Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Инвестициялық бюджетті құру тәртібі



9.2 Инвестициялық бюджетті құру тәртібі

 

1. Бюджеттiк инвестициялар:

1) бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыру;

2) концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру;

3) мемлекеттің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы жүзеге асырылады.

2. Шешiлетiн мiндеттердiң маңыздылығы деңгейiне қарай бюджеттiк инвестициялық және концессиялық жобалар республикалық және жергiлiктi болып бөлiнедi.

3. Республикалық және жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық және концессиялық жобаларды анықтау өлшемдерi мыналар:

1) меншiк түрi бойынша өлшемдер – бюджеттiк инвестициялық немесе концессиялық жобаны iске асыру нәтижесiнде алынған мүлiкке туындайтын меншiк құқығына (республикалық немесе коммуналдық) байланысты оны республикалық немесе жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық немесе концессиялық жоба ретiнде айқындайтын өлшем;

2) пайда алушылар бойынша өлшемдер – егер бюджеттiк инвестициялық және (немесе) концессиялық жобаның iске асырылуынан экономикалық пайда алушылар екi және одан да көп облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектiлерi болып табылса, бюджеттiк инвестициялық немесе концессиялық жобаны – республикалық, ал егер бюджеттiк инвестициялық немесе концессиялық жобаны iске асырудан экономикалық пайда алушылар бiр облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектiлерi болып табылса, оны жергiлiктi деп тануды айқындайтын өлшем.

4. Бюджеттік инвестициялық немесе концессиялық жобаны республикалық ретінде айқындау үшiн оның осы баптың 3-тармағында аталған өлшемдердiң бiрiне сәйкестiгi жеткiлiктi болады.

5. Жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық және концессиялық жобаларды облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) деп сыныптау осы баптың 3-тармағында көзделген өлшемдер негiзiнде жүзеге асырылады.

6. Республикалық бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобаларды орталық мемлекеттiк органдар республикалық бюджет қаражаты есебiнен iске асырады.

7. Жергілiктi бюджеттiк инвестициялық және концессиялық жобаларды жергiлiктi атқарушы органдар жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен iске асырады.

Бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен бюджеттiк инвестициялық жобаларды және концессиялық жобаларды жоспарлау үш кезеңде:

1) мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын әзірлеу сатысында инвестициялық ұсыныстар әзiрлеу;

2) бюджеттен қоса қаржыландыруды қажет ететін бюджеттiк инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және қажетті сараптамалар жүргізу;

3) бюджетті әзірлеу сатысында бюджеттен қоса қаржыландыруды қажет ететін бюджеттiк инвестициялық жобаларды және концессиялық жобаларды іріктеу кезеңінде жүзеге асырылады.

Инвестициялық ұсыныстарды әзiрлеу:

1. Инвестициялық ұсыныстарды әзірлеуді бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу сатысында жүзеге асырады.

2. Инвестициялық ұсыныстар салалық сараптамадан өткiзiлуге жатады.

3. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері инвестициялық ұсыныстардың тізбесін қалыптастырады және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.

4. Инвестициялық ұсыныстар:

1) бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен бюджеттік инвестициялық жоба немесе концессиялық жоба бойынша жалпы ақпаратты;

2) жоба мақсаттарының Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарында белгіленген экономика саласының (аясының) даму басымдықтарына сәйкестігі туралы, оның ішінде салада (аяда) қазіргі бар проблемаларды шешудің ықтимал жолдары туралы ақпаратты;

3) бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен бюджеттік инвестициялық жобаның немесе концессиялық жобаның мақсаттарына қол жеткізудің балама нұсқаларын;

4) бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен және мұндай іске асырудың болмауы бюджеттік инвестициялық жоба немесе концессиялық жоба iске асырылған жағдайларда экономика саласындағы (аясындағы) ахуалдың ықтимал нұсқаларын;

5) бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен бюджеттік инвестициялық жобаны немесе концессиялық жобаны iске асырудан түсетiн пайданы бөлу туралы ақпаратты қамтуға тиіс.

5. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ұсынатын инвестициялық ұсыныстардың негізділігі үшін жауапты болады.

6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган инвестициялық ұсыныстарды қараудың және іріктеудің тиісті әдістемелері бойынша, оның ішінде шығындар мен пайданы талдау негізінде (осы әдістемені қолдану мүмкін болған жағдайда) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің инвестициялық ұсыныстарын қарайды және олар бойынша қорытындыны тиісті бюджет комиссияларының қарауына енгізеді.

7. Бюджет комиссиясы іріктеген инвестициялық ұсыныстардағы инвестициялық жобалар бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган олар бойынша техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастырады.

8. Инвестициялық ұсыныстарды әзiрлеу, қарау және іріктеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.

Бюджеттiк инвестициялық жобалардың тiзбесiн  бюджет жобасына енгізудің тәртiбiне мыналар:

техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуді қажет етпейтін жобаларды қоспағанда, бюджеттік инвестициялық жобаның белгіленген тәртіппен бекiтiлген техникалық-экономикалық негіздемесінің;

бюджеттiк инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесі бойынша экономикалық сараптаманың оң қорытындысының;

тиісті бюджет комиссиясының ұсынысының болуы бюджеттiк инвестициялық жобаларды бюджет жобасына енгiзу үшiн негiз болып табылады.

