Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





аржы менеджментінің жоспарлау саясатының мәні және маңызы



2 Қаржы менеджментінің жоспарлау саясатының мәні және маңызы

  Қаржылық саясат жалпы мемлекеттік экономикалық әлеуметтік саясаты болып табылады және қаржы мен несие аймағында мемлекеттік қызметінің концепциясы, қаржы – несие механизмі, сонымен қатар елдің қаржы – несие саясатымен басқару.

Мемлекеттік қаржылық саясаттың негізін стратегиялық бағыттар құрайды. Олар қаржының ұзақ мерзімді және орта мерзімді қолдану перспективасын және негізгі мақсаттарға жетуді қарастырады. Қаржының функциясынан іс жүзінде пайда болатын және елдің экономикалық әлеуметтік дамуының сипатты белгісі болып табылады.

Әлеуметтік – экономикалық саясаттың басты мақсаттары:

- экономикалық өсудің тұрақтануы жүз жылдықтың сонына қарай жылына 5 пайыздан кем болмау керек;

- экономикалық нарықты тиімді функциоландыруы үшін институционалдық өзгерістердің комплексінің пайда болуы;

- экспорт пен өндірістің прогресивті структуралық қозғалысының қамтамасыз етілуі;

- табыстың өсуі және халықтың ұсынуы.

Мемлекеттік белгіленген стратегиялық бағыттар экономикалық ситуацияның тұрақты факторларды бағалау және міндеттің тұрақты өсімге ауысуы негізделеді. Экономикалық және әлеуметтік реформаның комплексті өткізуіне бағытталған, мемлекеттік саясаттың позитивті процестері сату арқылы тіркеледі деп күтілуде. Қаржылық саясат, қаржылық тұрақтандыру ұлттық валютаның тұрақтылығын сақтауға, инвестициялық климаттың экономикада өзгеруіне бағытталады.

Салық саясатының эффективті өткізілуі ұлттық экономиканың өсуіне қажетті шарт. Салық реформасы салық жинауды жоғарлатуды және міндетті төлемдері барлық алымдардың жүйесін оңайлатуға бағытталған.

Қаржылық саясаттың маңызды мақсаттарына – қаржылық және төлемдік тәртіпті күшейту, бюджеттік дағдарыстан шығу, инфляция деңгейінің әрі қарай төмендеуі, кәсіпорындардың қайта құрылу реформалануын өткізуі жатады.

Қаржы – несие механизмі – басқару жүйесін және өндірісін басқару теориясы категорияларының қолдануы мен тиімді функциялануы тікелей байланысты. Бірақ қаржы – несие механизмінің нақтылығын ашу күрделі, өйткені заң бойынша қаржымен басқару толық зерттелген жоқ. Негізгі жетістіктерді басқару - өндірістің жеткіліксіз бағалауында. Мұндай жағдайлардың себептері өндіріске қаржы және несиенің бүкіл халық шаруашылығына ықпал етудің күшейтетін актуалді мәселелердің шешіміне әдістемелік жағынан нұсқау береді.

Басқарудың нақтылығы функцияларда ашылады. Басқару функциясы – бұл басқарудың белгілі бір қызметінің түрі, басқарушылық еңбекті мамандандыру процесінде біріктірілген.

Оларға жататындар: жоспарлау, ұйым, координация, ынталандыру және бақылау. Қаржымен басқару сферасында басқару функциялары өзінің спецификалық мазмұнын иеленеді.

Жоспарлау. Жоспарлау – бұл дамудың ғылыми көзқарасы және кеңейтілген өндірістің жолдарын анықтау болып табылады. Қаржылық жоспарлау мемлекеттің экономикалық жоспарлауының құрамдас бөлігі болып табылады. Ол бөлек элементтердің өзара келісімін қамтамасыз етеді. Шығуы және шоғырландыру болған шаруашылықтың ішкі резервтерінде әрекеттеседі. Қаржымен басқару кезінде қаржылық жоспарлау жетекші және бағыттаушы рөлін атқарады және қаржы – несие жүйесінің бөлек звеноларында қаржылық және несиелік ресурстардың формаларын және тарату әдістерін бейнелейтін жоспардың негізінде пайда болады.

