Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Инвестициялық бюджетті пайдалануды талдау және бақылау



9.3 Инвестициялық бюджетті пайдалануды талдау және бақылау

 

1. Бюджеттiк инвестициялық жобалар олардың белгiленген тәртiппен бекiтiлген техникалық-экономикалық негiздемелерiне сәйкес iске асырылады.

2. Бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыру шеңберiнде көзделетiн құрылыс қызметi белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.

3. Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде көзделетін шет мемлекеттер аумағындағы құрылыс қызметі осы жоба аумағында іске асырылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.

4. Бiрыңғай техникалық параметрлері бар инвестициялық жобалар бойынша үлгiлік жоба әзiрлеу жүзеге асырылады.

Үлгiлік жобаларды әзiрлеу мен оларға сараптама жүргiзудi қаржыландыру құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның тиiстi бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

Бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыру кезiнде үлгiлік жобаларды қолдану құрылыстың нақты алаңына бекiту жолымен жүзеге асырылады.

5. Бюджеттiк инвестициялық жобалардың құнын бюджет комиссиясы қарамастан және оның ұсынысынсыз ұлғайтуға жол берілмейді.

6. Республикалық немесе жергілікті бюджетке енгізілмеген бюджеттiк инвестициялық жобалар бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзiрлеуге жол берiлмейдi.

7. Бюджеттiк инвестициялық жобаның жобалау-сметалық құжаттамасын бюджет комиссиясының ұсынысын ескермей бюджеттің қосымша шығыстарына әкеп соғатын техникалық шешімдерді өзгертуге байланысты түзетуге жол берілмейді.

Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен қаржыландырылатын бюджеттiк инвестициялық жобаның жобалау-сметалық құжаттамасына техникалық шешімдерді өзгертуге байланысты және бюджеттің қосымша шығыстарына әкеп соғатын түзету енгізу Республикалық бюджет комиссиясының ұсынысы ескеріле отырып жүзеге асырылады.

8. Бекітілген техникалық-экономикалық негіздемеде көзделмеген және бюджеттің қосымша шығыстарына әкеп соғатын бюджеттік инвестициялық жобаның жобалау-сметалық құжаттамасына қосымша құрамдас бөліктерді бюджет комиссиясының ұсынысын ескермей енгізуге жол берілмейді.

Егер бюджеттік инвестициялық жоба республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен қаржыландырылатын жағдайда, бекітілген техникалық-экономикалық негіздемеде көзделмеген және бюджеттің қосымша шығыстарға әкеп соғатын бюджеттік инвестициялық жобаның жобалау-сметалық құжаттамасына құрамдас бөліктер Республикалық бюджет комиссиясының ұсынысы ескеріле отырып қосылады.

9. Республикалық бюджет, оның ішінде нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын аяқталған инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық жобаларды іске асыруды бағалауды Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген орган жүргізеді.

Жергілікті бюджет, оның ішінде нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобаларды іске асыруды бағалауды жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген орган жүргізеді.

10. Инвестициялық жобаларды іске асыруды бағалауды жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Бюджеттен концессиялық жобаларды қоса қаржыландыры арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру:              

1. Бюджеттен концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялар концессия шартының негізінде іске асырылады.

2. Бюджеттен концессиялық жобаларды қоса қаржыландыруды концедент тиісті бюджеттік бағдарлама шеңберінде жүргізеді.

3. Бюджеттен концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

Мемлекеттің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына          қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру үшін:              

1. Мемлекеттің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

2. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталын ұлғайтуға және олардың еншілес ұйымдарының жарғылық капиталына заңды тұлғалардың жарияланған акцияларын төлеуге ақша аудару бағалы қағаздар нарығын реттеуді және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның тиісті куәлігімен расталатын жарияланған акцияларын (бағалы қағаздарды) шығару мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін жүзеге асырылады.

Жоба латын сөзінің «projectus» сөзінен аударғанда алдын ала салынған, белгілі бір объектілерді (ғимарат, үймере, машина, цех, зауыт, фабрика), өндірістік және әкімшілік орындарды құрудың басты жоспары, макеті, сызбасы, экономикалық және техникалық есебі.

Инвестициялық жоба түсінігі екі мағынада қолданылады. Біріншіден, белгілі бір нәтижеге қол жеткізуді қамтамасыз ететін кәсіпшілік, шаралар болса, ал екіншіден – белгілі бір жұмысты жүзеге асыруға қажетті ұйымдастыру-құқықтық және қаржылық есеп құжаттарының жүйесі.

Жобалық дайындық кезеңінің негізгі 3 кезеңі:

Бірінші кезең – инвестициялау мақсатын, құрылыс объектісінік тағайындалуы мен мүмкіндігін, өнім номенклатурасын, инвестор талабы мен шарты бойынша объектінің орналасу жерін анықтау;

Екінші кезең – алынған ақпараттар негізінде құрылысты инвестициялауды жүзеге асыру және мемлекеттік органдар талабын айқындау;

Үшінші кезең – жобалық құжаттарды жасау, келісімге келу және бекіту, санымен қоса жер бөлігін құрылысқа жіберу туралы келісім жасау.

