|
|||
Дулат Бабатайұлының Еспембет поэмасы мен батырлар жырындағы өзара үндестік.№20 Дулат Бабатайұлының Еспембет поэмасы мен батырлар жырындағы өзара үндестік. Қазақтың батырлар жырының қайсысын алсақта, б<рінде де ел бірлігі мен Отан қорғау м<селесі бірінші кезекте тұрады. Батырлардың ойы мен арманы ел мұңымен, халық тағдырымен ұштасып жатыр деп М.Ғабдуллин атап өткендей, батырлар жыры ауыз <дебиетінің қомақты да асыл мұрасы. Оларда елін сыртқы жаулардан қорғау, елдігін сақтау үшін көзсіз ерлікке бару мұраты басым. Осындай патриоттық м<ні зор дастанның бірі – Д.Бабатайұлының Еспенбет жыры. Дастандағы басты кейіпкер Еспенбет – батырға т<н өзінің жанқиярлық ерлігімен көрінеді. Оны ақын: «Еспенбеттей ер туса, Ер күтетін ел қайда» деген жолдармен жеткізеді. Бұл ақынның елге тірек ер, көсем шықса, халық соның қасынан табылса деген идеясын алдыға тартады. Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол деген аталы сөз Еспенбет бойындағы өр рухтың қайнар көзі болып табылатыны анық. Себебі, оның ерлік ісінің бастау алар кезеңі балалық шағындағы арманы мен үмітінен басталады. Хан-сұлтандар қазан бұзар үй тентекке айналған заманда, ер мен елдің идеясын халық көкейіне жеткізбек болған Еспенбет пен батырлар жырындағы Қобыланды, Тарғын, Алпамыс сияқты қамал бұзар ерлердің арасында қандай үндестік бар? Оларды не байланыстырады? Қазақтың батырлар жырында қанды тарихи оқиғалардың ізі жатыр. Менің ойымша, ең алдымен оларды біріктіретін күш – халықтың арманы, мақсаты мен мүддесі. Себебі, мұнда қозғалатын басты м<селе елді жаудан қорғап, Отаныңды адал сақтап қалу. Ал екіншіден, қай жырды алып қарасақта батырлар елін сүйген, атамекенін, халқын, оның ар-намысын қорғау үшін ерлік істер атқарып, т<уелсіздік жолында тек батырлығымен емес, ақыл-парасаты мен тапқырлығын, көрегендігін, м<рттігін өз замандастарына үлгі етіп қалдырады. Міне, осы жағдайлар батырлар туралы дастандарда үндестік тауып, тізбектей жалғасып келеді. Қорыта келе, дастандағы Еспенбеттің <рбір ерлігі мен батырлар жырындағы елдік істер б<рімізді таңқалдырып, үлгі болып қана қоймай, елін, жерін жаудан қорғау туралы ойлауға түрткі болады. Мұндай шығармалар егіз туындыдай ұрпаққа м<ңгі өнеге болып қалды.
|
|||
|