Елдің негізгі қаржылық жоспары болып Қазақстанның мемлекеттік бюджеті табылады, онда қаржылық ресурстардың үлкен бөлігі топталған. Ол мемлекеттің ұйғарымына түскендер қаржылық саясаттың өткізілуіне арналған. Жоспарлау кезеңінде мемлекеттік бюджеттің табыстарымен шығыстардың, кәсіпорындардың қаржылық жоспары және ұлттық шаруашылықтың салалары мүліктік және сақтандыру ұйымдарының қаржылық жоспары, несиелік жоспар қажетті байланыс орнатады. Сонымен қатар қаржылық және несиелік жоспардың көрсеткіштерін жоспарлау салық салуды реттеу құралы мемлекеттік бюджеттің көрсеткіштерінен іс жүзінде тәуелді, сондықтан қаржылық жоспарлауда бюджеттік жоспарлау орталық орын алады.

Кәсіпорындардың және шаруашылық ұйымдарының қаржымен басқару процесі – басқа маңызды звеноның жалғыз қаржы – несие жүйесі - әр кәсіпорындардың қаржылық жоспарды құрудан басталады, бизнес – жоспарға кіретін соңғы бөлім, оның ішінде табыстар ақшалай формада көрінеді. Өндірістік және шаруашылық қызметінің басқа түрлерінің шығындары және қаржылық нәтижелері: қаржылық жоспарлар алдағы жоспарлы кезеңге ақшалай қорлардың қалыптасуы мен шығындалуы қарастырылады және осы арқылы олардың қаржыларын басқару процесі алдын ала анықталады.

Сақтандыру, несиелеу және басқа қаржы – несие жүйесінің басқару қаржылық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Сонымен қатар қаржылық жүйенің әр звеносында басқару функциясы жетекші болып табылады.

Ұйым . Бұл қаржының басқару функциясын таңдауда және басқару органдарының құрылу жүйесінде сипатталады, бағыну тәртіптері бойынша әр ұйымның құқығының және міндетінің қаулысы болып табылады. Кең мағынада берілген функция өндіріс нәтижесінің жақсаруын сонымен қатар жаңа әдістерді өндеу ықпалын болжайды. Мысалы: бюджетте таза табысты алу әдістерін таңдау, қаржыландырудың әртүрлі формаларының сәйкес келуі, банктік қызметтердің прогресивті түрлерге енуі, ақшалай есептердің жандануы және тағы басқа. Ұйымның орындау нәтижесінің функциясы басқару амалдарының структурасын құруда нақтыланады және тағы басқа нормативті құжаттауда анықталады.

Координация. Қаржымен басқару саласында координация ақшалай қаражаттардың шығындалған қорлары және қарастырылған жоспардың құрылу сатысы диспропорциялар шаруашылық шарттардың өзгеруі нәтижесінде пайда болады. Осылайша, координация кәсіпорындардың қаржысымен басқаруда қазіргі заманғы себептердің қаржылық жопардың орындамаушылығы және қаржылық кәсіпорындардың сауығуы өндірісті өңдеу,өндірістің дамуына қаржыландырудың және несиелендірудің қосымша қайнар көздерін іздестіру, сонымен қатар уақытша қаржылық қиыншылықтардың жазылуы.

Ынталандыру. Берілген функцияны орындай отырып басқару органдары адамдардың іскерлік белсенділігін, материалдық және рухани қажеттіліктермен байланыстырады.

 Қазіргі заманғы экономикалық шарттарда материалдық қызығушылықтың қолдануы объективті қажеттілік болып табылады. Жұмысшылардың ынталандыру қызметі олардың қоғамдық, коллективтік және жеке көзқарастарының қанағаттандырылуы жолымен өтеді. Қаржы – экономикалық жүйенің көзқарастары экономикалық көзқарастармен және коммерциялық ұйымдармен, акционерлік қоғамның акционелерімен тығыз байланысты.

