|
|||
Біледі: шығарманың мазмұнын.Біледі: шығарманың мазмұнын. Игереді: шығарманың мазмұнына байланысты қамқорлық, мейірімділік қасиеттерін. Меңгереді: жақсы қасиеттерді.
Күні________ Білім беру саласы: Вариативтік компонент Бөлімі:«Бала тілін дамыту» 7.Тақырыбы:«Айлакер түлкі» (орыс халық ертегісі) Мақсаты: балаларды халық ауыз әдебиетінің шығармаларындағы кейіпкер бейнесі арқылы адамгершілік қарым-қатынас әлемімен таныстыру. Шығарма мағынасын түсінуге,кейіпкерлер іс-әрекетін бағалауға, олар жайлы айтуға, кейбір адамгершілік қасиеттерге (түлкі - қу) сипаттама бере білуге үйрету. Көркем сөйлеу қабілеттерін дамыту. Қолданылатын көрнекі құралдар: хрестоматия, түлкінің суреті, үнтаспа. Сөздік жұмыс:түлкі, айлакер, қу. Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Мотивациялық – қозғаушылық Психологиялық сәт. Балалар шеңбер бойына тұрып, Өтебай Тұрманжановтың «Кел,балалар, күлейік» өлеңін үнтаспаға қосылып, тәрбиешімен бірге орындайды. Кел, балалар, күлейік, Күлкіменен түлейік. Қабақ түйген не керек, Көңілді боп жүрейік. Кел, балалар, күлейік, Күлкіменен түлейік. Күлкі - көңіл айнасы, Күліп өмір сүрейік. Балалар шеңбер бойына тұрып, өлең жолдарын қимылдар арқылы орындайды. Ұйымдастырушылық – ізденістік Сұрақ-жауап. - Балалар, түлкі туралы қандай ертегі білесіңдер? - Түлкі қандай аң? - Олай болса, біз бүгін түлкі туралы ертегімен танысамыз. «Айлакер түлкі» орыс халың ертегісін оңу, әңгімелеу, мазмұнын ашу. Сергіту сәті Ал, балалар, тұрайық, Мойнымызды бұрайық, Қолымызды бұрайық. Жел сияқты қалықтап Оңға, солға иіліп, Денемізді бұрайық. Сұрақ-жауап арқылы әңгімелеу. - Сендерге ертегі ұнады ма? - Ертегіде не жайлы айтылған? - Түлкінің жасаған қылығы қандай? - Түлкі Жолбарысты қалай алдады? Жабайы, қу, т.б. Қимылдар жасайды. Балалар сұрақтарға жауап береді.
|
|||
|