|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
I.5. СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚЫТУШЫМЕН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАРСтр 1 из 21Следующая ⇒ I.5. СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚЫТУШЫМЕН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ФИЗИОЛОГИЯ ПӘНІ, МАҚСАТЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ. ЖАЛПЫ НОЗОЛОГИЯ ТАҚЫРЫБЫНАН МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ Сабақтың мақсаты: · функциялық зерттеулерді жүргізудің негізгі әдістерін үйрену · Топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру
Оқыту міндеттері: · Жүрек-қантамырлық және тыныс алу жүйелерін функционалды тексеруді өткізуде Мартине, Генче, Штангенің физикалық жүктемелік әдістерін меңгеру · Ауру алды жағдайын анықтау үшін эксперимент нәтижелерін бағалап, сараптау · Сөзжұмбақ шешкенде тақырыптың негізгі атаусөздерін қолдануды үйрену · Топпен жұмыс жасауды үйрену (өз ойыңды жеткізу, лидерлік қаситетіңді көрсете білу) Жүргізу түрі: Кіші топтарда жұмыс жасау – тәжірибелерді орындау, кейс-стади, сөзжұмбақ шешу. ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС
Әдісі: Тәжірибені жүргізу үшін студенттер бірнеше жұмыс тобына бөлінеді. Әрбір топта 4 адамнан кемболмауы керек: 1-тексерілетін адам (өз еркімен келіскен студент) 2-артериялық қысымның деңгейін анықтаушы студент 3-тексерілетін адамда тамыр соғуының жиілігін анықтаушы студент 4-алынған деректерді дәптерге тіркеуші. Тексерілетін адамда отырған жағдайда артериялық қысым (АҚ) өлшенеді, екінші қолының тамырын ұстау арқылы жүрек соғуының жиілігі анықталады. Ол үшін тамыр соғуының жиілігін 10 сек. ішінде 6 мәрте анықтайды, алынған нәтижелерді қосады да 6-ға бөледі, орта арифметикалық шаманы есептейді. Ары карай, тексерілетін адам қарынан байламаны (менжетка) алмай, 30 сек. ішінде 20 мәрте отырып-тұрады. Осындай жүктемеден соң дереу АҚ және жүрек соғуының 10 сек. жиілігі анықталады. Содан соң, тамыр соғуының жиілігі (пульс) және АҚ жүктемеден кейін әрбір 1 минут сайын (бірнеше мәрте) көрсеткіштердің бастапқы шаманың қалпыпа келгенінше анықталады. Алынған деректер кестеге енгізіледі:
Сынауды бағалаудың нышандары: Жүрек соғуы жиілігін талдау. 1. Жүктемеден соң тамыр соғуының жиілігі 3-4 мин. соң қалпына келуге тиіс. 2. Жүктемеден соң тамыр соғуының жиілігі 50-70%-ға артуы тиіс. Ол мынадай өрнекпен есептеледі. Жүктемеден соңғы - бастапқы тамыр х 100 тамыр соғуының жиілігі соғуының жиілігі бастапқы тамыр соғуының жиілігі
АҚ өзгеруін талдау. 1. Дене жүктемеснен соң систолалық қысым әдетте 10-20мм. с.б. артады, диастолалық қысым 10-20 мм с.б. төмендейді, пульстік қысым 20-40 мм с.б. артады. 2. АҚ жүктемеден кейін 4-5 минуттан соң қалпына келеді. Көрсетілген қалыптылық жүрек-тамыр жүйесінің дене жүктемесіне жауабының нормотониялық әсерленісі кезінде байкалады және ол жүрек және қан тамырлары жағдайы қалыпты дені сау шынықпаған адамдарға тән, бейімделу мүмкіншіліктері жеткілікті. Жауаптың дерттік түрлері де кездеседі:
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|