Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Гипертониялық әсерленіс.



1. Гипертониялық әсерленіс.

Бұл кезде систолалық қысым қатты жоғарылайды - 180-200 мм с.б. дейін, диастолалық кысым - өзгермейдінемесе жоғарылайды.Тамыр соғуы жиілігінің артуы жоғары, оның және АҚ бастапқы қалпына келуі, нормамен салыстырғанда, жүктемеден соң ұзаққа созылады. Бұл әсерленіс (серпіліс) АҚ жоғары, қан тамырларының атеросклероздық өзгерістері бар кісілерде, спортшыларда - шынығу жүктемесі жоғары кезеңінде байкалады.

2. Дистониялық әсерленіс

Систолалық қысым жүктемеден соң өте қатты көтеріледі, кейде 225 мм с.б. және одан да жоғары, ал диастолалық қысым польге дейін төмендейді - "шексіз" дыбыс феномені.

3. Астениялық әсерленіс.

ЖүректІң қызметтік жағдайы нашарлағанда байқалады. Бұл кезде систолалық қысым жүктемеден соң төмендейді. Тамыр соғуы жиілігінің артуы пайыз бойынша жоғары. Жүрек соғуының жиілігі және АҚ деңгейінің қалыпты жағдайға келуі кешігеді.

Алынған деректер бойынша қорытынды жасалады.

 

 № 2 тапсырма. Дене .жүктемесіне тексерілетін адамның тыныс алу                               жүйесінің әсерленісін және организмнің бейімделу                          мүмкіншілігін зерттеу.

Әдісі: "Тексерілетін адам түрегеліп тұрып демді ішке тартады, сыртқа шығарады, қайтадан демді ішке терең тартады, ол шынына жеткенде тыныс алуды тоқтатады (саусақпсн мүрыпды қысу арқылы). Секундомермен тынысты тоқтау мерзімі анықталады (Штанге сынауы).

Минуттық үзілістен соң отырған жағдайда тексерілетінадам терең тыныс алып, барынша тыныс шағарады да тынысты тоқтатады. Тыныс шығарғанан соң тынысты тоқтату мерзімі секөндомермен анықталады (Генче сынауы).

Ары қарай осындай сынаулар дене жүктемесінен соң 30 секунд ішінде 20 мәрте отырып-тұрудан соң дереу жүргізіледі. Алынған деректер кестеге енгізіледі.

Зерттелетін көрсеткіштер Жүктемеге дейін Жүктемеден соң дереу
Штанге сынауы      
Генче сынауы    

Жүргізілген сынауларды бағалау алынған деректерді қалыптылықпен салыстыру арқылы жасалады.

Дені сау шынықпаған адамдарда:

Штанге сынауы -30- 40 сек.

Генче сынауы - 20-30 сек.

Дене жүктемесінен соң бұл көрсеткіштер 10-15 сек. қысқарады. Алынған деректер бойынша қорытынды жасалады.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.