Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





тапсырма. Кейс-стади



№ 2 тапсырма. Кейс-стади

№ 1 есеп.           3 жастағы балада селқостық, ұйқышылдық, денесінің түршігуі пайда болып, жіті ауру дамыды. Дене қызымы 38,50С. 12 сағаттан кейін жұтынғанда тамағында ауыру сезімі пайда болды. Дәрігер науқасты қарағанда ұрттарында, терісінің қатпарларында, денесінің бүйір жақ бетінде, ішінің төменгі бөлігінде ашық алқызыл майда нүктелі бөртпелерді анықтады, тілі ақ өңезделген, бадамшасы қызарған, үлкейген, жақ асты лимфа түйіндері үлкейген. Бір апта бұрын жәншаумен (скарлатина) ауырып жүрген адаммен байланыста болды. Балаға жәншау әйгіленімі қойылды. Пенициллин қатарына жататын антибиотикпен емдеу тағайындалды. Бір аптадан кейін бөртпелер кетті, баланың жағдайы жақсарды.

1. Осы жұқпалы арудың даму сатысын көрсетіңіз, әрбір сатысын сипаттаңыз, жауапты негіздеңіз.

2. Берілген ауру кезінде қандай дерттік үрдістерді бөліп көрсетуге болады?

 

№ 2 есеп.          Науқас А., 45 жаста, әлсіздікке, жүргенде оң балтырының бұлшықеттеріндегі ауырусынуға шағымданып, шипажайға емделуге келді. Бес жыл бұрын тамырларының ауырғандығынан сол табанында құрғақ жара дамып, кесіліп тасталған. Шипажайда  науқасқа жылы күкіртті сутекті сумен бұлау тағайындалды.  Бірақ емді қабылдаған соң оны тоқтатуға мәжбүр болды, себебі көктамырда қабыну үрдісі дамығандықтан (флебит),  оң балтырының тері асты көктамырларының бойымен ауыратын қатаюлар пайда болды. Бұдан басқа науқаста бұлау қабылдау кезінде артериялық қан қысымы көтеріліп, бас ауыруы пайда болды.

1. Берілген есепте дерттік серпілісті, дерттік үрдісті, дерттік жағдайды анықтаңыз, қорытындыңызды негіздеңіз.

№ 3 есепМузыкант (пианист) қолының саусағын жеңіл жарақаттап алды, ол жерде қабыну құбылысы пайда болды. Ол адамда ауру бар ма? Жауапты негіздеңіз.

№ 4 есеп.Науқастың тісін жұлды. Онда ауру бар ма? Жауапты негіздеңіз.

№ 5 есеп. С. есімді науқас 18 жаста, ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілді. Орманда шаңғы теуіп жүріп адасып, ағаштың түбінде ұйықтап қалған. Бір тәуліктен кейін табылған. Қарап тексергенде: есінен танған, тік ішегінің қызымы 250С, терісі және көрінетін шырышты қабығы бозарған, көкшіл тартқан, көз қарашығы кеңейген, систолалық АҚ 40 мм.сын.бағ. (диастолалық анықталмайды). Тамыр соғуы минутына 30 рет, тынысы сирек, терең емес, рефлекстері төмендеген, ауыру сезімталдығы жоқ.

Көрсетілген симптомдар кешені өлімнің қандай сатысына жатады? Өз қорытындыңызды тұжырымдаңыз.

СӨЗЖҰМБАҚ ШЕШУ

Тігінен:

2. «аурудың немесе физикалық ақаулардың болмауы ғана емес, физикалық, психикалық

  және әлеуметтік толық сәттілік жағдай»

4. өлім сатысы

6. аурудың нышаны

8. гипоксияға ең сезімтал ми бөлігі

10. өлген организмді тірілтуге үлес қосқан ғалым

12. сауығудың тұрақты механизмдерінің бірі

15. клиникалық көріністердің қайталануы

16. сутегі ионы мөлшерінің артуы

18. пневмониядан өлген баланың оқшауланған жүрегін 19 сағат 30 минөттен соң тірілткен  

  (1902) ғалым, Верный қаласында тұрған.

19. «әртүрлі зақымдаушы агенттің әсерінен қоршаған ортаға бейімделуінің шектелуімен

  және еңбекке қабілетінің төмендеуімен организмнің қалыпты өмірінің бұзылысы»

21. Ф.А. Андреев (1913) ұсынған организмді тірілту мақсатында жүрекке қарай артерия

  арқылы сұйықтықты енгізу әдісі

23. денсаулықтың өлшемі

26. денсаулық пен ауру арасындағы аралық жағдай

 

Көлденеңінен:

1. ауру туралы жалпы ілім

3. өлімнің түрі

5. өлген организмді тірілту туралы ғылым

7. өлімнің түрі

9. аурудың аяқталуы

11. патофизиологтардың Қазақстандық мектебінің негізін қалаушы

13. өлім кезінде дамитын негізгі дерттік үрдіс

14. аурудың аяқталуы

17. жұқпалы аурулардың бірінші кезеңі

20. патологияның жасушалық теориясын құрған неміс паталоганатомы

22. аурудың клиникалық белгілерінің уақытша жойылуы

24. оттегі тапшылығына ең сезімтал жасуша

25. қанағымының қалпына келуі

 

 

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі

1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 5-22.

2. Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология.-Алматы; «Эверо», 2010.-С. 3-8.

3. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2012.- том 1, с.63-89

4. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2010. - С. 11-19.

5. Патофизиология. Основные понятия. // под ред А.В. Ефремова. – Москва: ГЭОТАР-Медиа. – 2008. – С. 3-11.

6. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 4-30.

7.  «Қазақстан Республикасында клиникалық тексерулер мен медико-биологиялық тәжірибелерді, клиникаға дейінгі тексерулерді өткізу Тәртібін бекіту туралы» ҚР ДМ 2009ж 12 қарашадағы № 697 Бұйрығының негізгі қағидаларымен танысу. Қазақстан Республикасының сауда және индустрия Министірлігінің метрологиясының және техникалық бақылау Комитетінің 29 желтоқсан 2006 жылғы № 575 Бұйрығы. Тиісті лабараториялық тәжірибенің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты. Негізгі қағидалары.

8. Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 5-24

Қосымша

9. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 3-10, 12-17.

10. Крыжановкий Г.Н. Патофизиология на рубеже нового столетия // Второй Российский конгресс по патофизиологии. Патофизиология органов и систем. Типовые патологические процессы. Тезисы докладов. М.: 2000, с.6 – 10.

11. Адо А.Д. Вопросы общей нозологии. - М.: Медицина, 1982 . - 240 с.

Бақылау

ü Хаттамаларды толтыру, тәжірибе нәтижелерін қорытындылау

ü Есептерді патофизиологиялық сараптау

ü Сөзжұмбақтың толтырылуын бақылау



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.