Инвестиция объектісіне жаңа өнім өндіруге және қызмет түрін көрсетуге бағытталған қайта құрылатын, жаңадан құрылатын, техникалық қайта жарақталатын немесе кеңейтіліп жатқан кәсіпорын, ғимарат, негізгі қорлар жатады.

Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың техникалық жобасын жасауда 200 ден астам жобалық және ғылыми зерттеушілік институттары қатысады.

Өндірістік объектілерді жобалау бірнеше кезеңмен жүреді. Объектінің құрылысын игеру кешені негізгі 2 топқа бөлінеді: жоба алдындағы, жобалық жұмыстар.

       Инвестиция – кәсіпорынның активтеріне салынатын ұзақмерзімде құралдар қолдану бағытына қарай нақты және қаржылық болып бөлінеді.

Нақты инвестиция – материалдық және материалдық емес активтерге қаржы құралдарын енгізу. Қаржылық инвестиция – бағалы қағаздарға енгізілген инвестиция.

Инвестицияның тиімділігі шығындар мен пайда қатынасын бейнелейтін коммерциялық, бюджеттік және экономикалық тиімділік көрсеткіштерімен анықталады.

Инвестициялық жоба шығындары алғашқы, ағымдық және ликвидациялық (жою) болып бөлінеді. Кез келген инвестициялық жобаны талдауда қаржылық-экономикалық өміршеңдігін бағалау, тәуекелділік пен шығындарды талдау, табыстылық пен ликвидтілік потенциалын бағалау жүргізеді.

Инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтау және бағалауды, материалдық және заңды түрде тікелей жауап беретін инвесторлар жүргізеді. Қазақстан Республикасының инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтаудың методологиясы мен әдістері, меншік формасына қарамастан Ресейде жасалынған және 31 наурыз 1994 жылы бекітілген инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтау және оларды қаржыландыруға таңдап алу жайлы Методологиялық нұсқауларды қолдану арқылы негізделеді.

Осы методологиялық нұсқауларға байланысты инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігін бағалауда: коммерциялық (қаржылық) тиміділік – қатысушылар үшін жобаны іске асырудың қаржылық нәтижелерін; бюджеттік тиміділік – жобаны іске асырудан түскен қаржылық түсімдердің жергілікті және аймақтық бюджетке түсімдерін; экономикалық тиімділік – жобаны іске асыруға байланысты болған шығындар мен соңғы нәтижелерде анықтауда қолданылады.

Инвестициялық жобалардың тиміділігі көрсеткіштер жүйесімен анықталады. Ондай көрсеткіштерге:

  • Таза дисконтталған құн немесе таза дисконтталған табыс;
  • Инвестициялар рентабельділігі (ИР), табыс идексі (ТИ);
  • Табыстың ішкі нормасы;
  • Қайтарым уақыты.

Инвестициялық жоба тиімділігінің негізгі критерийлерінің экономикалық мағынасын қабылдаудағы едәуір қиындықты екі көрсеткіш құрайды: дисконтталған таза құн (NPV) және пайдалылықтың нормасы (IRR).

       Инвестициялық жобаларды өткізу болашақта табысты алу көмегімен ақшалай құралдардан бас тартуды қажет етеді. Нақты инвестициялық салымдардың объектілері болып жабдықтар, ғимараттар, табиғи ресурстар есептеледі. Инвестициялық жоба, оның орындалуы техникалық көзқарас бойынша, экономикалық қауіпсіздік және тиміділік бойынша ьағаланады. Осыны негізге ала отырып, алынатын табыс пен шығынның салыстыру нәтижесі түсіндіріледі, яғни табыс нормалары анықталады.

       Инвестициялық жобаның тиміділігін бағалай отырып, тәуекелділіктің деңгейін есепке алу керек. Инвестициялық жобаны өткізуде тәуекелділіктің екі түрін қарастырады: кәсіпкерлік және қаржылық. Инвестициялық жобаларды экономикалық бағалауда таза келтірілген табыс есебінің әдісі пайдаланылады. Бұл әдістің мәні – таза ағымдылық құнды (ТАҚ) немесе таза дисконтталған құнды (ТДҚ) есептеуге келіп тіреледі. Оны мына жолмен анықтауға болады: ақша қаражатының ағымдық құны алғашқы инвестициялық салымдар айырымына тең, яғни инвестиция тиміділігін анықтау үшін бұл әдіс ақша ағымдарын дисконттауды алға тратады. Басқа сөзбен айтқанда, жобадан толығымен NPV алу үщін жобаны зерттеу кезінде алынған нақты ақшаның таза дисконтталған ағымымен қарастырады.

 

NPV =

мұндағы Р1, Р2, Р3 .....Рк – жыл ішіндегі ақшалай түсімдер (қолма-қол келіп түскен таза ақша ағымы);

IC – алғашқы инвестициялар (капиталдық салымдар);

i - салыстыру ставкасы (дисконтталған ставка).

