді. Қырғыз, қазақ жиылып, Жалпылдатпа мұныңды!», деген атақты Қатағанмен болған айтысында басымдылықпен түсіп, Қатағанның абыройын айрандай төгеді. Қорыта келе, қазақ халқының дара да дана жырауы болып табылатын Сүйінбайдың шешендігі, өткір тілділігі мен озық ойлылығы түркі тіолес тайпаларына таныта отырып, оның асқан ақылдылығын танытады. Сонымен қатар, тек танылып қана қоймай, оның бізге қалдырып кеткен өнегесі мен ақыл өсиеті бізге өмірлік азық іспеттес.
№17«Таныстыру» поэмасының желісі арқылы Сұлтанмахмұттың қазақтың оқыған зиялылары туралы көзқарасын дPлелдер арқылы талдап жазыңыз.
Жиырмасыншы ғасырдың басында қазақ тарихында елеулі оқиғалар орын алды. Ол қазақ халқының ойы озық, көкіргеі зерделі көрнекті өкілдері ел тағдырына, ата баба заманынан жалғасып келе жатқан еркіндік үшін жан беріскен кезең болды. Сол ғасыр қазақ халқының қоғамдық, <леуметтік, м<дени ж<не рухани өмірінде болып жатқан өзгерістер мен адамгершілік, демократтық, ағартушылық идеялардың жаршысы болды. Қазақ халқы өзінің іргелі ел болуға, өнер білімге шақырған ақын жазушылардың жан айқайына құлақ түріп, оянуға бел буған еді. Өйткені олардың үні сол заманның талабына сай, халық тілегіне жауап беретін еді. Сонымен қатар, еркіндікті аңсаған қазақтың егеменді ел болуына Алаш деген атты арқалап жүрген зиялылар А.Байтұрсынұлы, Z.Бөкейханов, М.Дулатұлының еңбегі зор. Міне, т<уелсіздік жолында басын құрбан еткен Алаш азамтаттарының ерлігін, еліне сіңірген қызметін насихаттай отырып, халыққа таныстыру мақсатында қазақ халқының біртуар ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров «Таныстыру» поэмасын жарыққа шығарды. Ал осы шығармада ақын зиялылар бейнесін қалай суреттейді? Кімді д<ріптеп, еңбегін үлгі тұтады? Қазақ <дебиетінде көрнекті орын алатын бұл поэманы ақын қазақ даласының ұлы тұлғалары Абай, Ш<к<рім сынды даналар мен Алашорда үкіметінің қайраткерлері, жүректерінде намыс оты лапылдаған зиялыларын таныстыру мақсатында жазады. «Дулатов, Байтұрсынов, Бөкейханов Білемін бұл үш ердің айтпай жайын Кешегі қара күнде болмап па еді, Бірі күн, бір шолпан,бірі айым. Солардан басқа кеше кім бар еді, Қазақ үшін шам қылған жүрек майын»,- деп олардың қазақ үшін шырылдап жүрген ерен ерліктерін суреттейді. Сонымен қатар қаламгер өзінің үлгі тұтып, өнеге санайтын Абай мен Ш<к<рім туралы ой қозғап: Абайды дейік биік бұлтқа жетті, Аз ілімі жетуіне ж<рдем етті. Алты Алашқа атағы айқындалып, Сүйікті, тағзым мінді, суретті,- деп Абай атын барлық ақындардың басы деп д<ріптеп, оның еңбегін жоғары бағалап биік қояды. Ал Ш<к<рімді «ертеден бұл алашқа аты м<лім, ерте оянған кісінің бірі осы» дей келіп: Демеңіз тымақ киген жай бір қазақ Киген киімі, жүрісі, түріне қарап, Надандар оны өлшейтін өлшеуің жоқ Аулақ жүр, біле алмайсың жай шамалап! деп таныстыра отырып, оған деген көзқарасы жоғары екенін суреттейді. Менің ойымша, С.Торайғыров бұл өлеңі арқылы бір жағынан Алаш қайраткерлерінің қандай жан екенін, халыққа атқарып жатқан істерінің зая кетпегенін халыққа таныстыру мақсатында жазса, ал екінші жағынан сол қоғамдағы қарама қарсы тұлғалардың іс <рекетін <шкерелей отырып, оларды қаралайды. Себебі, өтірік халыққа жақсы атты болып, сыртынан іс тындырып жүрген, басшылыққа ұмтылған адамдар жайында айтып өтеді: Топ берме, құр даурықпа, жеңіл ақыл Көрмегенсіп жүретін жұртты мақұл. Болмаса ақкөңілсіп жылайтыны Тіпті ғылым, таланттан бойы тақыр. Осы арқылы олардың іс <рекеттеріне өзінің қарсылығын білдіре отырып, бізді осындайдан аулақ болуға т<рбиелейтіндей. Қорыта келе, бұл поэмада қаламгер халықты білімді, ел қамын ойлайтын көшбасшылардың жанына бірігуге үндей отырып, зиялыларды мақтан тұта