Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жамбыл мен Құлмамбет айтысының» идеялық-мазмұндық жағынан айтыстың ерекше түрі екенін дPлелдеп жазыңыз.



№21 С.Жүнісовтің «Заманай мен Аманай» повесіндегі қарт Томар-Омардың Балзия мен Аманайдың елге жетуіне күмPн тудыруының себептерін талдап жазыңыз.

«Заманай мен Аманай» шығармасы бізге С<укеленің байырғы тарихынан сыр шертеді. Мұнда жетпіс үшке толған,мүшел жастағы <же Балзия мен оның немересі Аманай басты кейіпкерлер ретінде бейнеленген. Себебі,<ңгіменің негізгі бөлімі осы екі кейіпкерден басталады.Ол екеуі жер жаннаты Жетісуды іздеп тау аспақшы болады. Бірақ қаусаған к<рі адамға Жеісуды іздеп не пайда? Неліктен Балзия немересі Аманайға «С<укеле» тауы жайлы айтты?Zрине,оның бір ғана себебі бар.Ол – Балзияның туылған жері. Аманай да Жетісуда туылған болатын. Бұл шығарманы оқи отырып бізде мынадай сұрақ туындауы мүмкін: Томар – Омар неге Балзияның елге жетуіне күм<нданды? Ол Балзия <жейге кім болып келеді?

Жалпы туындының негізгі ой түкпірі – патриотизм,яғни туған жерге деген сағыныш,туған жерге деген ыстық сезім. Қойылған сауалдарға оралар болсақ.Томар-Омар Балзияның көршісі, жақын араласып жүретін қарт досы десек те болады. Томар-Омар күм<нд<ну себебі – Балзия жетпіс үш жастағы <же, бір өзі кішкентай баланы қасына ертіп алып, ауырып, төсектен <рең тұрып, <рең жүргеніне қарамастан, аштықты ескерместен сонау алыс Жетісуға жолға шығуы еді. Ал Жетісуға барар жолда алдыда биік асу бар. Ол – С<укеле тауы.Оның басын адам өте алмайтындай м<ңгілік мұздықтар алып жатыр. Солай болғанның күннің өзінде де Балзия мен Аманай батылдық танытып, бұл асуды да бағындырады. Аманай тек батыл ғана емес, сөзге берік, ержүрек, ақылды бала болған. Оның сөзге беріктігін «...ішіңде қалсын»,-деп <жесі айтқанда, ол намысқа тырысып, ешкімге тіс жармағандығынан аңғара аламыз. Оның да жүрек түпкірінде ашылмаған, белгісіз қырлы туған жерге деген махаббаты жатыр. Сондықтан болар, <жесімен бірге қыр асыл,тау басты...

«Отанды, ұлтты, <дебиетті, оның болашағын сүю үшін көп айқайдың керегі жоқ.

Тынымсыз, жанашыр, табанды <рекет керек»,-деп Шерхан Мұртаза атамыз айтқандай, бұл <ңгімеден Балзияның қанша ауырса да, жаны қиналса да оның б<ріне мойымай төтеп беріп, өнері келген шағын сезіп туған жеріне бастап барар жолын тапқандылығынан оның табандылығын, қайсарлығын, көрегендігін біле аламыз.Ал оқиға соңында болса, оның жартастан құлап, су ағынымен туған жерінде көз жұмғандығы баяндалады.

Қорыта айтар болсақ,басты кейіпкерлердің бірі Томар-Омардың да қорыққаны осы болатын. Сонымен қатар, бұл шығармада қорқыныш пен қатар бізге сенім мен туған жерді жаныңнан артық сүюді үйретіп, бойымызға дарығандай.

 

№22 Махамбет поэзиясында арман, тілек,аңсау сарындары бар екенін дPлелдеп жаз.   Махамбеттей отты ақынның шоқтай түсіретін поэзиясы ұлтына ұран болған, рухы биік поэзия. Ол – өз д<уірінің үні.

