Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырып 8. Ұзақ мерзімдік қаржылық жоспарлау



Тақырып 8. Ұзақ мерзімдік қаржылық жоспарлау

Дәріс сұрақтары:

1. Қаржылық стратегияның және тактиканың түсінігі

2 Қаржы менеджментінің жоспарлау саясатының мәні және маңызы

1. Қаржылық стратегияның және тактиканың түсінігі

Кәсіпорынның нарықтағы жағдайы өзгеріссіз қалып отыр. Ерте ме, кеш пе бәсекелестер пайда болады. Сондықтан да кәсіпорынның үнемі дамып отыруы оның экономикалық өмір сүруінің қажетті шарты болып табылады. Даму жоспары тек аз уақытта ғана емес, ұзақ мерзімді перспективаға да жасалады. Сондықтан да қаржылық менеджмент кәсіпорынның қаржылық стратегиясын жасай отырып, бірқатар сұрақтарға жауап беруі керек.

Бұл сұрақтардың ең біріншісі келесідей : «Кәсіпорынның перспективті анықтау үшін қанша қаржы қажет?» Бұл соманы және уақытты анықтау үшін қосымша қаржылық салымдарға қажеттілік пен фирманың шаруашылық қызметінің маңызды көрсеткіші арасындағы байланысты мақсатты түрде анықтау керек. Мысалы, дамуға қажет қаржылар өткізу көлеміне байланысты деп сеніммен айтуға болады. Бірақ бұлай үнемі бола бермейді. Егер де кәсіпорын бәсекелес пен күресу үшін шығарылатын өнім немесе көрсетілетін қызмет сапасын жоғарлату стратегиясын таңдаса, онда инвестицияға қажеттілікпен өткізу көлемі арасындағы байланыс сақталады, өйткені сапаның жоғарлауы үнемі бағаның жоғарлауына әкеледі. Ал бірақ бәсекелес пен күресу үшін өнім бағасын төмендету немесе тұрақтандыру (инфляция кезінде) стратегиясы таңдап алынса, өткізілген аса үлкен түсімді күтудің қажеті жоқ. Әртүрлі шараларды енгізу шығарылатын өнімнің өзіндік құнын төмендетпеу мен байланысты шығындар қажет болады. Бұл кезде қаржыларды қажетсіну осы шығындар шамасымен анықталады.

Стратегиялық қаржылық жоспардың екінші сұрағы инвестициялау көздеріне қатысты. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жалпы бағыты осы жобаны қай көздер арқылы қаржыландыру керек екенін шешуге арналуы керек. Мұндай қайнар көздердің үшеуін бөліп көрсетуге болады: меншікті, тартылған және займ қаржылары.

Меншікті қаржылар кәсіпорын үшін неғұрлым қызықты, өйткені оның тәуелсіздігі деңгейін арттырады, қандай да бір тәуекелге ұшырамайды, контагенттер алдында кәсіпорын беделін арттырады. Бірақ меншікті қаржылардың қалыптасуы екі шартпен анықталады: табыстардың болуы және капитализациялау үшін уақытты болуы. Негізінде коммерциялық жобаны жүзеге асырудың екі шартының бірі үнемі бола бермейді. Әдетте коммерциялық жобаны жасап, жүзеге асырғысы меншікті қаржысы болмайды, ал қаржысы бар адам оны өз бетінше жасағысы келмейді. Инвестициялау үшін меншікті қаржыларды пайдалану тек ірі компаниялардың ғана қолынан келеді. Бірақ олар үшін бизнес – жоспармен оның қаржылық бөлімі өз тартымдылығын жоғалтады.

Тартылған қайнар көздердің қаржысы бірінші орынды алады. Фирма басшылығының акцияны қосымша шығаруы немесе бақылау пакеті арасында сатып отыруы бірқатар инвесторлардың қаржыларын тартудың дәстүрлі тәсілі болып табылады. Бірақ бұл кезде фирма басшылығы саналы түрде бірқатар қауіпке барады. Олардың алғашқы фирмаға билік етудің біршама бөлігін жоғалтып алудан тұрады. Сонымен бірге бұқара арасында акцияны табысты тарату күрделі міндет болып табылады. Ұсақ инвесторды жақсы жасалған бизнес жоспармен қарата алмайсыз, ол ірі инвесторлар өте ірі күшті қажет етеді. Сондықтан да кәсіпорыннан акционерлік капиталды тарату үшін тағыда екі шартты ұстану керек. Ұсақ инвесторларды оларға дивиденттер үнемі төленіп, осы кәсіпорынның акциясының нарықтық бағалары төмендемейді деп сендіру керек, өйткені тек осы факторлар ғана акцияларды ұсақ инвесторлар үшін кәсіпорын оларға барынша ашық болуы керек. Көріп   отырғанымыздай, акционерлік капиталды тартудың стратегиясын таңдай отырып, кәсіпорын өзінің қаржылық менеджментін қайта ұйымдастыруда оңай емес қадамдарға баруға мәжбүр болады.

