Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ЖАЛПЫ ЭТИОЛОГИЯ МЕН ПАТОГЕНЕЗ. ТӨМЕН БАРОМЕТРЛІК ҚЫСЫМНЫҢ ОРГАНИЗМГЕ ӘСЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНАН МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ



«ЖАЛПЫ ЭТИОЛОГИЯ МЕН ПАТОГЕНЕЗ. ТӨМЕН БАРОМЕТРЛІК ҚЫСЫМНЫҢ ОРГАНИЗМГЕ ӘСЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНАН МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Сабақ мақсаты:

· Ситуациялық есептерді шешкенде клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын қалыптастыру

 

Сабақтың міндеттері:

· Теориялық материалдан алған білімдерін есептерді шығарғанда қолдана білу

Сабақ жүргізу әдістері:

Кейс - стади

 

№ 1 тапсырма. Кейс-стади

№1 Есеп.Бір топ туристер қатты нөсердің астында қалып қойды. Бір күннен кейін біреуі пневмония ауруына ұшырады. Аурудың себебі не?

№2 Есеп.14 жасар бала туберкулезді гонитпен (тізе буынының қабынуы) клиникаға түсті. Ауырғанына екі жыл болған.Аурудың басталуы абайсызда құлағанда тізе буынының жарақаттануына байланысты. Жиі суықтап ауырған. Баланың тәбеті төмен.

Аурудың себебін атаңыз.

Аурудың дамуына қандай жағдайлар себеп болды?

 

№3 Есеп.Тамақта витамин «С»-нің жеткіліксіздігі аурудың себебі не, әлде жағдайы ма?

Жауапты негіздеңіз.

 

№4 Есеп.Организмге тағамның аз түсуі аурудың себебі ме, әлде жағдайы ма? Жауапты негіздеңіз.

 

№5 Есеп.Биіктік ауруын алдын-алу үшін қышқыл тағамдар мен лимон қышқылын қабылдау керек.Оларды қолданудың патогенездік негізі қандай?

 

№6 Есеп.     Егеуқұйрықты барокамераға үш минут бойы отырғызып, барометрлік қысым 180 мм. с.б. деңгейіне дейін ауа сорылды. Төмен барометрлік жағдайда болғаннан кейін жануарда 4 минуттан соң тырыспа-селкілдек пайда болды. 5 минуттан соң ақтық тыныс (сирек дем алу) пайда болып, бір бүйіріне қисайып жатты. Кейін тыныс алуы мүлдем тоқтайды. Төменгі барометрлік жағдайда (барометрлік қысым 180 мм. с.б.) өмір сүру ұзақтығы 6минутты құрады.

1. Аталған тәжірибеде жануар қандай жайттың әсеріне ұшырады?

2. Көрсетілген жайттардың қайсысы дамыған дерттік үрдістің (гипобариялық гипоксияның)              себебі болуы мүмкін?

3. Айтылған болжамдарды тәжірибе жүзінде қалай көрсетуге болады? 

4. Аталған гипоксияда жануарда ҚСҮ мен қанның газдық құрамы қалай өзгереді?

 

№7.Есеп.     10 000 метр биіктікте жолаушылар авиалайнерінің тығыз жабылмағандығы анықталды. Бірнеше секөнттің ішінде ұшақтағы барометрлік қысым сол биіктіктегі атмосфералық қысымның көрсеткішімен бірдей (170 мм.с.б.) болды. Экипаж төмен түсе алмай, ұшақ сол биіктікте бірнеше минөт бойы ұшты.

1. Осы апатқа сәйкес жолаушылар организмінде дамыған қандай дерттік үрдістер олардың денсаулығына қауіп төндіріп, өлімге әкелуі мүмкін?

2. Бұл дерттік үрдістердің туындау себептері мен даму жолдары қандай?

3. Аталған дерттік үрдістердің қайсысы жолаушылар организміне қауіпті және не себепті?

№8 Есеп.  38 жастағы жұмысшы Т.,кессоннан шыққаннан соң апатты түрде теріде қышу сезімі және тізе бұлшықеті мен тізе буындарында сыздап ауыруы сезімі пайда болды. Ентікті ,жүрегі жай соқты, жоғарылады, соқырлық пайда болды.

Сұрақтар:

1. Жұмысшыда аурудың қандай симптомдары пайда болды?

2. Осы бұзылыстардың механизімі қандай?

3. Науқасқа қандай медициналық көмек көрсету керек?

 

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі

1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 22-31, 75-80

2. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2012., том 1, с. 73-87

3. Патофизиология. Основные понятия. // под ред А.В. Ефремова. – Москва: ГЭОТАР-Медиа. – 2008. – С. 12-17.

4. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2010. - С. 19-21, 23-25

5. Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.: «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б.24-57

Қосымша

1. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 30 -38.

2. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 17-22

3. Давыдовский И.В. Проблемы причинности в медицине (этиология). М.: Медгиз. - 1962. -176 с.

4. Саркисов Д.С., Пальцев М.А., Хитров Н.К. Общая патология человека. М.: Медицина, 1995. - С.49 - 90.

5. Нурмухамбетов А.Н. Спорные вопросы этиологии (лекция) // Вестник КазГМУ, 1999. - № 5,.с.114 - 117.

 

Бақылау

ü Есептер бойынша қорытынды



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.