Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ГИПОКСИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ



ГИПОКСИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Сабақтың мақсаты:

· клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын қалыптастыру

· Топта жұмыс жасау коммуникациялық дағдысын қалыптастыру

Оқыту міндеттері:

· Гипоксия  бойынша клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын жетілдіру

· Топта жұмыс жасағанда коммуникациялық дағдысын жетілдіру

Сабақ жүргізудің тәсілдері:

Кіші топта жұмыс жасау: әртүрлі гипоксиялардағы клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау

№ 1 тапсырма. Кейс - стади

№ 1 есепНауқасты зерттеу барысында артерия - веналық айрмашылығы 4 көлемді % -дан 2 көл. % төмендегені анықталды.

1. Алынған мәліметтер гипоксияның қай түрі дамығандығын көрсетеді?

2. Гипоксияның осы түрінде оттегі теңдігінің ( балансының) басқа да көрсеткіштері (қанның оттегілік көлемі, артериалық және веналық қан гемоглобинінің оттегімен қанығуы) қандай өзгерістерде болады ?

3. Осы гипоксия түрінің этиологиясы мен патогенезі қандай?

 

№ 2 есепНауқасты зерттеу барысында артерия - веналық айрмашылығы 5 көл. %дан 7 көл. %-ға дейін жорғарылағаны анықталды.

1. Алынған мәліметтер гипоксияның қай түрі дамығандығын көрсетеді?

2. Гипоксияның осы түрінде оттегілік балансының басқа да көрсеткіштері (қанның оттегілік көлемі, артериалық және веналық қан гемоглобинның оттегімен қанығуы) қандай өзгерістерде болады?

3. Осы гипоксия түрінің этиологиясы мен патогенезі қандай?

 

№ 3 есепҰзақ мерзімде асқазанның ойық жара ауруымен сырқаттанған 45 жастағы К., науқас асқазанынан қан кетуімен ауруханаға жеткізілді. Науқас ауруханаға түскен кезде әлсіздікке, есінің бұзылыстарына, жүрек айнуына, басы айналуына, құлақ шуылына, көз алдында шыбын елестеуіне шағымданды.  Науқастың түрі бозғылт,  айқын ентігуі еріксіз назар аудартады. Қарын үсті аймағында шамалы ауыру сезімі байқалады, АҚ — 100/70 мм с.б.б. Пульс — 95 рет/мин.

1. Науқастағы гипоксия көріністерін сипаттаңыз.

2. Гипоксияның қай түрлері дамыған?

3. Оттегілік баланс көрсеткіштері (қанның оттегіге сыйымдылығы, оттегі бойынша артерия-веналық айырмашылығы) қалай өзгереді?

 

№ 4 есепАнилин бояғыш қызметкері анилинмен улану көріністерімен дәрігерге әкелінді. Гипоксия әйгіленімдері басым көріністе: бас ауыруы, құлақ шуылы, көзіне шыбын – шіркей елестеуі, әлсіздік, ұйқышылдық. Шырышты қабат пен терінің сұр, топырақ тәрізді көрінісі еріксіз көңіл аудартады. 

1. Қанын зерттеу барысында науқаста не анықталуы мүмкін?

2. Гипоксияның қай түрі дамыды?

2. Осы гипоксияға тән қанда газ құрамының қандай өзгерістері байқалуы мүмкін?

№ 5 есеп. Цианидтермен ауыр түрде уланған науқас ауруханаға түсті. Оттегі бойынша артерия-веналық айырмшылығы 2 көл%.

1. Келтірілген көрсеткіш гипоксияның қай түрі туралы мәлімдейді?

2. Гипоксияның ауырлық дәрежесі қандай?

3. Осы гипоксия кезінде басқа да оттегілік көрсеткіштер қалай өзгереді?

№ 6 есеп.Артериалық қанда оксигемоглобин - 98%, веналық қанда - 45%, эритроцит мөлшері - 4,9х1012/л; саусақ, мұрын ұштары, еріні айқын көгерген (цианоз). Жүректің минуттық көлемі (ЖМК) - 2,5 л. Артериалық қанда көмірқышқыл газының деңгейі - 40 мм с.б.б..

1. Науқаста гипоксияның қай түрін болжамдауға болады?

2. Осы гипоксияның этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз.

 

№ 7 есеп Жедел жәрдеммен естүссіз жеткізілген науқастың терісі мен шырышты қабаттарының түсі айқын ашық қызыл, артериалық қанда оксигемоглобин мөлшері - 60%, веналық қанда - 45%, эритроциттер - 4,5х1012/л, қандағы оттегінің көлемі - 12 көл.%. ЖМК - 4 л.

  1. Гипоксияның қай түрі дамығанын болжамдауға болады?
  2. Қандай қосымша зерттеулер жүргізген жөн?
  3. Патогенездік ем-шараларын ұсыныныз.

№ 8 есеп.Жедел жәрдеммен ересек, орта жастағы ер адам стационарға жеткізілді. Тері және шырышты қабаттар түсі қалыпты. Қан анализінде:

■ гемоглобин мөлшері - 150 г/л;

■ эритроцит саны - 4,6х1012/л;

■ қанның оттегілік көлемі - 20,4 об.%;

■ артериалық қанда оксигемоглобин мөлшері - 96%;

 

■ веналық қанда оксигемоглобин мөлшері - 80%.

Туыстарының айтуынша науқас көшеден алған бір шыны виноны ішкен. Бұл науқаста гипоксияның қандай түрін болжауға болады? Жауабыңызды дәлелдеңіз.

№ 9 есеп.Наукастың артериалық қанында оксигемоглобин мөлшері  - 78%, веналық қанда - 40%. Қандағы эритроцит мөлшері - 5,8х1012/л, гемоглобин мөлшері - 169 г/л, ЖМК -3 л, ЖСЖ - 100 минутына, тыныс алу жиілігі (ТАЖ) – минутына 28 , ӨТК - 1,3 л. (қалыптыда - 4,5-5л). Наукаста пневмония анықталды, АҚ - 110/80 мм с.б.б.

1. Гипоксияның қай түрін болжауға болады? Оттегі баланс өзгерістерінің тетіктерін түсіндіріңіз.

2. Эритроциттер мен гемоглобин мөлшерінің жоғарылауы нені мәлімдейді?

Таратылатын материал: ситуациялық есептер

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі

1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 537-548.

2. Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология.-Алматы; «Эверо», 2010.-С. 79-99.

3. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2012., том 2 . Раздел Внутреннее дыхание.

4. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2010. - С. 201-211.

5. Патофизиология. Основные понятия. // под ред А.В. Ефремова. – Москва: ГЭОТАР-Медиа. – 2008. – С. 25-29

6. Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 221 – 228

Қосымша

1. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 340-351

2. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 84-87

БАҚЫЛАУ –

Ситуациялық есептерді патофизиологиялық сараптау



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.