Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





КӨМІРСУ АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ



КӨМІРСУ АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Сабақтың мақсаты:

· клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын қалыптастыру

· Топта жұмыс жасау коммуникациялық дағдысын қалыптастыру

Оқыту міндеттері:

· Көмірсу алмасуы патофизиологиясы бойынша клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын жетілдіру

· Топта жұмыс жасағанда коммуникациялық дағдысын жетілдіру

Сабақ жүргізудің тәсілдері:

Кіші топта жұмыс жасау: көмірсу алмасуы патофизиологиясы бойынша клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау

ТАПСЫРМАЛАР

 №1 тапсырма. Кейс -стади 

№ 1 есеп.1-сынып оқушысында дене шынықтыру сабағынан 100 м-ге жүгіруден кейін, өздігінен қайтқан тырыспа-селкілдек және әлсіздік ұстамасы дамыды. Тырыспалар «жарылыс сипаттағы» кез-келген физикалық жүктемелерге қайталанады. Инсулин сөлденісі мен ҚПГ деңгейі қалыпты, физикалық жүктемеден кейін сүт қышқылының деңгейі өзгермейді. Бұлшықеттік биоптатты бояғанда және электрондық микроскоппен қарағанда сарколемманың астында және миофибрилдердің арасында гликогеннің жиналғанын көреміз. Науқастардың бұлшықеттерінде фосфорилаза ферментінің белсенділігі қалыптағыдан 10% төмен болады. Әлсіздік және тырыспа-селкілдек ұстамасынан кейін зәрде миоглобин анықталады.

Сұрақтар:

1. Ұстамалардың себептері қандай болуы мүмкін?

2. Науқасқа қандай ұсыныстар беруге болады?

 

№ 2 есеп. Клиникаға түскен емшек жасындағы екі монозиготты егіздерде бауырдың ұлғайғаны (гепатомегалия), ашқарынға қан плазмасындағы глюкозаның (ҚПГ) деңгейі төмендегені (гипогликемия) байқалды. ҚПГ мөлшері адреналин енгізгенге шамалы жоғарылайды. Бауыр жасушаларында фосфорилаза деңгейі күрт төмендеп, гликоген мөлшері жоғарылаған.

Сұрақтар:

1. Егіздерде қандай дерттік үрдіс дамыды?Жауапты негіздеңіз.

2. Осы дерттік үрдістің мүмкін болатын себептері қандай?

3.  Гепатоциттерде осы дерттік жағдайдың түзілу тетіктері қандай? Гепатомегалия, гипогликемия және адреналинге әлсіз гипергликемиялық әсердің даму тетіктері қандай?

№3 есеп. Тексерілуге келген науқас соңғы 10 күн бойы сумен аштықта болған. Осы он күн бойы қанда глюкоза мөлшері (концентрациясы) анықталып отырған. Ашығу кезеңінде глюкозаның деңгейі қалыпты көрсеткіштің төменгі шекарасында болған.

Ашыққан адамның организмінде гликемияның қалыпты деңгейде болу тетігін түсіндіріңіз?

 

№4 есеп. Науқастың қанында гипогликемия, С пептидтің жоғары деңгейі анықталды. Ішкі ақзаларды ультрадыбысты тексергенде ұйқы безінде өспе байқалды.

Бұл өзгерістер қандай ауруларға тән көрсеткіш. Жауапты түсіндіріңіз?

 № 5 есеп. Аш қарынға науқас А – ны тексергенде оның қанында глюкозаның мөлшері 7,26 ммоль/л. С- пептидтің деңгейі жоғары. Инсулиннің концентрациясы көтеріңкі. Гликозданған гемоглобин деңгейі жоғары.

1. С-пептид және гликозданған гемоглобин деп қандай заттарды айтамыз?

2. Олардың диагноз қою үшін құндылығы қандай?

3. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

 

Таратылатын материал: ситуациялық есептер

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі

1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 130 - 139.

2. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2012., том 1, с. 568-620

3. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2010. - С. 111-127.

4. Патофизиология. Основные понятия. // под ред А.В. Ефремова. – Москва: ГЭОТАР-Медиа. – 2008. – С. 67-69

5. Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.: «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 163 – 174

Қосымша

1. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 251-269

2. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 52-60

3. Г.В.Зайчик и др. Основы патохимии. – М: Медицина, 2000.

 

Бақылау

Ситуациялық есептер бойынша қорытынды



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.