Қоғам өндірістің дамуы және мемлекеттің қаржылық саясатының негізінде тиімді қалыптасуда, үй құрылысын қаржыландыру саласында, білім және мәдениет деңгейінің жоғарлауының қызығушылығын танытты. Мемлекеттік бюджетте осы қоғамдық қызығушылықтар кәсіпорындардың қаржылық ресурстарын есептеу арқылы қанағаттандырылады. Осы мақсатпен халықтан салық салу формасында адамдардың табыстарының бөлігі мемлекеттік бюджетке есептен түседі.

 Табыс алумен байланысты нарықтық жағдайда кәсіпкерлік қызметінің негізгі мақсатынан шаруашылық ынталандыру объективті түрде басқару функциясынан шығады. Нәтижесінде қызығушылық қаржы - шаруашылық қызметінде, еңбекақы төлемінің өсуінде, акционерлік қоғамның акцияларымен дивиденттерді алу, салық салу жүйесінің әділетті қалыптасуы, экономикалық мақсаттылық пропорцияларды сақтау кәсіпорындардың таза табысын таратуда жинақтау және тұтыну сипатталады.

Ынталандыру шаруашылық қызметінің нәтижесінде белгілі бір материалдық жауапкершілікті білдіреді. Шаруашылық субъектілердің материалдық жауапкершіліктің қаржылық әдістерінің өткізуі олардың жетекшілері және жұмысшылары практикада әртүрлі болады.

Кәсіпорында материалдық жауапкершіліктің тура формасына пеня, айыппұлдар банктік ссудаларды уақытында жаппау, тәртіп бұзғанда алынады. Эффективті емес қызмет кезінде кәсіпорынға банкроттық процедуралар қолданылады. Шаруашылық заңдылығын бұзған кезде кәсіпорынның жетекшілеріне айыппұл жүйесі қолданылады. Шаруашылық ұйымдарға және басқа кәсіпорындардың жұмысшыларына айыппұлдар, сыйақы айыру, еңбек тәртібін бұзған кезде жұмыстан шығару қолданады.

Бақылау – басқару функциясының сферасында қаржылық қатынастарда ортақ мемлекеттік бақылаудың принциптері жүйесінде құрылды.

Қаржылық бақылаудың формалары мемлекеттік қаржылық саясаттың талаптарымен анықталады. Мемлекеттік қаржылық жүйесі ақшалай қаражат қолдарының барлық түрлерін федеральді және региональді деңгейде қамтиды. Сондықтан да бақылау көпдеңгейлі және жан – жақты болып табылады.

 Мемлекеттік қаржылық бақылау мемлекеттің қаржылық саясатын өткізу және оларға өзінің функцияларының экономикасымен байланыстыру үшін арналды. Біріншіден, құрастыру – бюджеттік емес қорлар барлық деңгейлі бюджеттердің орындалуы. бекітілуі, сонымен қатар мемлекеттік ұйымдардың қаржылық қызметіне бақылау болып табылады.

Экономикалық мемлекеттік емес секторының қаржысына бақылау мемлекетінің алдында ақшалай міндеттемелерді орындауға, ең алдымен салық және міндетті салық төлеміне арналады. Заңдылықты сақтау және кәсіпорынға берілген бюджеттік субсидиялар мен несиелер шығындалады, сонымен қатар мемлекетпен белгіленген ережелер сақталады.

Қаржымен басқару жүйесінде қарастырылған функциялар тәуелсіз көрінеді. Осылайша жоспарлау сатысында қаржылық жоспарды құру процесінде шаруашылық резервтерінде және қаражаттардың эффективті түрде қолданылуы бақылауда пайдаланылады. Бір кезде кәсіпорындардың қызметі қаржылық жоспарды орындаумен ыңталандырылады, ал қаржылық жоспардың нәтижесінде шыққан резервтер жоспарға салынады.

Қаржымен басқару жүйесінде даму және жандандыру әдістерінің қаржы мен несиенің экономикалық өсуіне қамтамасыз етілуіне үлкен көңіл бөлінеді. Қаржылық әдісті басқару шешімдерін алған процесінде, қаржылық және экономикалық ауытқулар тәсілдерінің ықпалын анықтауға болады. Қаржылық әдістердің іс - әрекеті ақшалай қаржылардың білім және қолдану қорларына сонымен қатар ресурстардың бақылау процесі кезінде эффективті қолданылуда көрінеді.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.