Ақын жырлары халқын табандылыққа, жауға мейірімсіз болумен қатар қиыншылықты жеңетін қайсарлыққа т<рбиелейді. Оны асыл сөздің кені, көркем тілдің ұстасы, ерлікке үндейтін жалынды үгітшінің ойынан туындаған мұра дер едім. Сонымен қатар, өмір шындығын терең бейнелей алған ақын жырларында арман мен тілек, аңсау сарындары қалай берілген? Оның м<нісі қандай? Сол үшін де жорық ақынының мұны қалай жеткізгенін бірге талдап көрейік. 

 Негізінен, ақын жырларын алып қарасақ, бұның б<рі де елі мен жері үшін көтерілген ұлт азаттық қозғалысқа байланысты еді. Ата қоныс жер үшін, елінің бостандығы, халық т<уелсіздігі оның аңсары ауған арманы болса, ал сол елдік пен ерлікке қол жеткізу оның мақсатына айналды. Сөзімнің д<леліндей, ақынның халыққа бостандық <перу жолы оңай емес екенін, ең қиямнет қайым іс болатынын ашық айтқан Ереуіл атқа ер салмай деген өлеңінде анық байқаймыз, Сары бала қара қазан қамы үшін қолға егеулі найза алып, беркініп садақ асынып жалпы қазақ ұлтын біріктірудіі мақсат ету жолында күрескенін, арман сарынын көруге болады.

Ағайынның басы еді, Алтын ердің қасы еді,-

 деп д<ріптеп өткен Исатайды Махамбет көтеріліс басшысы ретінде көреді. Екеуі елдік жолында күрескен шынайы халық батырлары болатын. Алайда Махамбет алдыға қойған мақсат пен борышты жүзеге асыра алмады. Себебі, Исатайдай туған ер жанқиярлық ерлік кезінде қапияда көз жұмады.

Менің ойымша, міне, осы кезеңде Махамбет жырлары енді аңсау сарынына түседі. Аға орнына аға болған Исатайы мен Ж<ңгір ханнығ тепкісін көріп, кіндік қаны тамған жер туған жері Еділ Жайығын, Нарынын сағына бастайды, Көтеріліс туы жығылып, ақынның тауы шағылады. Өмірден түңіліп, жалғыздыққа с<л бой алдырады.

Мұнар да мұнар, мұнар күн, Бұлттан шыққан шұбар күн,-

деп өзінің бүкіл жан дүниесіндегі алапат сезімдерді өлеңмен сыртқа шығарады. Айналаны қараңғы тартқан түнекке балап, өткен күнді жарық с<улеге теңейді. Алайда, қаншалықты сағыныштан сарғайғанымен де өткенді қайтара алмайды.

 Қорыта келе, Махамбет жырларында үміт пен алдамшы сезім, өлім мен өмір, арман мен мақсат қатар жүріп, ақынның өмірін бізге таныта түседі

 

№23. «Жамбыл мен Құлмамбет айтысының» идеялық-мазмұндық жағынан айтыстың ерекше түрі екенін дPлелдеп жазыңыз.

«Жамбылдың халықтың ақындық д<стүрлерін сақтаушы ретіндегі зор таланты, оның айқын дүниетанымы қазақ <дебиетінде артынан асыл мұра қалдыруға септігін тигізді» деп Л.Соболев айтқандай, Жамбыл ақын өрелі жырдың өрнегін кестелеп кеткен дара тұлға. Ғасырлар бойы ел жадында жатталып келе жатқан халық жырын сүйіп өскен ақын осынау құнарлы топырақта қанатын еркін сермеп, көкке самғайды. «Он бесте ақ домбыраны алдым қолға, 

Тең басқан төрт аяғын болдым жорға.

Ақынды ауылға ермек басып озып, 

Жұлдыздай көзге түсіп, жылтылдадым», деп өзінің ақындық өнерін жоғары бағалайды.

