Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Аннуитет.. Ақшалай ағымдарды бағалау әдістері



Аннуитет.

Егер пайыздық төлем дискреттік емес мерзімде есептелсе, онда мұндай жағдайда аннуитет ұғымы қолданылады.

Аннуитет (қаржылық рента) – бірдей уақыт мерзімі аралығында қатаң түрде төленетін төлемнің ұласпалы қатарын айтамыз. Егер төлем мерзімнің басында төленсе, онда мұндай төлемді пренумерандо, ал мерзімнің соңында төленсе, онда постнумерандо деп атайды.

Аннуитетті күрделі пайыз бойынша есептеу үшін өспелі геометриялық прогрессия қолданылады. S=x1+x1*r1+x2+(x1+x2+x1*r1)r2+x3+[x1+x1r1+x2+(x1+x2+x1*r1)]r3+…..+ xi(1+r)n-i

S= xi((1+r)n-1)/(1+r)-1=xi  постнумерандо, -1 жазылу себебі төлемді кезеңнің басында немесе соңында төлеуге байланысты.

-рента өсімінің коэффициенті д.а. – бұл n мерзім аралығында ақшаның жинақталуын сипаттайтын көрсеткіш.

Пренумерандо бойынша рентаның есептелінуі:

FV=x(1+r)

Егер төлем кезеңнің ортасында төленсе, онда: FV= FV 0(1+r)0,5, FV 0-постнумерандо рентасы. Егер жыл сайын бірдей салым салынса, онда: FV=PV

Аннуитеттің ағымдық құнын есептеу: PV =FV

Егер n мерзімінің соңына дейін пайыз есептелсе, онда аннуитеттің ағымдық құны: PV =FV (1+r)k, k-негізгі қарызды өтеу мерзімі.

2. Ақшалай ағымдарды бағалау әдістері

Ақшалай ағымдарды бағалау әдістері:

1. Тікелей бағалау әдісі;

2. Кері бағалау әдісі.

1-ші әдіс компаундинг процесіне негізделеді. Компаундинг – ол белгілі ағымдағы құн және пайыздық ставка арқылы келешек құнын анықтау процесі.

 

 

FV = ∑PV * (1 + і) n = ∑PV * ҒМ1        ҒМ1 = (1 + і) n

 

 

ҒМ1-ң мөлшері мультипликациялық көбейткіш деп аталады. ҒМ1-ң экономикалық мәні – бір ақшалай бірлік белгілі пайыздық ставка, яғни і мөлшерінде және n кезеңінен кейін нешеге тең болуын көрсетеді.

2-ші әдісі дисконттау процесіне негізделеді. Дисконттау дегеніміз белгілі келешек құн мен пайыздық ставка арқылы ақшадай қаражаттың ағымындағы құнын бағалау әдісі.

 

PV= ∑ FV / (1+ і) n = ∑ FV * FM2           FM2= 1/(1 + і) n

 

ҒМ2 – дисконттау көбейткіші. Оның экономикалық мәні келешектегі ақшалай бірліктің белгілі пайыз бойынша ағымдағы құнын анықтау. Ақшалай ағымның негізгі белгісі – ол (ақшаның) ақша құнының уақытша болуы, яғни ақшаның бүгінгі құны және оның келешек құны бір – бірімен тең болмайды. Бұл теңсіздікке келесідей факторлар әсер етеді:

- ақшаның төмен қабілеттілігінің өзгеруі;

- ақшалай қаражаттың айналымдылығы;

- күтілген соманы алмау немесе құнды жоғалту тәуекелі.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.