Жылдар бойынша табыстарды жоспарлаудың өндірістік және өндірістік емес түрлерінің барлық түсімдерін ескеру қажет. Инвестицялық жобаларды экономикалық бағалауда алынған ақшалай көлемді таза дисконтталған құн немесе табыс (NPV) деп айтуға болады. Таза – бұл табыс барлық салықтарды және төлемдерді төлегеннен кейінгі деп, ал таза дисконтталған – болашақта алынатын сол эквиваленттің табысы болып табылады.

NPV – жобаны өткізу кезеңінің басында инвестордың (кәсіпорынның) ақшалай құралдарын үнемдеуіне ұйытқы болады. Егер NPV > 0 болса, онда жоба тиімді деген сөз, яғни қабылдау керек. Инвестициялық жобаның тиімділігін басқа әдіспен де анықтауға мүмкіндік бар. Ол табыстылық нормасы деп аталады. Табыстылық нормасы (IRR) проценттік ставкаға сәйкес келеді. Кез келген жобаны өткізу жұмысы қаржылық ресурстар тартуды талап етеді. Инвестициялық құралдардан түскен табысты немесе олардың жиынтығын қандай да бір жағдайда жеткізуді қамтамасыз ету үшін таза ағымдылық құн (NPV) нөлден жоғары немесе оған тең болуы керек. Ол үшін қандай да проценттік ставканы төлем ағымдарының дисконтталған мүшелеріне сәйкестендіріп алу керек. Осыдан NPV > 0 немесе NPV = 0 теңдігі алынады. Кей жағдайларда таңдалынған ставкасы бойынша дисконттау коэффициентін барьерлік коэффициент деп те атайды. Атаулардың әртүрлілігіне қарамастан бұл ставка қаржы рыногындағы күтіп отырған ссудалық пайыздың орталықтандырылған деңгейін бейнелеу керек. Сондықтан табыстылық нормасынан дисконттау ставкасы түсіріледі.

Табыстың нормасы берілген жобаны өткізуде өндірілуі мүмкін шығындардың жіберілген қатынасты деңгейін сипаттайды. Осыдан инвестор инвестициялық жобаға алынған IRR мәнін қаржылық ресурстарды тартудағы бағамен салыстыру керек. Егер IRR > CC болса, онда жобаны қабылдау қажет; IRR < CC болса, жобаны қабылдамаған жөн; IRR = CC болған жағдайда жоба табыс та шығын да әкелмейді.

 

IRR = ti +

IRR = 10 + (7189541 – 2872719) / 7189541 х (15-10) = 131

Өтелу мерзімі – инвестициялық жобаларды талдауда қолданылатын көрсеткіштердің бірі. Өтелу мерзімі көрсеткішін төмендегі формулаға сәйкес анықтауға болады:

пу  =

мұндағы, пу - өтелу мерзімінің көрсеткіші;

СІ – инвестиция көлемі;

Рк – жылдағы таза табыс.

 

Басқаша айтқанда, өтелу мерзімі ақшалай құралдардың келіп түскен, жоспарланған, дисконтталған емес, инвестициялық сомасынан жоғарылайды. Бұл алғашқы шығындардың орнын толтыру үшін керекті жылдар саны.

 

Бақылау сұрақтары:

  1. Қаржылық стратегияны жоспарлаудың мақсаты
  2. Күрделі салымдар туралы шешім
  3. Инвестициялық қызметті бюджеттендірудің қаржылық стратегиясы қандай ақпараттарды қамтиды
  4. Инвестицияның ұлғайтылған классификациясы?
  5. Инвестиция көздері?
  6. Бюджеттiк инвестицияларға нелер жатады?

7. Инвестициялық ұсыныстарды әзiрлеу дегеніміз?

8. Жобалық дайындық кезеңінің негізгі  кезеңі?

  1. Объектінің құрылысын игеру кешені негізгі  топтары?
  2. Инвестицияның тиімділігі дегеніміз?

Негізгі әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 352 бұйрығы

2. Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі N 545 Қаулысы

3. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Кодексі

4.Қаржы-экономикалық негіздеменің мазмұнына, оны әзірлеу тәртібі мен мерзіміне, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібінің Талаптарын бекіту туралы

5.2008 жылға арналған 004 « Бюджеттік инвестициялық жобалар және концессия шеңберінде іске асырылатын жобалар» республикалық бюджеттік бағдарламасын бөлу туралы

6.Қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық бағдарламалар бөлінісіндегі 2008 – 2010 жылдарға арналған басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі

7. 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 110 " Бюджетаралық қатынастарды қалыптастыруға жаңа тәсілдерді әзірлеу бойынша Жұмыс тобын құру туралы" ҚР ЭДСМ бұйрығы

8. Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

9. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейiнгi аумақтық даму cтратегиясы

Слайдтардың тізімі:

  1. Инвестициялық жобалардың тиміділігі көрсеткіштер жүйесі
  2. Жобалық дайындық кезеңі
  3. Инвестицияның ұлғайтылған классификациясы
  4. Инвестициялық қызметті бюджеттендірудің қаржылық стратегиясы

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.