Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





АБЫНУ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ



ҚАБЫНУ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Сабақтың мақсаты:

· Клиникалық-зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптау машықтық дағдысын қалыптастыру

· Топта жұмыс жасағанда коммуникациялық дағдыны қалыптастыру

Оқыту міндеттері:

· Клиникалық-зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптау машықтық дағдысын жетілдіру

· Топта жұмыс жасағанда коммуникациялық дағдыны жетілдіру

 

Сабақ жүргізу әдісі:

Топта жұмыс жасау: кейс-стади

ТАПСЫРМАЛАР:

№ 1 тапсырма. Кейс-стади

 Есеп № 1. Науқас әлсіздікке, тәбетінің жоқтығына, ауызының құрғауына, қан және шырыш араласқан жиі ұлы дәретке отыратындығына шағымданады. Дене қызымы - 38С. Эндоскопиялық тексергенде тікішегінің шырышты қабаты ісінген, қызарған.

1. Науқаста қандай үрдіс дамыды?

2. Байқалған симптомдардың патогенезін қалай түсіндіруге болады?

Есеп № 2. Науқаста рентгенографияда сол жағынан плевра қуысында сұйықтық жиналғандығы анықталды. Зертханалық талданымда анықталды: сұйықтық мөлдір емес, рН – 5,0, нәруыз мөлшері – 7%, фибрин бар, микроскопияда – көп мөлшерде лейкоциттер, біріндеген эритроциттер

1. Пункцияда алынған сұйықтықтың табиғатын сипаттаңыз 

2. Науқаста плевра қуысында сұйықтық жиналу тетіктерін түсіндіріңіз

3. Науқаста қандай дерттік үрдіс дамыды?

4. Лейкоциттер  эмиграциясының патогенезін түсіндіріңіз

Есеп № 3. Іш қуысында жиналған сұйықтыққа ажырату аңғарымын қою үшін пункция жасалынды. Ашық сары түсті мөлдір сұйықтық алынды. Нәруыз мөлшері 1,5%, көру аймағында бірен-саран эпителий жасушалары мен лейкоциттер бар, рН 7,4.

1. Алынған сұйықтық қалай аталады және туындау себебі не?

2. Қабыну белгілері бар ма?

№ 4 есеп. Науқас тез шаршағыштық, ұйқышылдық, қолындағы ауыру сезіміне шағымданады. Дене температурасы 38,30С. Қарап тексергенде сол қол бас бармағындағы тырнақ бунағының көлемі ұлғайған, гиперемияланған, сипап сезгенде ауырады. Қанда солға жылжыған нейтрофильді лейкоцитоз (15х109/л), ЭТЖ 40 мм/сағ., жалпы нәруыз 77 г/л, әлбумин/глобулиндік коэффициент – 0,9, СӘН жоғарылаған.

1. Организмнің реактивтілік жағдайы мен дерттік үрдісті сипаттаңыз

2. Қабынудың жергілікті белгілерін тауып, олардың патогенезін түсіндіріңіз

3. Науқаста қабынудың қандай жалпы белгілері бар және олардың патогенезі қандай?

 

Есеп № 5. Науқас К., 20 жаста, жұтынғандағы ауыру сезіміне, басының ауыруына, әлсіздікке, тәбетінің төмендегеніне, дене қызымы 38,8С-қа көтерілетіндігіне  шағымданады. Көмейінен жағынды алып бактериологиялық тексергенде β-гемолиздік стрептококк анықталды.

1. Науқаста қандай үрдіс дамыды?

2. Жалпы және жергілікті көріністерінің негізінде қандай тетіктер жатыр?

3. Науқасқа қандай этиотропты және патогенездік ем қолдануға болады?

Есеп № 6. Науқас С., 15 жаста, дәрігерге жоғары еріні аймағында солқылдаған ауыру сезіміне, жалпы әлсіздік, басы ауыруы, дене қызымының 37,5С-қа көтерілетіндігіне шағымданады. Қанында лейкоцитоз, ЭТЖ жылдамдаған. Қарап тексергенде: жоғары еріні ісінген, басқанда тығыз инфильтрат байқалады, оның үстіндегі терінің шеттері қызарған, ортасы көгерген.

1. Науқаста қандай үрдіс дамыды?

2. Анықталған бұзылыстардың патогенезі қандай?

3. Зақымданған аймақтағы тері түсінің әртүрлі болуын және солқылдаған ауыру сезімін қалай түсіндіруге болады?

 

Есеп № 7.  Екі қоянға бірдей токсинді енгізіп, артқы бір аяғында күйік арқылы жергілікті қабыну туындатты. Бір қоянға токсинді қабыну аймағына, ал екіншісіне – қабынуы жоқ жерге енгізілді. Бір қоян токсинмен уланудан өліп қалды.

1. Қай қоян және неден өлгендігін көрсетіңіз. Жауапты негіздеңіз.

Есеп № 8. Екі қоянға, оның біреуіне алдын ала бір апта бойы үлкен мөлщерде гидрокортизонды, ал екіншісіне – альдостеронды енгізген соң тері ішіне вирулентті стрептококк енгізілді.

Қай қоянның микроб енгізілген жерінде қабыну серпілісі айқын болады?

Қай қоянда септицемия даму мүмкіндігі жоғары?



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.