Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ОРГАНИЗМ РЕАКТИВТІЛІГІ МЕН ТҰҚЫМҚУАЛАУШЫЛЫҚТЫҢ ДЕРТТАНУДАҒЫ МАҢЫЗЫ» ТАҚЫРЫБЫНАН МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ



«ОРГАНИЗМ РЕАКТИВТІЛІГІ МЕН ТҰҚЫМҚУАЛАУШЫЛЫҚТЫҢ ДЕРТТАНУДАҒЫ МАҢЫЗЫ» ТАҚЫРЫБЫНАН МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Сабақтың мақсаты:

· Клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын қалыптастыру

· Топта жұмыс жасау коммуникациялық дағдысын қалыптастыру

Оқыту міндеттері:

· Клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптауда теориялық білімін қолдана білу

· Топта жұмыс жасағанда коммуникациялық дағдысын жетілдіру

Сабақ  жүргізудің тәсілдері:

Кіші топта жұмыс жасау, кейс-стади.

ТАПСЫРМАЛАР

№ 1 есеп.Екі егеуқұйрыққа келесі тәжірибе өткізілді: температурасы 10 °С суы бар аквариумға №1 егеуқұйрықты отырғызды. 5 минөттен кейін жануарды алып, тиілмеген егеуқұйрықпен (№2 егеуқұйрық) барокамераға орналастыру алдында 10 минөт бұрын фенамин 2,5 мг/кг мөлшерде психостимулятор еңгізілген егеуқұйрықпен (№3 егеуқұйрық), барокамераға орналастырады. Сосын барокамерадағы барометрлік қысымды 180 мм с.б.деңгейге дейін азайтады.

Өмір сүру ұзақтығын (барокамерадағы барометрлік қысымның 180 мм с.б. бойынша төмендеген уақыттан тыныстың толық тоқтауына дейін) №1 егеуқұйрықта 15 минөт, №2 — 7 минөт және      №3 егеуқұйрықта — 4 минөтке созылды.

1. Гипотермия және психостимулятор фенамин гипоксияға қарсы тұруына әсер етеді ме?

2. Гипотермия және фенамин жануардың гипоксияға қарсы тұруына қалай әсер етеді?         

3. Организмнің гопобариялық гипоксияға қарсы тұрақтылығына әсер ететін басқа да бір ықпалдарды атаңыздар.

 № 2 есеп.  Қысқы уақытта табиғи жағдайда екі топтың жануарлары (саршұнақтар мен егеуқұйрықтар) жоғары мөлшерде сәулелену алды. Летальдығы егеуқұйрықтарда 95% құрады, ал саршұнақтарда - 10%.

Саршұнақтар мен егеуқұйрықтардың реактивтілігіне қандай жайттар әсер етті?           

 

 №3 есеп. Крупозды пневмония 1 жастаға балада, 35 жастағы әйелде және 78 жастағы ер адамда өту барысы қалай болады.

Әртүрлі жас айырмашылығы мен жыныс ерекшелігі аралығында температураның айқындылығы және қабыну реакцияларының әртүрлі болуы неге байланысты? Жас ерекшелігіне байланысты реактивтіліктің және төзімділіктің ерекшелігі әрқалай өтеді. 

 №4 есеп. Жедел респираторлы вирустыаурумен ауыратын науқастың қан сары суында интерферонның жоғарғы концентрациясы анықталды. Бұл реакцияның организм үшін маңызы қандай және неге ол пайда болды. Науқаста реактивтіліктің қандай түрі және әсер етудің қандай формасы анықталады?

№ 5 есеп.Балалар бөлімшесіне ақыл-есінің кешеуілдеуімен 3 жастағы ер бала келіп түсті. Қарап тексергенде: бала қатарластарымен салыстырғанда бойы аласа, беті жалпақ, ауызы жартылай ашық, төменгі ернінен сілекей ағып тұр; көз ойығы тар; бетсүйегі шығыңқы; алақанында көлденең қатпар көрінеді. Қосымша зертту кезінде жүрек ақауы анықталды.

1. Бала қандай аурумен зардап шегеді?

2. Осы жағдайда диагноз қою үшін тұқым қуалайтын дерттің қандай әдісін анықтауға болады?

3. Кариотипті зерттеуде нені анықтау (мүмкін болатын нұсқасын көрсетіңіз)?

4. Бұл аурудың мүмкіндік себептері қандай?

 № 6 есеп. Медициналық комиссияның военкоматына 18 жаста Р., әскери қызметке жарамдылығын анықтады. Қарап тексергенде: бойы және аяқтары ұзын, әтекейлік (евнухоидизм), гинекомастия, бөкселік май басу, қолтық асты шұңқырының және қасағаның сирек түктенуі, ұлдардағы жыныстың, ұманың жетілмеуін анықтады

1. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

2. Осы жағдайда диагноз қою үшін тұқым қуалаушылық дерттерін анықтауда қандай әдісті қолдану қажет?

3. Кариотипті зерттеу нені айқындайды?  Ұрт ішілік сынама нені анықтайды (буккальная проба?)

4. Бұл аурумен зардап шегетін ер кісінің балаларында қанша пайыз осы ауру кездесуі мүмкін?

Таратылатын материал: Ситуациялық есептер

 

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі

1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 80-115.

2. Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология.-Алматы; «Эверо», 2010.-С. 8-27.

3. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2012., том 1, с. 308-324, 232-307

4. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2010. - С. 21-23, С. 26-42

5. Патофизиология. Основные понятия. // под ред А.В. Ефремова. – Москва: ГЭОТАР-Медиа. – 2008. – С. 17-21.

Қосымша

1. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 81-90.

2. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 23-33

3. Ә. Нұрмұхамбетов. Ұрық даму мен балалық шақ ауруларының патофизиологиясы., Алматы, 2004. – 162б.

4. Н.В. Жуйко. Особенности реактивности детского организма, Алматы, 2006.- 68с.

БАҚЫЛАУ

ü Есептер бойынша қорытындылар

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.