білді. Бірақ өкінішке орай, бұл шығарма сол заманда ұлтшылдық сарын басым деген атпен жабылып, тек еркіндікке қол жеткізген жылдары ғана өз мақсатын орындай алды деп ойлаймын. №18. М. Жұмабаевтың «Сағындым» өлеңі мен С. Сейфуллиннің «Сағындым» өлеңін салыстыра талдаңыз «Қазақ <дебиетінің асыл жауһарларының ішінде бір сыршылдығымен, бірі шыншылдығымен айрықша көзге түсетін талантты ақындардың бірі Мағжан болса, екіншісі С<кен еді» деп айтқандай-ақ, қазақтың қара маңдайына біткен бұндай дара тұлғалар туған жері мен елінің бостандығы жолында аянбай күресті, ақтық демі қалғанша «Алашым» деп ұлттың азаттығын алдыңғы орынға қоя білген жандар еді. Оның д<лелі, «Сауықшыл есіл елім-ай, Сарыарқа сайран жерім-ай!» деп туған жері туралы жырлаған екі ақынның «Сағындым» атты өлеңінен көруге болады. Абай үлгісінен н<р алып, өзінің шығармашылық ортасында ақындық бетін айқындап, Міржақып ықпалымен күллі ел жұртқа азаттық келбетін таныта білген Мағжан өмір жолында таза ұлтжанды тұлғаға айналады. Елдің елдігі уыздай ұйыған бірлікте деп түсінген ақын өзін Алаш үшін құрбан етуге даяр тұрады: «Не көрсем де, Алаш үшін көргенім; маған атақ ұлтым үшін өлгенім!» деп тіпті Омбы түрмесіне қамалады. «Абақты да айдан, күннен жаңылдым, Сарғайдым ғой, сар даламды сағындым. «Қарашығым, құлыным!» деп зарлаған Алыстағы сорлы анамды сағындым»,- деп абақтыда жатқан кезінде ішіндегі мұң шерін өлең арқылы жеткізеді. Бұл өлеңінде ең алдымен туған анасын сағынып зарланса,одан кейін ғұмыр бойы бұлт арылмаған бостандық күнді аңсайды. «Туған жерді Мағжаннан көп, онан артық суреттеген қазақ ақыны кемде-кем шығар» деп Ж.Аймауытов айтқандай, Мағжан туып өскен жерінің, екінші анасындай болып кеткен табиғат аясын, бауырында өскеннен кейін Сарыарқасын сағынбай тұра алмайды. «Қазағымды, қалың елді сағындым, Сарыарқамды сайран жерді сағындым. Балдай бұлақ, мөлдір күміс көбікті, Арқадағы айдын көлді сағындым»,- деп кіндік қаны тамған жерін, оның жан жолдасына айналған жүйрік желіне дейін, атқан таңын, батқан күнін аңсайды. Осы өлең арқылы өзінің мауқын басып, б<рін еске алу арқылы бізге жеткізгендей. Мағжандай ақынмен қатар тұратын сыршыл сезімге толы, қазақ поэзиясындағы лирик ақын С<кенде туған даласы Сарыарқаны сағына жырлаған. Ол «Сағындым» өлеңінде: Мал бағып, шауып ойнаған, Үйреткен асау байлаған... Сарыарқа сары белі бар, Өрісті шалқар белі бар Сағындым мен аулымды... Сағындым бейбіт елімді Сағындым Арқа жерімді,- деп сағынышын жыр арқылы жеткізеді. Туған дала төсінде жүрген шақтарын сағынып, табиғат аясындағы сезімінің сұлулығы мен тұрақтылығын, оны ардақтау, қадірлеу идеясын жеткізеді. Ал осындай сыршыл ақындардың, Мағжан мен С<кеннің өлеңінде қандай үндестік бар? Бұл өлеңдерде ақын адамның ішкі сезімі қалай жеткізілген? Менің ойымша, ақындар жырларына ғұмыр бойы арқау еткен дала келбеті мен кіндік қаны тамған жері Сарыарқаға деген сағынышын жеткізу, екі ақынның да өлеңдеріне арқау болады. Қазақ поэзиясының жаны мен жүрегіне арналған «Сағындым» өлеңінің тағы да бір ұқсастығы туған жерімен қатар, жүректері Алаш деп соғып, қазақ еліне деген сағыныштарын жеткізуі деп білемін. Елінің бостандығын аңсап, азаттықты аңсау екі шығармада да үндестік табады. Сөз соңында айтарым, С<кен мен Мағжан өлеңдеріндегі сөз қолдану шеберлігі екі ақын мұрасын етене жақындастырып тұрғандай. Сонымен қатар, туған жерге, халқына деген махаббатын жырға қосып, елге деген сағынышын білдіру, қазақ топырағындағы жырымен өрнек үлгісін паш ете отырып, махаббатын сағынышы арқылы білдіру С<кен мен Мағжан жырларында үндестік тауып тұрғандай. Осы арқылы бізге ел мен жерді қастерлеп, қадірлеудің үлгісін көрсетіп кетті.
|
|||
|