Жамбылдың осындай өнері арқылы танылған айтыстары бұрыннан келе жатқан д<стүрді кеңейте, жаңа д<режеге көтерген шығармалар. Оның айтыстарынан оның қиыннан қиыстырып, сөз табатын, үлкен қоғамдық м<селелер көтере отырып, халық мүддесіне табан тіреген хас шеберлігі сезіледі. Ақын жастайынан Айкүміс, Сарбас, Досмағамбет, Шашубай, Сары ақынмен айтыстары ел жадында сақталып, тапқырлығы, шешендігімен халықтың ыстық ықыласына ие болған. Zсіресе, соның ішінде, Жамбылдың атағын шығарған Құлмамбетпен айтысы ерекше көзге түседі. Ал не себепті бұл айтыс мазмұны жағынан ерекше болып табылады? Оның қандай артықшылықтары бар? Осыны бірге талдап көрелік. Айтысты зерделей зерттей келе, мен бұл айтыстың өзгелерге ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктері бар екенін байқадым. 

Біріншіден, екі ақында бірінен бірі асып түсетін өнер майталмандары. Бірақта бұл айтыста Жамбылдың жеңіп шыққан себебі, оның сабырлығы мен қарсыласының күші мен сөз шеберлігін бағалай алуында деп білемін. Бұған дейін ешкімнен беті қайтпаған Құлмамбеттің арынды сөздері <у бастан ақ төпелей түсіп, кімді болса да састыратындай еді. Жамбылды көрген беттен з<ресін ұшырмаққа бет қаратпастай айбарын көрсетіп, Жамбылды не түрлі жаман атаулыға теңейді. Содан барып, ел жуандарының байлығын тізбелеп мақтауға көшеді. Алайда осы сөздеріммен жеңдім деп масаттанып отырған ақынды Жамбыл ірі сөйлеп, астам мінез танытқан Құлманбеттен өзінің шындыққа негізделген тасқынды өткір өлеңдерімен басым түседі.

«Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт, Ел бірлігін сақтаған татулықты айт.

Қарынбайдай сараңдар толып жатыр, Оны мақтап <уре болмай, жөніңе қайт»

деп Жамбыл Құлмамбеттің мақтаған байлары мен саудагерлеріне қарама қарсы ел т<уелсіздігі үшін күрескен Сұраеншы, Саурық батырларды нағыз халық қалаулары деп көрсетеді. Бұлардыі қасиетті есімін ардақ тұтып, Құлмамбет д<ріптеген байлардың шетінен озбыр, надан болғанын мінездеп береді. 

Екіншіден, бұл, менің ойымша, <рбір ақын өз руын мақтайтын салтқа қарсы жасалған жаңа бетбұрыс еді. Сонымен қатар, қазақтың айтыс өнеріндегі жаңаша көзқарас пен өзгелерге ұқсамайтын өзіндің ерекшелігі деп есептеймін. 

Үшіншіден, бойындағы сабырлық мінезін таныта отырып, қарсыласын жеңу мақсатында емес, халықтың асыл мұралары шежіре, аңыз, тарихи оқиғаларды айтыс шеңберіне кірістіріп, оған дастандық мазмұн сыйғызып, халыққа д<ріптеуі, айтыстың тағыда бір ерекшелігі деп атап өтуге болады.  

Қорыта келе, ауыз <дебиетінің көркемдік д<стүрінен үлгі алған Жамбыл мен

Құлмамбеттің айтысын халықтың айнасы, <рі нағыз айтыс шеберлігі деп атауға болады. Жаңашылдықты көздейтін ақын осы айтыс өнерінде ерекшелігімен танылып, халықтың санасында жатқан м<селелерді қайта жаңғыртқандай <сер қалдырды. Сонымен қатар, тарихта аты қалған ұлы тұлғаларды танытып, бізге өнеге болсын деп осындай асыл мұраны қалдырып кеткендей.  

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.