|
||||
ШЕТКЕРІ ҚАНАЙНАЛЫМЫ МЕН МИКРОЦИРКУЛЯЦИЯ БҰЗЫЛЫСТАРЫ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУШЕТКЕРІ ҚАНАЙНАЛЫМЫ МЕН МИКРОЦИРКУЛЯЦИЯ БҰЗЫЛЫСТАРЫ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ Сабақтың мақсаты: · Клиникалық-зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптау машықтық дағдысын қалыптастыру · Топта жұмыс жасағанда коммуникациялық дағдыны қалыптастыру Оқыту міндеттері: · Клиникалық-зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптау машықтық дағдысын жетілдіру · Топта жұмыс жасағанда коммуникациялық дағдыны жетілдіру
Сабақ жүргізу әдісі: Топта жұмыс жасау: кейс-стади ТАПСЫРМАЛАР:
№ 1. 25 жастағы науқас әсіресе суыққа қол саусақтарындағы ауыру сезіміне және жансыздануына шағымданады. Ауруы ұстағанда саусақтары мен қол басының терілері бозарып, жергілікті қызымы түсетіндігін, тері сезімталдығының бұзылатындығын сезеді. Шеткері қанайналымы қандай бұзылыстары туралы айтылған? Бұл бұзылыстардың және оның клиникалық көріністерінің даму тетіктері қандай? № 2. Сол жүрекше-қарыншалық тесіктің тарылуы бар науқасты қарап тексергенде цианоз, аяқ-қолдарының аздап ісінгені, саусақтары сипағанда суық екендігі анықталды. Тырнақ тамырларын биомикроскоптық қарап тексергенде вена тамырларының кеңейгендігі, қанағымының баяулағандығы анықталды. Шеткері қанайналымы қандай бұзылыстары туралы айтылған? Бұл бұзылыстардың және оның клиникалық көріністерінің даму тетіктері қандай?
№ 3.Созылмалы гепатитпен және бауыр циррозымен ауыратын 68 жастағы Д есімді науқасқа құрсақ қуысындағы сұйықтықты сорып алу үшін іш перде пункциясын жасады. Ісшараның 15 минөтінде, 5 литр сұйықтықты сорып алғаннан кейін науқас бас айналуына, әлсіздікке шағымданды, бірақ ісшара жалғастырылды. Тағы 1,5 литр сұйықтықты сорып алған соң науқас есінен танды. Жедел жәрдем көрсеткеннен кейін біршене минөт ішінде есін жиды, бірақ науқас әлі де қатты әлсіздік, бас айналу, жүрек айнуына шағымданады. Сұрақтар: 1. Дәрігердің қателігін табыныз? 2. Іш шемендік сұйықтықты сорып алудан кейін пайда болған талу тетіктері қандай? –
№ 4. 56 жастағы ер кісі емханадағы қабылдауда тез уақытта шаршау және жүргенде балтыр бұлшықеті ауыруына, тоқтағанннан кейін – «ауық-ауық ақсау» симптомына, аяқтарының мұздайтындығына, ұйып қалуына, «жыбырлайтындығына» және тыныштықта шаншуына (парестезиялар) шағымданды. Жас кезінен және көп мөлшерде шылым шегеді, мамандығы ұзақ мұздау кезеңдерімен байланысты (күз-қыс мерзімдерінде даладағы жұмыс). Қарау барысында: табаны боз, терісі құрғақ, суық, тырнақтары сынғыш; екі аяқтың табанының сыртқы және балтырының артқы артерияларында тамыр соғысы анықталмайды. Алдын ала диагнозы: «Бітелістік эндоартериит». Сұрақтар: 1. Науқаста жергілікті қанайналым бұзылысының қай түрі бар? 2. Осы науқастағы дерттің даму тетіктері? 3. Науқастағы қанайналымының жағымсыз салдарларын анықтаңыз? 4. Белгілердің дамуының қандай ең мүмкіндік тетіктері келтірілген? № 5. Жас әйелде жүктіліктің 7 айлығында аяғының ісінуі дамыды. Қарап тексергенде тізе аймағында теріасты веналарының кеңейгені анықталды. Қабыну белгілері жоқ. Әйелде қанайналымы бұзылыстарының қай түрі дамыды? Оның даму тетігі қандай?
№ 6. Науқас К, 43 жаста, оң жақ бұғанаасты венасын катетерлеген соң тромбоз дамыды. 1. Шеткері қанайналымы бұзылысының мүмкіндік тетіктері мен симптомдарының патогенезін түсіндіріңіз
№ 7.Көктамырының варикозды кеңеюі бар науқаста жүру кезінде аяғында ауыру сезімі пайда болды. Балтырының цианозы мен ісінгені көрінеді. Аяғы сипағанда салқын. Көрсетілген бұзылыстардың айқындығы біртіндеп азайды, біраз уақыттан соң өздігінен жойылды. 1. Науқаста жергілікті қанайналым бұзылысының қай түрі бар? 2. Берілген симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз 3. Науқастағы қанайналымының өздігінен қалпына келуінің тетіктері қандай? № 8. Ауруханаға науқас екі аяғының сынықтарымен келіп түсті. Бірнеше сағаттан соң өкпе артериясы эмболиясының клиникалық белгілері дамыды. Эмболия даму көздері мен тетіктерін түсіндіріңіз. № 9. Тереңдіктен жедел көтерілгенде водолаз есінен танды. Атмосфералық қысым өзгергенде организмде қандай жағдай дамыды? Естен танудың себебі мен даму тетіктері қандай?
Таратылатын материал- ситуациялық есептер
ӘДЕБИЕТТЕР Негізгі 1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 247 - 265. 2. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2012., том 1 с. – 404-435 3. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2010. - С. 372-381 4. Патофизиология. Основные понятия. // под ред А.В. Ефремова. – Москва: ГЭОТАР-Медиа. – 2008. – С. 30-35. 5. Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 96 -110 Қосымша 1. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 162-194. 2. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. С. 87-92, 195-197 Бақылау:ситуациялық есептер бойынша қорытындыны тексеру
|
||||
|