Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырып 9. Компанияның құны және құндылыққа бағдарланған менеджмент



    Тақырып 9. Компанияның құны және құндылыққа бағдарланған менеджмент

 1.Капитал бағасын және құрылымын анықтау

 2.Капиталдың ішкі нарықтық баланстық құны

 3.Корпорация капиталының құрылымы

 4. Компания капиталының инвестициялық құны

1. Капитал құны дегеніміз-қызметті қаржыландыруға тартылатын қайнар көздерімен байланысты шығындар болып табылады.Негізгі қаржыландыру қайнар көздері келесі түрлерге бөлінеді:

1)несиелік ресурстар;

2)облигациялық(қарыздар,заемдар)

3)ерекшелігі бар акциялар;

4)жай акциялар;

5)табыс.

Жалпы капитал құны келесі формула арқылы есептелінеді:

                                ΣСҒ

                        R=―――――

             (1+1)´

 

СҒ-қарастырылған капитал бойынша ақшалай ағымдар;

І-қарастырылған капитал бойынша табыс мөлшері;

n-капиталды пайдалану мерзімі.

1)Несиелік ресурстар бойынша капитал құнының формуласы:

                     Кн.р.=і*(1-СС)

СС-корпоративті табыс ставкасы.

2)Облигациялық заемдар бойынша капитал құнының формуласы:

Облигациялар (1),алдын ала өтелетін(2),3)мерзімді облигациялар);

                  СҒ

1)Ко.з.1=――――

                 (1+1)´*

 

                  СҒΣ'*1

2)Ко.з.2=―――――――

                   (1+1)+В/(1+1)ۢ

 

В-өтеу құны;

 

                   СF∑ۢۢ*1

3)Ко.з.З=――――

                  (1+1)+М/(1+1)

 

М-номиналды құн

3)Артықшылығы бар акциялар:

              D

    Ка.а.=―            D-дивидент

4)Жай акциялар бойынша:

4.1)егер акция алып саларлық мақсатта пайдаланылса,онда:

                  D           P

     Кж.al= ―   +―――        P-нарықтық құн

                 (1+1) ۢ    (1+1) ۢ

 

Алып-сатарлық=Девидент+курстық айырмашылық;

4.2)Кәсіпорынның қызметінде қатысу және девидент алу мақсатында болса,есептеледі:

                      D

  Кж.а2=Σx―――

                        (1+1)ۢ

 

4.3)Егер дивиденттер тұрақты өсіп отырса,келесі формула арқылы есептеледі:

              (1+d)

Кж.а.3=Dx―――              D-базистік кезендегі дивидент

               1-d

 

d-девиденттің өсу қарқыны;

Гордон формуласы            і-проценттік ставка.

5)Табыс бойынша капитал құны-бұл табысты түсірумен байланысты шығындардың мөлшеріне тең болады.Егер кәсіпорын қызметінде қаржыландыруға бірнеше қайнар көзін пайдаланса, орташа мөлшерікапиталдың құны есептеледі.

 К-ол,і капиталдың яғни қаржыландыру қайнар көзінің құны

Gi-ол,і капиталының,яғни жалпы қаржыландыру қайнар көздерінің ішіндегі үлесі.

Негізгі капиталды басқару ол қаражаттарды активтер арасында рациональды түрде тарату негізгі капиталдың құнын анықтау және оларды тиімді пайдалануды жүзеге асыру және бағалау болып табылады.

Бағалау және қайта бағалау-негізгі құралдармен материалдық емес активтердің аяқталмаған күрделі салымдар мен ұзақ мерзімді қаржылық салымдары үшін айналымнан тыс активтердің құнын бағалау әртүрлі.

  3.Корпорация капиталының құрылымы

Қаржы ресурстары – экономикалық теорияда да практикада да кеңінен қолданылады. Оған банктегі ақша қаражаттарының шамасынан болжап кәсіпорын қаржының ғалама көрсеткіштеріне дейінгі әртүрлі мәне бар терминдер кіреді. Экономикалық ғылыми практика жүзінде қаржы ресурстары термині қолданылады, әртүрлі түсіндірмелер кіреді.

Қаржы Республиканың мемлекеттік корпорацияларының шығындарын өтеу және олардың қарамағында әртүрлі ақша қаражаттары ретінде түсініктеме беріледі.

