|
|||
Тақырып 4. Активтерді бағалау әдістері және модельдеріТақырып 4. Активтерді бағалау әдістері және модельдері Дәріс сұрақтары: 1. Қаржы нарығы туралы ұғым. 2. Қаржы нарығының құрылымы. 3. Нарықтық белсенділікті сипаттайтын көрсеткіштер 4. Инвестициялар туралы ұғым, оның түрлері, олардың сипаттамалары 5. Портфельдік инвестициялар түрлері 6. Бағалы қағаздар портфелі және оны басқару 7. Бағалы қағаздар түрлері
1. ҚР орталықтандырылған жоспарлы экономикадан жаңа мемлекет тарапынан реттелініп отыратын нарықтық эономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық мекемелермен бірге қаржы нарығын құруын талап етті. Қазақстанда қаржы нарығы бұрын соңды болған емес. Қаржы нарығы-бұл ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сатумен қайта сату жөніндегі қызметтерді жүзеге асыру жолымен кәсіпорынның, фирманың, банктің, жинақтаушы зейнетақы қорлардың, сақтық мекемелердің мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастарының жиынтығы. Ол нарықтық қатынас жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие, сақтық, валюта және басқа нарықтармен тығыз байланысты. Оны келесі кестеден көруге болады: Экономикалық жүйедегі нарықтың өзара байланысы Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайдағы қаржы нарығы қаржы ресурстары үздіксіз қалыптастырып отыруда, оларды неғұрлым тиімді пайдаланудың ұлттық шаруашылықта ақша қозғалысына ұтымды ұйымдастырудың айрықша нысаны болып табылады және бағалы қағаздар нарығы, сондай-ақ қарыз нарығы түрінде де іс-әрекет етеді. Қаржы нарығы экономикалық түрлі шаруашылық жүргізушінің реттейтін нарық қатынасының бүкіл жиынтығын біріктіретін неғұрлым жалпы ұғым болып табылады. Қаржының жалпы ақшамен шеттелмей, қаржы нарығы ұғымы валюта несие капитал нарығымен қоса отырып, кеңінен түсіндіріледі.
|
|||
|