|
||||||||||||||||||||||||||
Тақырып 11. Операциялық тұтқаның нәтижесі. Фирманың ағымдағы шығындарын басқаруТақырып 11. Операциялық тұтқаның нәтижесі. Фирманың ағымдағы шығындарын басқару Дәріс сұрақтары: Қаржы менеджментінде табыстың өсу қарқыны мен үлесін арттыратын екі амал қолданылады: 1. пайданы арттыру мәселесін шешу кезінде ең тиімдісі шекті түсімді шекті шығынмен салыстыру; 2. Сатудан түскен түсімнің қосындысын тұрақты және айнымалы шығындармен салыстыру тек пайданы арттыру үшін ғана мес, сонымен қатар оның жоғарғы өсу қарқынын анықтау үшін қолданылады. Стратегиялық және жедел жоспарлау үшін тиімді әдістердің бірі опеарциялық талдау немесе «Шығын-көлем-пайда» («Cost-Volum-Profit»-CVP) әдісі, келесі мәселелерді анықтау үшін қолданылады: - Заласыз жұмыс істеу үшін шекті өндіріс көлемін; - Қаржылық нәтиженің белгілі бір элементтің өзгеруіне тәуелділігі; - Кәсіпорынның қаржылық қауіпсіздігін; - өндірістік тәуекелділікті бағалау; - меншікті өндірістің немесе сатып алудың тұтастығы; - белгілі бір кезеңдегі ең төменгі келісім бағасын; - пайданы жоспарлауға және т.б. Операциялық тетіктің ықпалы (өндірістік, шаруашылық) сатудан түскен түсімнің өзгеруі нәтижесінде пайданың елеуілі өзгеруін көрсетеді. Мысалы. Сатудан түскен түсім 2006ж. 6185 млн.теңгені құрады, айнымалы шығын 3602 млн.теңге және тұрақты шығын 1900 млн. теңге (сомасы 5502 мың.теңге). Сатудан түскен түсім 30% яғни 8016 млн.теңгеге өсті. Айнымалы шығын 30% яғни 4683 млн.теңгеге өсті. Тұрақты шығын өзгеріссіз. 2007г. шығын сомасы 6583 млн.теңгені құраған. Пайда 1433 млн.теңгеге жетеді, яғни 2006 ж салыстырғанда 2,1 есе артық. Сатудан түскен түсім 30%, ал пайда 110% өседі.
Операциялық талдаудың негізгі элементі мынау: операциялық тетік, рентабельділік табалдырығы және қаржылық қауіпсіздік аймағы. Операциялық талдау – басқару есебінің бір бөлігі. Қаржылық талдаудан айырмашылығы операциялық талдау нәтижесі кәсіпорынның коммерциялық құпиясына жатады. Пайданың өсу қарқынын арттыру үшін тек айнымалышығын емес сонымен қатар тұрақты шығынның да өзгеруі әсер етеді. Операциялық тетіктің әсер ету күшін анықтау үшін жиынтық маржаның пайдаға қатынасы қолданылады. Жиынтық маржа = Сатудан түскен түсім – айнымалы шығын.
жиынтық маржа Операциялық тетіктің әсер ету күші = -------------------------- пайда Жиынтық маржа тек қана тұрақты шығынды ғана жауып қоймай сонымен қатар пайданың құрылуына ықпал етуі керек. Операциялық тетіктің әсер ету күші сату көлемінің өзгеруіне жиынтық маржаның қаншылықты сезімтал екендігін көрсетеді. Q(баға – айнымалы шығын) Операциялық тетіктің әсер ету күші = ------------------------------------------------------- = Q(баға – айнымалышығын)– тұрақты шығын түсім – айнымалы шығын = ------------------------------------------------------------------------------------------ = түсім – айнымалы шығын – тұрақты шығын жиынтық маржа = ------------------------------- пайда
Операциялық тетіктің әсер ету күші орташа салалық еңбек сыйымдылығының деңгейіне тәуелді: негізгі құралдың құны неғұрлым жоғары болса, соғұрлым тұрақты шығын көп болады. Тұрақты шығын неғұрлым көп болса, соғұрлым операциялық тетіктің әсер ету күші күштірек болады. Түсім өскен кезде рентабелділік табалдырығынан өтіп кетеді, операциялық тетіктің әсер ету күші азаяды: түсімнің әрбір пайыздық өсімі пайданың өте аз пайыздық өсуін береді. Рентабелділік табалдырығына сәл төмендесе онда операциялық тетіктің әсер ету күші ең жоғарғы сән ие болады, содан соң қайдадан азаяды. Бұл тиімдлігі мынада: • КПН бойынша пайыздық төлемді жоспарлағанда әсіресе аванстық; • Кәсіпорынның коммерциялық саясатын құруға. Операциялық тетіктің әсер ету күші кәсіпкерлік тәуекелділік деңгейін көрсетеді: Операциялық тетіктің әсер ету күші неғұрлым күшті болса соғұрлым кәсіпкерлік тәуекеділік жоғары болады. Рентабельділік табалдырығы – кәсіпорын табыс таппайтын және шығын көрмейтін сату көлемін айтамыз. Жиынтық маржа тұрақты шығынды толық өтейді, бірақ пайданөлге тең болады. Тауардың тауалдырықтағы рентаб табалдырықтағы тауар саны = --------------------------------------------- сату бағасы тұрақты шығын немесе = ------------------------------------------------- тауар бірлігінің бағас- тауар бірлігінің айнымалы шығыны
Рентабельділік табалдырығынан өткеннен кейінгі пайданың үлесі = табалдырықтан өткеннен кейінгі сталыған тауардың саны*жиынтық маржа/сатылған тауардың саны
Қаржылық қауіпсіздікаймағы = түсім – рентабелділік табалдырығы
Залалсыздық нүктесі Тұрақты шығын = -------------------------------------------- Жиынтық маржа (пайыздық сипаттағы)
|
||||||||||||||||||||||||||
|