Қазақстан республикасында мынадай анықтама беріледі: Бұл ақша – несие және бюджеттік халық шаруашылығын қамтамасыз ету және дамыту үшін үздіксіз пайдаланылатын әлеуметтік – мәдени шараларға басқару мен қорғанысқа жұмсалатын қаражат ретінде жүретін экономика жүйесінің құрамдас бөлігі.

Өзіңіз ақша табыстарымен шеттен түсетін түсімдерін ақша ресурстары деп қарауға болады. Олар шаруашылық жүргізуші субъектінің қарамағында болу, оның қаржы міндеттемелерінің орындалуы үшін арнайы жасалады да ағымдағы шығындарына және өндірісті кеңейтуге байланысты кететін шығын үшін жұмсалады.                          

Кәсіпорын капиталы – ол пайда түсіретін кәсіпорын мүлігінің қаржылары. Капитал кәсіпорынның құру және дамыту басты экономикалық база болып табылады. Себебі, ол материалдық және материалдық емес формаларда инвестициялық активтерінің жалпы ақша құнын қалыптастырады.

Капитал өз функциялану процесінде жекеменшік, кәсіпорын персоналы сонымен қатар мемлекеттің қызығушылықтарын қамтамасыз етеді. Дәл осы капиталдың кәсіпорын қаржылық басқаруының негізгі объектісі ретінде анықтайды, ал оның тиімді пайдалануы қаржылық менеджменттің ең негізгі мақсаттарының бірі екенін дәлелдейді.

Жалпы кәсіпорын капиталы ұғымында оның көптеген әртүрлі түрлері түсіндіріледі, сондықтан олардың белгілеріне қарай түрлерін қарастырайық. Иелігіне қарай: жекеменшік және қарыздық капитал. Жекеменшік капитал жалпы фирманың қаражаттарының құнын білдіреді, себебі ол жекеменшік құқығына ие болады. Оның құрамында жарғылық, қосымша, резервтік капитал, бөлінбеген пайда және басқа да резервтерн есептеледі.

Жарғылық капитал мемлекет, басқа меншік иесі немесе құрылтайшы берген кәсіпорын (ұйым) мүлкінің (капиталының) мөлшерін сипаттап көрсетеді және алғашқыда, шаруашылық жүргізуші субъектілерді құрғанда өндірістік капиталды, материалдық емес активтерді, айналым құралдарын сатып алудың көзі болып табылады. Оның қаражаттары есебінен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қажетті жағдайлар жасалады. Мемлекеттік кәсіпорындардағы жарғылық капитал өндірістік капиталдарды (айналым және негізгі капиталдарды) - өндіріс процесінің натуралдық заттай элементтерін құруға арналған меншікті қаражаттардың негізгі көзі.

Жарғылық капиталдың мөлшері шаруашылық қызмет процесінде өзгеріп отырады: негізгі капиталға жұмсалатын инвестициялар (күрделі жұмсалым), таза табыс есебінен болатын айналым капиталдың өсімі, тауарлы – материалдық құндылықтарды бағалауға дейінгі және капиталдың басқа толықтыру нәтижесінде көбейді.Негізгі құралдарды шығару немесе беру, оның тоғызын есептеу,зияндарды шығару, туралы материалдық игіліктердің бағасын түсіру есебінен кемиді.

Қосымша капитал мыналарды қамтиды:

- бағалауға дейінгі негізгі қаражаттардың сомасын;

- фирмаға қайтарусыз берілген құндылықтар;

- орналасқан акциялардың номинал құнына қосымша алынған сома (акционерлік қоғамның эмиссиялық кірісі).

Қосымша капитал кәсіпорынға жыл ішінде жоғарыда көрсетілген каналдар арқылы түсетін ақша қаражаттарын басқарады. Бұнда негізгі канал – негізгі қорларды жоғары бағалау болып табылады.

Резервтік капитал жарғыда бекітілген мөлшермен табысты бөлуден құралады, ол жарғылық капиталдың 15 % нен кем болмауы керек. Жыл сайын резервтік капиталға таза табыстың кем дегенде 5% түсіп отыруы қажет, жарғыда бекітілген мөлшерге жеткенге дейін . Резервтік капитал мүмкін болатын кәсіпорын шығындарын жабуға, сонымен қатар кәсіпорынмен эмитенттелген облигацияларды жабу үшін, және өз акцияларын сатып алу үшін құрылады.

