|
|||
Ш.УPлихановтың Pдебиетші-ғалым ретінде қазақ ғылымына қосқан үлесін дPлелдер арқылы жазыңыз.№27. Ш.УPлихановтың Pдебиетші-ғалым ретінде қазақ ғылымына қосқан үлесін дPлелдер арқылы жазыңыз. «Құйрықты жұлдыз секілді, Туды да көп тұрмады. Көрген, білген өкінді, Мін тағар жан болмады»,- дейді хакім Абай. Сондай құйрықты жұлдыз секілді жарқ етіп, лезде жылт етіп жоқ болып кеткен тұлға – Шоқан У<лиханов еді. Жастайынан халық мұрасына сусындап өскен Шоқан <дебиет, оның теориясы жөнінде сол кездің өзінде-ақ көптеген тың пікірлер, тұжырымдар жасап, өз халқының тіршілігі мен м<дени дамуының жағдайларына көптеген өзіндік үлес қосқан. Қазақ поэзиясының халықтық сипаттары жайлы жаңаша көзқарас танытып, тың ой пікірлер білдіреді. Халықтың рухани серігі болған поэзия туралы ол: « Бұл халықтың ертеден өзіне т<н тұрмысында есте қалдырмаған бірде бір маңызды оқиғасы, бірде бір тамаша адамы жоқ деуге болады. Олардың бірін суырыпсалма ақындар не жыршылар жыр емес, екінші біреулерінің атын кейінгі ұрпақ естерінде ұмтылмастай етіп белгілі бір сыбызғышы не қобызшы музыканттар тастап кеткен» деп жазады. Ал осы ғалым ретінде Шоқан қазақ <дебиетіне қандай үлес қосты? Өзінің ғылыми жазбаларына нені арқау етті? Қазақ өлеңдерінің халықтығы жайлы кұнды пікірлер білдіруде Шоқан халық <дебиетінің бағалы нұсқаларын жасай білген ж<не ауыз <дебиетінің таңдаулы үлгілерін жырлаған Орынбай, Шөже, Жанақ, Арыстанбай, Құрымбай сияқты ақындардың еңбектеріне жүгініп, мысалдар келтіреді. Сонымен қатар қазақ поэзиясының жанр, түр, өлең құрылысын зерттей келе, мұндай ғажап дүниені орыс ғалымдарына таныстыруды мақсат тұтқан. Ол қазақ өлеңдерін: жыр, жоқтау, қара өлең, қайым өлең, өлең деп бес түрге бөледі. Өлең құрылысын жыршылардың қобыз не домбыраға қосып айтуына қарап жүйелеген.өлеңге, <сіресе, суырып салма өлеңге бейімділік барлық көшпелі елдердің өзіне т<н ерекшелігі екенін анықьайды. Қазақ халқының ауыз <дебиеті мұраларын жинап, зерттей келе, Шоқан олардың славян халықтарының, соның ішінде, орыстардың ауыз <дебиетімен байланысын ашып, д<лелді мысалдар келтіреді. Ол « Жоңғария очерктерінде»: « Көп уақыттан бері қазақтың ертегілерін, мифтерін, этникалық жырлары мен аңыздарын жинаумен шұғылдана жүріп, мен олардың Еуропа халықтарының, <сіресе славяндардың осы тектес шығармаларымен бір сарындастығына қайран қалдым» деп көрсетеді. Орыс қазақ ертегілерін, мақал м<телдерін салыстыра отырып нақты д<лелдейді. Мысалы: өмір шындығының с<йкестігі <дебиеттеде тақырып, сюжет ұқсастығын туғызатындығын ғалым қазақ пен араб поэзиясын салыстыра отырып, дала өмірін жырлағанекі елдің бір біріне ұқсастығын, көшпелі ел тұрмысы сұлу табиғат, рулық тартыс, қайшылықтарды суреттеуінен анық көрінетінін айтады. Zсіресе, бұл халықтарда өлеңді суырып салып айту өнерінің ерекшелігіне назар аударған. Қазақтың шешен билері жайында құнды пікір білдіре отырып, олардың дауды шешкендегі <ділдігі мен сөздің түбін түсіретін сөз шеберлігіне қайран қалады. Шоқан қазақ халқының ауыр тауқыметін жеңілдеті жолын іздеп, ойластырған. Оған бар ынтасы мен ұмтылыс та жасап көреді. Шоқанның өзі туған халқы алдында сіңірген еңбегін бірер сөзбен былай түйіндесек болады: ол халқын өзін өзі тануға, өзін өзі түсінуше шақырды, сөйтіп, арманының орнына барынша ғылымды игеру м<селесін қоя білді. Қорыта келе, Шоқан « Өмірдің жоғары үлгісі» туралы көзқараста болды. Өзінің ғылымның қай саласы болмасын зор үлес қосып, келешек ұрпаққа сенім артып кеткендей. Ол аз ғұмыр сүрсе де, оның артынан жаңаша көзқараспен қазақ тарихын зерттеуге қадам жасайтын, ынтасы мол жас буын, жаңа толқын келеді дегенге к<міл сенген. Сол жолда дарын тарихшы мамандарды көбейту, бағдарымызды ізгілікке бастау үшін мақсатты нақтылыққа бастайтын іс қимылда үлгі боларлық тұлға болсын деп тілейік.
|
|||
|