Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Ш.Қанайұлының шығармаларындағы зар заман келбеті мен қазіргі заман сипаты.



№24 Ш.Қанайұлының шығармаларындағы зар заман келбеті мен қазіргі заман сипаты.

«Мына заман қай заман?» деп жырлаған Шортанбай ақын заманы Ресей патшалығы отаршылдығының күшіне еніп, қазақ өлкесін емін еркін билей бастаған тұсы еді. Шортанбай Қанайұлы қазақ халқының т<уелсіздігін құртып, еркіндігінен айыра келген отаршылдыққа наразылық білдірген ақындардың бірі еді. Ақын аузынан төгілген «Зар заман» жыры кейін тұтас д<уірдің атына айналғандай. Себебі, мұндағы ақынның айтқаны: заман бұзылды, атаны бала, ананы қыз тыңдамайтын болды, байлар зорайып, бұқара халыққа озбырлық көрсетіп, мансапқұмар адамдардың пасықтығы мен пысықтығының тоқтауы болмады дегенді жеткізеді. Жастар т<рбиеден танып, ата жолын кесер ұл мен қыздың өсіп келе жатқанына налиды.

Менің пайымдауымша, бұл белгілер қазіргі заманмен ұқсастығы бар ма? Бар болса қандай?

Заман көркі жастар болса, екі заман кезеңіне салыстыру талдау жасайық. 

Біріншіден, қазіргі заманда да азулының қолы асып, азусызға тарлық етеді деп айтуға болады. Себебі, қолында билігі бар адамның ақшасы болса, б<рін сатып алуға дайын тұрады. Екіншіден, жастар еліміздің болашағы, келер күннің айнасы деп айтқанымызбен, бүгінгі жастар бойынан іліп алар жақсы қасиетті дөп басып айту қиын. Олардың тіл шорқақтығы мен м<дениетсіздігін былай қойғанда,адамға деген сыйластығы мен қарым қатынасын көріп қарның ашады. 

Зар заманның белгісі,

Ұлың көңілің бір бөлек,

Қызыңның көңілі бір бөлек Өзіңнің көңілің бір бөлек...

деген жолдарынан ақ зар заманша ұқсастықты байқаймыз. 

Қорыта келе, ақынның бұл мұрасы қазақ қоғамының бүкіл д<уірін қамтитындай. Қай заманды алып қарасақта, заман қайтіп оңалсын деп ашынып, түзеткіміз келетіндей.

№25 Майлықожаның жыл мезгілдеріне арналған өлеңдеріндегі табиғат пен адамзат тіршілігінің бейнеленуі.

Жыраулар поэзиясының сапа жағынан да, мазмұны мен тақырыбы жағынан да жаңа сатыға көтерген басты өкілдерінің бірі – Майлықожа Сұлтанқожаұлы. 

Ол – өзі өмір сүріп отырған заманның озбырлық сырын түсініп, <ділет жолын жақтаған ақын болатын. Өз шығармаларында да адамгершілік қасиеттерді д<ріптей отырып, жақсылыққа үндейді. 

 Зар заман д<уірімен тұстас өмір сүрген Майлықожа заман қиындығын суреттеп қана қоймай, табиғат құбылыстары мен көріністері туралы ой толғап, оны өз жырларына ақындық шабытпен арқау еткен. Негізінен табиғат адам баласының еңбек етіп, өмір сүретін ортасы болуымен қатар, сыршыл ақындардың өлеңдерінде н<зік өрнектей өрілген ерекше бейне. Ал Майлықожа ақын табиғатты жырлауда қандай қырымен ерекшеленеді? Ақын ұғымында адам мен табиғатты не байланыстырады?

Жылдың төрт мезгілі атты жырында жаз, күз, қыс, көктем б<рі де адам тұрмысымен, шаруа к<сібімен ұштастыра бейнеленеді.

С<уірде көтерілер рахмет туы, Ойнайды су бетінде қаз бен қуы.

Жан жануар көк майсаға баурын төсер Емізер жас баладай жауын суы. Шаруалар жайлар тауды малын баққан Егін сап диқандары кетпен шапқан...

Менің ойымша, ақынның өзіндік ерекшелігі, жаз мезгілін бейнелегенде, нағыз ыстық кез шілде тұсын суреттеп, сол кездегі суалған өзен мен күнге күйіп кеткен шөп сияқты сүреңсіз көріністерді адамзат бейнесіне салып, адам мінезінің небір тұсын аша білген. 

Екіншіден, табиғат пен адамды егіз санауының бірден бір себебі шаруа адамының көзқарасы тұрғысынан қарап, күз бен қыстың бейнесін қысылшаң <рі қытымыр етіп суреттейді. Өйткені мал баққан қара қазақ табиғат арқылы ауа райын болжап, қыс қыстауға, күз күзеуге шұрайлы қоныс үшін көшіп отырған.

 Қорыта келе, Майлықожаның табиғат жанрына арналған бұл өлеңі адам мен табиғат егіз ұғым екенін д<лелдей отырып, шаруа адамының ауыр да қиындыққа толы тұрмысын табиғат арқылы д<л жеткізе білген. Бұл өлеңдер қазақ поэзиясында қосылған өзіндік үлес екені анық.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.