Қарыздық капитал қайтару негізінде фирманың қызметін, дамуын қаржыландыруға алынған ақша қаражаттарынан және басқа да мүліктік құндылықтардан тұрады. Фирмада қолданылатын қарыздық капиталдың барлық түрлері белгілі мерзімде қайтарылатын қаржылық борыш болып табылады.

           Инвестицияландыру объектісіне қарай кәсіпорын капиталды, негізгі және айналам капиталы болып бөлінеді.

           Негізгі капитал – кәсіпорын қызметінде бір жылдан аса пайдаланып өз құнын дайын өнімге бөлшектеп аударатын қаржылық құны болып табылады.

           Байланыс капиталы пассивтері активтердің құрылуы үшін қызмет етеді. Корпорация активтері – бұл мүлікті құқықтар жиынтығы, яғни мүлікке ие болу, басқару, пайдалану құқығы бар екенін білдіреді.

Активтер 2 түрлі болады:

1. Айналымнан тыс активтер;

2. айналым активтер.

           Айналым активтері – бұл бір өндірістік цикілінде немесе ібр жылда ақша қаражатының активтері.

           Айналым тыс активтер – мобильдік активтер бөлігі. Айналымнан тыс активтер шаруашылық айналымнан шығып қалған кәсіпорын ақшалай қаражаты болып табылады.

           Айналымнан тыс активтер немесе негізгі капитал өндірістің материалдық базасын техникалық деңгейін сипаттап, оларды ұлттық байлығының маңызды бөлігі ретінде көрсетеді.

           Негізгі қаражаттар – негізгі қорларға салынған ақшала қаражаттары болып есептеледі. мақсатына, міндетіне, рөлі мен атқаратын қызметіне байланысты негізгі қорлар белгілі топтарға топталады. Негізгі өндірістік қорларды типтік тоқталуына бірнеше топтар, құрылыстар, ғимараттар, лабораториялық есептеу техникалары, машиналар мен автоматты құрал – жабдықтар, көлік құралдары, кәсіпорын меншігінде болатын жер учаскелері.

               Негізгі қорлар – шаруашылық процесінде бірнеше рет қолданылатын бірақ өзінің формасын өзгертпейтін еңбек құралдары, олардың құны, аммортизациялық аударымдар түріндегі өндірілген өнім бірлігіне (атқаратын қызметтер немесе көрсетілген қызмет немесе кәсіпорын мұқтажын өтеуіне қажет материалдық құндылықтар жатады. Олардың құны 12 айлық көрсеткіш немесе олардың әрбір бірлігі сатып алынған күннен бастап 50 айлық есептеу көрсеткіштерінен асып тұруы керек.

       Айналымнан тыс активтер (ұзақ мерзімді активтер) келесідей бөлінеді:

- Материалдық активтер;

- Материалдық емес активтер;

- Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар.

       Материалдық активтер – ол құрал жабдықтарға, машиналарға, жерге, жұмыс істейтін малға және тағы сол сияқтыларға жұмсалып отыратын қаражаттар. Материалдық емес активтер – бұл шаруашылық жұмыстарға ұзақ мерзімде пайдаланатын әрі табыс әкелетін материалдық емес объектілерге салынған ақша қаражаттары. Яғни заттық формасы жоқ активтерге салымдар болады. Мысалы, кәсіпорынның басқа кәсіпорынмен байланысы, табиғи ресурстарын пайдалану құқығы, патенттер, ноу-хау өндірістік құрылысы және т.с.с.

Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар – ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға салынатын салымдар. Басқа жарғылық капиталдың үлесті қатысуға жұмсалатын шығындар.

Өндірістік қорлар – тікелей немесе жанама түрде материалдық өндіруге қатысады. Өндірістік емес қорларға тұрғын үйлер, бала-бақшалар, санаториилер, яғни материалдық емес салымның негізгі қорлары жатады. Өндірістің негізгі қорларының активтік және пассивтік түрлері болады. Активті негізгі қорлар – шикізаттар мен материалдардың және жартылай фабрикаттарды өндеуге және тасуға тікелей қатысатын машиналармен жабдықтайды. Пассивті негізгі қорлар өндірістік негізгі қорлардың қызметіне тікелей қатыспайды, бірақ сол өнімді өндіру үшін қажетті жағдай жасайды.

