Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ЖАСУШАНЫҢ ЖАЛПЫ ПАТОЛОГИЯСЫ ТАҚЫРЫБЫНАН МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ



ЖАСУШАНЫҢ ЖАЛПЫ ПАТОЛОГИЯСЫ ТАҚЫРЫБЫНАН МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Сабақтың мақсаты:

· Клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын қалыптастыру

· Топта жұмыс жасау коммуникациялық дағдысын қалыптастыру

Оқыту міндеттері:

· Клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптауда теориялық білімін қолдана білу

· Топта жұмыс жасағанда коммуникациялық дағдысын жетілдіру

Сабақ жүргізудің тәсілдері:

Кіші топта жұмыс жасау, кейс-стади, тестілеу.

ТАПСЫРМАЛАР

№ 1 тапсырма Кейс-стади

№1 есеп. Токсикологиялық зертханада бір химиялық өндіріс орнындарынан шығарылатын қалдықтардың құрамына кіретін уытты заттың жасушаға әсерін зерттеді. Жасанды ортадағы қалыпты эпителий жасушасына өнімнің уытты мөлшерін енгізеді. Жасуша зақымдалуының көріністерін 3 сағат бойына әрбір 30 минут сайын бақылады. 3 сағаттан соң 85% жасушаның тіршілігін жоғалтқаны анықталды.

Сұрақтар:

1. Осы тәжірибедегі эпителий жасушаларының қайтымды (А) және қайтымсыз (Б) бүліністерін бағалау үшін қандай құрылымдық және биохимиялық нышандарды (белгілерін) ұсынуға болады.

2. Жасуша жағдайын бағалауға ұсынылған нышандарды негізге ала отырып, жасушадағы дерттік өзгерістерді және олардың даму тетігінің бірізділігін келтіріңіз.

 

№2 есеп. Тәжірибеде гемолиздік анемияның үлгісін алу үшін тышқандарға фенилгидразин енгізді, ол өз кезегінде жасушада бос радикалды тотығуды ынталандырады. Фенилгидразин енгізгеннен кейін жарты сағаттан соң жануардың қанында эритроциттердің мөлшерінің төмендегені, бос Hb және метгемоглобин анықталды.

Сұрақ

Эритроциттердің мембранасының зақымдануының даму тетігін және бос гемоглобин мен метгемоглобин түзілуін түсіндіріңіз.

№3 есеп. Жедел вирустық гепатит В –мен ауырған Т есімді науқастың бауырында келесі өзгерістер анықталды: гепатоциттердің өлшемі едәуір ұлғайған, олардың цитоплазмасы ірі ашық түсті вакуолдармен толған. Кейбір гепатоциттер кішірейген, олардың цитоплазмасы эозинофильді бояғышпен қанық боялған, ядросы бүріскен (кариопикноз). Қақпа венасы жолдары мен синусойдтарына лимфоциттер мен гистиоциттер сіңбеленген. Бауыр биоптатында каспазалар белсенділігі жоғарылағаны және ДНҚ-ның көптеген бөлшектері анықталды. Қан плазмасында аланинтрансаминазаның (АЛТ) және аспартаттрансаминазаның (АСТ) белсенділігі жоғарылаған.

1. Гепатоциттер өлшемінің өзгеруін (үлкеюі, кішіреюі, вакуольденуі), олардың В гепатит вирусымен зақымдануы кезіндегі қанық түске боялуын түсіндіріңіз.

2. Каспаза белсенділігінің жоғарылауы және бауыр тінінде ДНҚ бөлшектерінің жиналуы нені дәлелдейді?

3. Гепатоциттер зақымдануында гепатит В вирусы, лимфоциттер мен макрофагтар қандай рөл атқарады?

Есеп № 4. Келесі көрсеткіштер негізінде зақымданған жасушалар түрін анықтауға бола ма? Қан плазмасындағы калийдің мөлшері – 5,5 ммоль/л (нормасы 3,5-5,0 ммоль/л), АСТ және АЛТ деңгейі жоғарылаған, зәрде миоглобин анықталған.

1. Жасуша мембранасы зақымдану патогенезін түсіндіріңіз

2. Жасуша мембранасы зақымдануының салдары қандай?

Есеп № 5.Радиациялық зақымданудажасушалар бүлінді. Сәулесоқ ауруының дамуына келесілердің қайсысы қолайлы әсер етеді, қайсысы кедергі келтіреді және не себепті?

· Na/K  АТФ-азаның тежегіштері

· Na/K АТФ-азаның әсерлендіргіштері

· Антиоксиданттар

· Ca каналдарының тежегіштері

· Буферлік ерітінділер

 

Есеп № 6.Қанның қай маркерлері

ü Гепатоциттердің

ü Қаңқа бұлшықеті жасушаларының

ü Кардиомиоциттердің                               зақымдануын көрсетеді

 

Есеп № 7. Аурудың алдын алу мақсатында пациент емханаға келді. Шағымы жоқ, қарап тексергенде қандай да бір дерттік ауытқулар анықталған жоқ. Қорытынды шешім қабылдау үшін қаны мен зәрін тапсыруға клиникалық зертханаға жолдама берілді. Зертханада дәрігер лаборант эритроциттерінің айқын гемолизін анықтады, қан жағындысындағы бұзылмаған эритроциттердің пішіні сфералық түрде болды. Істің мән жайын анықтау барысында белгілі болғаны қан алу кезінде оны сұйылту үшін натрий хлоридінің гипотониялық ерітіндісін қолданған. 

1. Мембрана зақымдану патогенезін түсіндіріңіз және берілген жағдайда эритроциттердің гемолизге ұшырау механизмін көрсетіңіз.

2. Гемолизге ұшырамаған эритроциттердің пішіні неге шартәрізді болды ?

 

Таратылатын материал: Ситуациялық есептер

 

ӘДЕБИЕТТЕР

Негізгі:

1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 293-311.

2. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2012., том 1, с. 145-196

3. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2010. - С. 43-60.

4. Патофизиология. Основные понятия. // под ред А.В. Ефремова. – Москва: ГЭОТАР-Медиа. – 2008. – С. 22-25

5. Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.: «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 63 – 81

Қосымша

1. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 136-162

2. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 33-42.

 

БАҚЫЛАУ

  • Ситуациялық есептер бойынша бақылау жүргізу
  • Тест тапсырмаларын орындау - Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.: «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 63 – 81



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.