Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





СУ-ЭЛЕКТРОЛИТ АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ



СУ-ЭЛЕКТРОЛИТ АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Сабақтың мақсаты:

· клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын қалыптастыру

· Топта жұмыс жасау коммуникациялық дағдысын қалыптастыру

Оқыту міндеттері:

· Су-электролит алмасуы патофизиологиясы бойынша клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын жетілдіру

· Тақырыпты талдағанда медициналық атаусөздерді қолдана білу және пікірсайыс жүргізу дағдысын жетілдіру

· Топта жұмыс жасағанда коммуникациялық дағдысын жетілдіру

Сабақ жүргізудің тәсілдері:

Кіші топта жұмыс жасау, кейс-стади.

ТАПСЫРМАЛАР

Кейс-стади:

№ 1 есеп.  Клиникаға 3 айлық бала мынадай шағымдармен түсті: мазасыздық, қозғыштық, селкілдек, жиі сулы дәрет, толастамайтын құсу. Қарап тексергенде: үлкен еңбегінің түсуі, тілінің және терінің шырышты қабаттарының құрғауы, бұлшықетінің гипотониясы және ішектің парезі. АҚ 70/40 мм сбб. Қан сараптамасында эритроцит, гемоглобин және лейкоциттердің жоғарылауы. Диурез 300 мл. Шөлдеу сезімі жоқ.

1. Балада су-электролит алмасуының бұзылыстарының қандай түрі дамыды?

2. Негізгі көріністердің патогенезі қандай?

3. Осы жағдайды патогенездік емін ұсыныңыз

 

№ 2 есеп. Ыстық цехта жұмыс кезінде өкпенің гипервентиляциясы және тер бөлінуінің жоғарылауы күшейді.

1. Бұл су-электролит алмасуының қандай бұзылысына әкеледі?

2. Су-электролит алмасуы бұзылысын қалпына келтіру ұстанымын негіздеңіз

3. Шөлдеуді басу үшін тұзсыз су қабылдауға бола ма?

№  3 есеп. Науқас айтарлықтай ұзақ уақыт тұщы сусыз жерде қалып қойған, жансақтау бөліміне ес-түссіз жеткізілді. Қарап тексергенде тері және шырышты қабаттары құрғақ, серпімділігі төмен. Зертханалық мәліметтер: гематокрит 0,48л/л (қалыпты 0,35-0,45 л/л), натрий – 160 ммоль/л (қалыпты 135-150 ммоль/л), калий 6 ммоль/л (қалыпты 3,5-5, 5 ммоль/л), нормогликемия.

1. Науқаста су-электролит алмасуының қандай түрі дамыды?

2. Анықталған өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз

3. Дамыған жағдайларды патогенездік едеу әдісін ұсыныңыз

№ 4 есеп. 42 жасар науқасқа ауруханада «декомпенсация сатысындағы миокардиодистрофия» аңғарымы қойылды. Қарап тексергенде: амалсыз отырған қалыпта, ентігу, акроцианоз, аяқтарының айқын бозаруы, өкпесінде іркілісті құбылыстар. Құрсақ қуысында сұйықтық жиналғаны, бауыры үлкейгені анықталды. Жүректің соққылық және минуттық көлемі төмендеген. Диурез төмендеген. Қанда ренин мен натрий деңгейі жоғарылаған.

Сұрақтар:

1. Су алмасуы бұзылыстарының белгілері бар ма?

2. Науқаста дисгидрияның қай түрі анықталады?

3. Ісінудің, құрсақ қуысында, өкпедегі сұйықтық жиналуының патогенезін түсіндіріңіз?

4. Науқасқа патогенездік терапияны ұсыныңыз .

 

№ 5 есеп. 40 жастағы науқасқа сол жақ сүт безін аймақты лимфа түйіндерімен бірге көлемді ота жасалды. Келесі күні терісінің түсі өзгеріссіз, сол қолының ісінуі байқалды. Ісінудің механизмі қандай?

 №6 есеп. Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігімен сырқаттанған науқаста остеопороз (сүйек тіні массасы азайған) анықталды, қан плазмасында кальций мөлшері төмендеген, ҚСҮ тексергенде теңгерілген газдық емес ацидоз дамығандығы анықталды.  

1. Науқастағы остеопороз бен ацидоздың даму тетігі қандай?

 

№ 7 есеп. Биік таулы аймақта адамда ентік байқалды.

1. Осы жағдайдағы ентіктің даму тетігі қандай?

2. ҚСҮ қлай өзгереді, неге?

№ 8есеп. Ұзақ уақыт тұщы сусыз жерде қалған науқас жансақтау бөліміне ес-түссіз жеткізілді. Қарап тексергенде тері және шырышты қабаттары құрғақ, серпімділігі төмен. Зертханалық мәліметтер: гематокрит 0,48л/л (қ.ж. 0,35-0,45 л/л), натрий – 160 ммоль/л (қ.ж. 135-150 ммоль/л), калий 6 ммоль/л (қ.ж.3,5-5, 5 ммоль/л), нормогликемия.

1. Науқаста су-электролит алмасуы бұзылыссының қай түрі дамыды?

2. Байқалған өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз

3. Осы жағдайды патогенездік емдеуді ұсыныңыз.

 

Таратылатын материал: ситуациялық есептер.

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі

1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 166 - 198.

2. Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология.-Алматы; «Эверо», 2010.-С. 99-146.

3. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2012., том 1, с. 682-746

4. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2010. - С. 147-175

5. Патофизиология. Основные понятия. // под ред А.В. Ефремова. – Москва: ГЭОТАР-Медиа. – 2008. – С. 59-63

6. Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 188 – 205

Қосымша

1. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 296-311.

2. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 42-52.

БАҚЫЛАУ

Ситуациялық есептер бойынша қорытындылар



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.