Экономикалық салаларында негізгі құралдар құрылымы біркелқі болмайды, ол техникалық жабдықтауға технологияның маман даярлау мен өндірістік ұйымдарға байланысты болады.

Айналым капитал ол кәсіпорын қызметінде 1 жыл арасында немесе 1 өндірістік циклде пайдаланып өз құнын дайын өнімге толық аударылған қаражаттардың құны.

Тауарлы материалдық запастар - өндірістік запастар (шикізат, материалдар, отын, аяқталмаған өндіріс, жартылай фабрикаттар, дайын өнім).

Дебиторлық қарыздар – ол қоғамға басқа тұлғалармен ішкі бөлімдердің жұмысшылардың қарыздары.

Ақшалай қаражат – кәсіпорында қолма – қол ақша (кассадағы, есептік, валютадағы шоттардағы ақшалар).

Келешек кезең шығындары – ол қарастырылатын кезеңде жиі асырылып, бірақ нәтижелі, келешек кезеңдерде күтілетін шығындар.

Қысқа мерзімді қаржы салымдар – ол қысқа мерзімде бағалы қағаздарға салымдар.

Негізгі капитал айналым капиталына қарағанда өз заттық формасын өзгертпейді (1 жылдан асатын қаржылар). Қаржылық менеджмент негізінде және айналым капиталдарының заттық формасы маңызды болмайды, ең бастысы олардың құны болады.

Кәсіпорындардың капиталы – ол пайда түсіретін кәсіпорынның мүлігі және қаражаттары. Кәсіпорынның мүлігі ретінде капитал негізгі және айналым капиталы болып бөлінеді. Негізгі капитал және айналамнан тыс активтер, ұзақ мерзімді активтер. Оған: материалдық активтер, материалдық емес активтер, ұзақ мерзімді қаржылық салымдар жатады.

Айналым капитал немесе қысқа мерзімді активтер немесе ағымдағы активтер деп аталады. Оған: тауарлы материалдық запастар, дебиторлы қарыздар, ақшалай қарыздар, келешек кезең шығындары, қысқа мерзімді қаржылық салымдар жатады.

Негізгі капитал – ол кәсіпорынның қызметінде 1 жылдан аса пайдаланып, өз құнын дайын өнімге бөлшектеп аударатын қаражаттың құны болып табылады. Материалдық активтер дегеніміз құрал – жабдықтарға, машиналарға, жерге, жұмыс істейтін мамандарға салынатын қаражаттар. материалдық емес активтер – заттың формасы жоқ активтерге салымдар болады. Мысалы: кәсіпорынның құны, патент т.б. Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар – ол ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға салымдар болып табылады.

Айналым капиталы – ол кәсіпорынның қызметінде 1 жыл арасында немесе бір өндірістік циклде пайдаланып, өз құнын дайын өнімге толық аударатын қаражаттардың құны. Тауарлы - материалдық запастарға: өндірістік запастар (шикізат, материалдар, ойын) аяқталмаған өндіріс, жартылай фабрикаттар, дайын өнім. Дебиторлық қарыздар – бұл кәсіпорындарға басқа тұлғаның, ішкі бөлімдердің, жұмысшылардың қарыздары. Ақшалай қаражаттар – ол кассадағы, есептік, сомалық шоттағы ақшалар. Келешек кезең шығындары – ол қарастырылатын кезеңде жүзеге асырылып, бірақ нәтижесі келешек кезең шығындары –ол қарастырылатын кезеңде жүзеге асырылып, бірақ нәтижесі келешек кезеңдерде күтілетін шығындар. Қысқа мерзімді қаржылық салымдар – бұл қысқа мерзімді бағалы қағаздарға салымдар болып табылады. негізгі капитал айналым капиталға қарағанда өзінің заттық формасын өзгертпейді.

Негізгі капитал байланыста – ұзақ мерзімді активтер деп белгіленеді, ал айналым капитал ағымдағы активтер болып белгіленеді.

Қаржылық менеджментте негізгі және айналым заттық формасы капиталдардың заттық формасы маңызды болмайды, ең бастысы олардың құны болып табылады.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.