Тартылған қаржылар ішкі көздерден де болуы мүмкін. олардың ішінде дәстүрлісі болып еңбек ақыға арналған қаржылар табылады. Өз жұмысшыларының еңбек ақысы бойынша қарыздың оңтайлы деңгейін тауып, бекіткеннен кейін кәсіпорын еңбекақы қорын жоғарлатқанда ол автоматты түрде инвестициялау көзі ретінде пайдалануға болатын қарызды да ұлғайтады. Бұл кезде қаржылардың барлығы айналым капиталына салымдар ретінде бағытталады, өйткені оларсыз бірде - бір коммерциялық жоба өмір сүре алмайды.

Займдарды банкирлер мен облигацияшылардан алуға болады. Банкирлер ссуда мен оның құның қайтару туралы көп ойлайды. несиені ұзақ мерзімге инвестициялауда не қамтамасыз ете алады? Тәжрибелі әрі сақ банктерге несиені уақытында қайтаруға кепілдік беру үшін кәсіпорын мүлкінен нені салуға болады? Осы сияқты үлкен сұрақтарға олар банктерге ссуда алуға бармастан бұрын кәсіпорын менеджерлері жауап берулері керек. Эмиссия кезінде корпоративті облигациялар акцияларға ұқсас болады.

Жобаны қаржыландыру тәсілін таңдауға оның бағыттылығы әсер етуі мүмкін. Әрекет ететін кәсіпорындарда өндірісті кеңейтумен байланысты жобалар үшін несиелердің көмегімен қаржыландыру тиімді деп саналады. Банкирлердің ойынша,бұл жердегі тәуекел үлкен емес, сәйкесінше несие құнын төмендетуге болады. Сонымен бірге мұндай кәсіпорындарда оның сенімді материалдық қамтамасыз етілуі болып табылатын активтер жетіп артылады. Ал, керісінше, жаңа кәсіпорындарды жасау, ірі техникалық жаңалықтарды жүзеге асыру жобалар үшін пайыз төлеу арқылы оны жабу қатаң жүргізіледі, ал бұл көптеген кәсіпорындардың қолынан келмейді.

Қаржылық стратегия дегеніміз ол кәсіпорынның қаржылық ресурстарын басқарумен байланысты ұзақ мерзімді қызмет. Кәсіпорынның стратегиясы жоспарлы түрде жүзеге асырылады. Қаржылық стратегия жеке этаптарға, яғни ішкі стратегияларға бөлінуі мүмкін. Стратегияның мақсаттары жүзеге асырылғаннан кейін, кәсіпорынның стратегиясын қайтадан қарастырады. Яғни оны өзгерту, жалғастыру, жақсартуы мүмкін. Қаржылық стратегия ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

Ішкі стратегия – кәсіпорынның қызмет ететін қуатын үлкейтуге, негізгі капиталын кеңейтуге бағытталады.

Сыртқы стратегия – ол қаражаттарды кәсіпорындармен байланысты емес объектілерге салу арқылы капиталын кеңейту. Ішкі стратегия ол мерзімді қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады, ал сыртқы стратегия бір уақытта қаржыландыру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Қаржылық тактика – бұл стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыру үшін арналған қысқа мерзімді қызмет. Стратегия мен тактика арасында қарама – қайшылықтар және бірлік бар. Қарама – қайшылығы: бір жағынан стратегияның мақсатта бос ақшалай қаржыландыруда инвестициялық қызметке жіберу арқылы кәсіпорынның ұзақ мерзімді рентабельдігін жоғарлату.

Тактиканың мақсаты – кәсіпорынның өтімділігін қамтамасыз етіп, тактикамен бір бағытта қызмет ету. Қаржылық тактиканың негізге мақсаты – ағымдағы активтер мен пассивтерді тарту болып табылады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.