|
|||
АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ№1 АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ Мақсаты:
2. клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын бағалау 3. ҚР ДСМ бұйрықтарынан медико-биологиялық тәжірибе жүргізу бойынша құқықтық дағдысын бағалау
Студенттердің білімін бақылау сұрақтары: 1. Патологиялық физиология, шешетін мәселелері, зерттеу тәсілдері. Патофизиологиядағы тәжірибенің маңызы (кемшілігі және артықшылығы). 2. «Қазақстан Республикасында клиникалық тексерулер мен медико-биологиялық тәжірибелерді, клиникаға дейінгі тексерулерді өткізу Тәртібін бекіту туралы» ҚР ДМ №697 бұйрығының негізгі қағидаларымен танысу. Қазақстан Республикасының сауда және индустрия Министірлігінің метрологиясының және техникалық бақылау Комитетінің 29 желтоқсан 2006 жылғы № 575 Бұйрығы. Тиісті лабараториялық тәжірибенің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты. Негізгі қағидалары. 3. Денсаулық пен аурудың анықтамасы. Аурудың негізгі нышандары. Аурулардың жіктелу ұстанымдары. Аурудың сатылары, сипаттамасы. Ауру алды туралы түсінік. 4. Дерттік әсерленіс, дерттік үрдіс, дерттік жағдай туралы түсінік, мысалдар. 5. Өлім. Өлу кезеңдері, сипаттамасы. Тірілтудің негізгі ұстанымдары. Тірілтілген организмнің ауруы туралы түсінік, патогенезі. 6. Этиология, анықтамасы. Ауру пайда болуындағы себеп пен жағдайлардың маңызы. Ауруды алдын алу және емдеудің этиотроптық ұстанымдары. 7. Организмге төмен барометрлік қысымның әсері. Биіктік ауруының этиологиясы және патогенезі. 8. Этиологиялық факторлардың (жайттардың) жіктелуі. Ауру пайда болуында сыртқы орта жайттары және организм ерекшеліктерінің маңызы. 9. Аурудың пайда болуында тұқым қуалаушылықтың маңызы. Аурулардың этиологиясында тұқым қуалау және сыртқы орта жағдайларына байланысты аурулардың жіктелуі. Тұқым қуатын және туа пайда болған аурулар, себептері. Тұқым қуалаушылық патология түрлерінің жіктелуі. 10. Патогенез, анықтамасы. Бүліну – патогенездің бастапқы тізбегі ретінде. Зақымдалу деңгейлері. Патогенездегі себеп-салдарлық. . арақатынастар. Мысалдар. 11. Патогенездегі негізгі тізбек және «кері айналып соғу шеңбері». Ауруларды патогенездік емдеу ұстанымы. Балалар организмінде бейімделу және қызметтердің қалпына келу үрдістерінің ерекшеліктері. 12. Организмнің реактивтілігі мен төзімділігі, анықтамасы. Тітіркендіргішке организмнің жауап беру серпілісінің түрлері, мысалдар. Реактивтіліктің түрлері, сипаттамасы. Организм реактивтілігінің аурулардың пайда болуындағы, өтуі және аяқталуындағы маңызы. 13. Организмнің жас мөлшерінің реактивтіліктегі маңызы. . Организмнің жыныс мөлшерінің реактивтіліктегі маңызы. 14. Организмнің конституциясы, анықтамасы, конституция түрлерінің (Кречмер, М.В. Черноруцкий, И.П. Павлов) жіктелуі. Организм реактивтілігінде конституцияның маңызы. 15. Жасуша бүлінуі, этиологиясы. Зақымдануға жасушаның төзімділігі. Жасушаның зақымдану түрлері. Жедел және созылмалы жасуша зақымдануының сатылары. 16. Жасуша зақымдануының арнайы және арнайы емес көріністері. Зақымданудағы жасушаның иондық құрамының өзгерістері, патогенезі, салдары. 17. Зақымданудағы жасушаның энергиямен қамтамасыз етілуінің бұзылыстары, салдары. 18. Жасуша мембраналары бүліністерінің негізгі даму жолдары. Жасуша мембранасының зақымдалуының негізгі тетігі ретінде МАТ белсенденуі. 19. Жасуша мембраналары бүліністерінің негізгі даму жолдары, сипаттамасы. Мембараналық фосфолипазаның және басқа гидролазалардың белсенденуі, смостық зақымдалу, иммундық зақымданулар.. 20. Апоптоз, түсініктемесі, патогенезі. Зақымдануда жасушаның икемделіу- бейімделу тетіктері. 21. Организмдегі су балансы бұзылыстарының түрлері. “Сумен уыттану” туралы түсінік, себептері, даму механизмдері. Сулану туралы түсінік. 22. Ісінулер, анықтамасы. Ісінудің патогенездік факторларының сипаттамасы. 23. Организмнің сусыздануы, себептері, патогенезі. Сусыздану кезінде негізгі физиологиялық жүйелер қызметінің бұзылыстары. 24. Газдық, газдық емес ацидоз, себептері, бейімделу жолдары. Декомпенсация кезінде организмдегі бұзылыстары. 25. Газдық, газдық емес алкалоз, себептері, бейімделу жолдары. Декомпенсация кезінде организмдегі бұзылыстары. 26. Бауырда гликогеннің түзілуі және ыдырауының бұзылуы. Гликогеноздар туралы түсінік. 27. Көмірсудың аралық алмасуының бұзылуы (гиперлактацидемия, гиперпируватацидемия), патогенезі. 28. Гипогликемия, себептері. Гипогликемиялық команың патогенезі. 29. Гипергликемия, түрлері, даму тетіктері. 30. Инсулиннің ұйқыбездік және ұйқыбезден тыс жеткіліксіздігі, даму тетіктері. Инсулинге төзімділік туралы түсінік 31. Организмнің азоттық тепе-теңдігі, түрлері, патогенезі. Гиперазотемия, түрлері, патогенезі. 32. Гипопротеинемия, себептері, організм үшін салдары. Гиперпротеинемия, түрлері, себептері. Дис.-, парапротеинемия туралы түсінік. 33. Семіру, түрлері, даму тетіктері. 34. Гиперлипидемиялар, түрлері, патогенезі. Гиперлипопротеидемиялар, дислипопротеидемиялар, патогенезі. 35. Гипоксия, анықтамасы, жіктелуі. Субстратты және зорығулық гипоксия туралы түсінік, патогенезі.Экзогенді гипоксия, түрлері, патогенезі. Тыныстық және қанайналымдық гипоксия, себептері, патогенезі. 36. Гемдік және тіндік гипоксия, себептері, патогенезі. 37. Гипоксия кезінде зат алмасуы мен физиологиялық жүйелердің қызметі өзгерістері. 38. Гипоксия кезінде жедел және ұзақ мерзімдік қорғаныстық әсерленістер. 39. Ұрық пен жаңа туылғандардың гипоксиясы. Туылар алды, туылу кезіндегі және туылғаннан кейінгі гипоксияның себептері. Ұрық пен жаңа туылғандардың қауырт және созылмалы гипоксиясы.
Жүргізу түрі: 1 – кезең - тестілеу.Тест тапсырмаларын орындау. – қараңыз: Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007. 2 – кезең – ситуациялық есептер бойынша клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысы
|
|||
|