Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырып 7. Инвестициялық жобаның ақша ағындарын болжамдау. Күрделі қаржы бюджетін оңтайландыру



Тақырып 7. Инвестициялық жобаның ақша ағындарын болжамдау. Күрделі қаржы бюджетін оңтайландыру

Дәріс сұрақтары:

1. Қаржылық талдау әдісі

2. Ақшалай ағымдарды бағалау әдістері

1. Қаржылық талдау әдісі

Қаржылық операциялардан ақшалай ағымдарды бағалаған кезде үш негізгі көрсеткіштер пайдаланылады:

- ақшалай қаражаттардың ағымдағы құны – PV;

- ақшалай қаражаттардың келешек құны – FV;

- табыс мөлшері немесе %–к ставка – і;

есептеу мерзімі – n.Дисконттеу. Ақшаның уақытша құны туралы екі пікір бар:

1. Ақшаның уақыт бойынша құнсыздануы. Инфляция әсерінен бүгінгі ақша құны бірнеше жылдан соң құлдырауы мүмкін.

2. Әр түрлі альтернативке байланысты қолдағы ақшаны ең тиімді айналымға салу.

Бүгінгі қолдағы бар ақша құны белгілі бір уақыттан соң неше теңгені құрауы мүмкін? Ақшаның уақыт бойынша өзгеру құнын анықтау үшін пайыздық мөлшерлеме қолданылады. Белгілі бір пайыздық мөлшерлемеге сәйкес ақшаның белгілі бір уақыттан кейінгі өзгеру құнын анықтау процесін өсім деп атайды. Ақшаның болашақ құнын өсім сомасы дейді. Өсім сомасы келесі формуламен анықталады:

FV=PV+PV*r=PV(1+r)n;

Бұл формуламен кәсіпорынның ақша қаражаттарының ағымын анықтауға және болжауға болады.

Күрделі пайыз бойынша бастапқы ақшаның өсім сомасын анықтауды капиталдандыру дейді. Болашақ ақша ағымының бүгінгі құнын ағымдық құн дейді. Ағымдық құнды анықтау үшін дисконттеу ұғымы қолданылады. Дисконттеу - әр келгі кезеңдерде ақша ағымының уақыт бойынша реттелуі немесе құнсыздануы. Ағымдық құн келесі формуламен анықталады:

PV=FV/(1+r)n;

Пайыз жылында бірнеше рет есептелсе, онда ағымдық құн: PV=FV/(1+r/m)n*m; m өскен сайын PV азаяды.

Дисконттеу мазмұнын түсіну үшін пайыздық мөлшерлеменің мәнін білу керек.

Пайызды есептеудің екі түрі бар: жай және күрделі.

Жай пайызды есептегенде есептеу базасы өзгермейді.

FV=PV+PV*r +......+ PV*r =PV(1+n*r) немесе FV=PV(1+n*r/Т); Т=365

Қаржылық операциялардың ұзақтығы бір күемен анықталады. Уақыт мерзіміне байланысты пайыздың екі түрі бар:

1. Нақты пайыз – бір жылдағы нақты күндер санымен анықталады. 1 ж – 365-366; 1 кв – 89-92; 1 ай – 28-31;

2. Жай пайыз – жуық шамамен анықталады: 1ж-360; 1кв -90; 1 ай – 30.

Кезеңнің ұзақтығы екі жолмен анықталады:

1. Нақты күндер санын анықтау;

2. Күндер санын жуық шамамен анықтау.

Есептеу үш тәсілмен жүргізіледі:

1. жай пайызды нақты күндер санымен есептеу: Бельгия, Францияда қолданылады.

2. жай пайызды жуық шамамен алынған күндер санымен есептеу: Германия,Швеция; Дания.

3. Нқты пайызды нақты күндер санымен есептеу: АҚШ, Англия.

Жай пайыз қысқа мерзімдік несиенің, векселдің сомасын анықтау үшін қолданылады.

Пайыз жылында бірнеше рет есептелсе, онда өсім сомасы келесі формуламен анықталады: FV=PV(1+r/m)n*m  m- бір жылдағы пайыз есептелетін кезеңнің саны.

Пайыздық төлем бөлшектік мерзім бойында есептелсе, онда өсім сомасы келесі формуламен анықталады: FV=PV(1+r)w*f ; w – бүтін мерзім, f – бөлшектік мерзім. Мысалы: пайыз 1,5 жылға есептелсе, онда w=1 жыл; f=0,5 жыл. w +f=n

Есептеу мерзімі бүтін және бір жылда бірнеше рет есептелсе, онда өсім сомасы: FV=PV(1+r/m)w*f

Бұл қарастырылған есептеулер белгілі бір дискреттік мерзім аралығында пайызды есептеуде қолданылады. Дискреттік мерзімді азайту және ұлғайтуға байланысты пайызды есептеудің шегі болады. Мұны үздіксіз пайыз дейді. Ең жоғарғы өсім сомасын алу үшін жылдық интервалды шексіз бөлшектеу керек, яғни: FV=limPV(1+r/m)n*m=PVer*n. Пайызды үздіксіз есептеу үшін қолданылады. Екінші тамаша шексіздік бойынша limPV(1+1/m)m=e – Эйлер саны – 2.718281. Жылдық пайыздық мөлшерді номиналдық пайыздық мөлшерлеме дейді. Номиналдық пайыздық мөлшерлеме тиімділікті анықтай алмайды. Сондықтан тиімді пайыздық мөлшерлемені анықтау керек. Ол келесі формуламен анықталады: FV=PV(1+r/m)m  FV=PV(1+re)n*m  re =(1+r/m)m-1,   m өскен сайын re өседі. Болашақ ақша ағымының ағымдық құнын анықтауды дисконттеу д.а. Дисконттың ағымдық құны: PV=FV/(1+r)r=FV(1+r)-n, (1+r)r-болашақта алынатын 1 тг пайданың ағымдық құнын сипаттайтын дисконттық көбейтінді.

Егер пайыз 1 жылда m рет есептелсе, онда ағымдық құн: PV=FV ,

Егер n мерзім шексіздікке ұмтылса, онда ағымдық құнның шекті мәні келесі формуламен анықталады: limPV=lim , m өскен сайын, PV азаяды.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.