2. Бюджеттiк инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесi пайда мен шығындарды экономикалық талдау негiзiнде жүргiзiлетiн бюджеттiк инвестициялық жобаның жүзеге асырылатындығы мен тиiмдiлiгiн зерделеу нәтижелерiн қамтиды.

Бюджеттiк инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiн әзiрлеуге және сараптауға қойылатын талаптарды мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындайды.

3. Үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер және қайталап қолданылатын жобалар бойынша құрылысы көзделіп отырған техникалық жағынан күрделі емес болып табылатын жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу талап етілмейді.

Техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуді қажет етпейтін жобалардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

4. Бюджеттiк инвестициялық жобаның белгiленген техникалық-экономикалық өлшемдерiн растау үшiн техникалық-экономикалық негiздемеге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген экономикалық және басқа да сараптамалар жүргiзiлуге тиiс.

5. Бюджеттiк инвестициялық жобаның экономикалық сараптамасы салалық сараптама, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етiлетiн басқа да сараптамалардың қорытындылары негiзiнде жүргiзiледi, сондай-ақ бюджеттiк инвестициялық жобаның экономикалық талдамасын кешендi бағалаудың мiндеттi нысаны болып табылады.

6. Басқа мемлекеттердiң аумағында iске асыруға жоспарланып отырған, сондай-ақ құрылыс қызметiн көздемейтiн бюджеттiк инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасы техникалық-экономикалық негiздеменiң және оған салалық органның сараптамасының қорытындысы негiзiнде жүргiзiледi.

7. Республикалық бюджеттiк инвестициялық жобалардың, сондай-ақ республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттерi мен кредит есебiнен қаржыландыруға жоспарланып отырған жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлға жүзеге асырады.

8. Жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын жергiлiктi атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалар жүзеге асырады.

9. Бюджеттiк инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға белгiленген заңды тұлғалар бюджеттiк инвестициялық жобаны iске асыру жөнiнде ұсынылатын шешiмдердiң экономикалық сараптамасының сапасы үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

10. Қажет болған жағдайда экономикалық сараптаманы жүзеге асыруға белгiленген заңды тұлғалар жүргiзiлген сараптамаларда қамтылмаған немесе толық қамтылмаған мәселелер бойынша қосымша сараптама, сондай-ақ тәуелсiз сараптама жүргiзудi талап етуге құқылы.

11. Экономикалық сараптаманың нәтижелерi бойынша бюджеттiк инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiн бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi бекiтедi.

12. Бюджеттік инвестициялық, оның ішінде техникалық-экономикалық негiздеме әзiрлеу талап етiлмейтiн, сондай-ақ сметалық құнды ұлғайтуды болжайтын жобаларды қарау, іріктеу, мониторингін жүргізу және бағалау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

 Бюджеттен қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобаларды бюджет жобасына енгізу тәртібі мыналардан турады:

концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің;

концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне концессия мәселелері бойынша мамандандырылған ұйымның экономикалық сараптамасының оң қорытындысының;

концессиялық жобаны мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен және республикалық меншіктің қолда бар объектілері бойынша республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісудің;

бюджет комиссиясы ұсынысының болуы бюджеттен қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобаны бюджет жобасына енгізу үшін негіз болып табылады.

2. Республикалық немесе жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

3. Республикалық немесе жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге және сараптауға қойылатын талаптарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

4. Бюджеттен қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді қаржыландыру мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

5. Бюджеттен қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге қойылатын техникалық тапсырманы тиісті орталық уәкілетті орган немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары әзірлейді.

6. Бюджеттен қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобаның белгіленген техникалық-экономикалық өлшемдерін растау үшін техникалық-экономикалық негіздемеге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген экономикалық және басқа да сараптамалар жүргізілуге тиіс.

7. Бюджеттен қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобаны техникалық-экономикалық негіздеудің экономикалық сараптамасы салалық сараптаманың, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін басқа да сараптамалардың қорытындылары негізінде жүргізіледі және концессиялық жобаның экономикалық талдамасын кешенді бағалаудың міндетті нысаны болып табылады.

8. Республикалық немесе жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобалардытехникалық-экономикалық негіздеуді экономикалық сараптауды концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым жүзеге асырады.

9. Концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым бюджеттен қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобаны iске асыру жөнiнде ұсынылатын шешiмдердiң экономикалық сараптамасының сапасы үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

10. Концессия мәселелері бойынша мамандандырылған ұйымның экономикалық сараптамасының нәтижелері бойынша бюджеттен қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бекітеді.

11. Республикалық және жергілікті бюджеттерден қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобаларды ұсыну, қарау, іріктеу, мониторингін жүргізу және бағалау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

Мемлекеттің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына          қатысуы арқылы бюджеттiк инвестицияларды жоспарлау:

1. Мемлекеттің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттiк инвестицияларды жоспарлауы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген осы заңды тұлғаларды дамытудың стратегиялық құжаттары болған кезде жүзеге асырылады.

2. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орталық және жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру туралы ұсыныстарын және олардың қаржы-экономикалық негіздемелерін енгізеді.

Бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесі заңды тұлғалардың жарғылық капиталына бюджет қаражатын салудың негіздемесін, орындылығын және нәтижені бағалауды қамтитын құжатты білдіреді.

Заңды тұлғаның қызметін дамыту немесе кеңейту мақсаттарында заңды тұлғаның жарғылық капиталын бюджет қаражаты есебінен ұлғайтуға рұқсат етіледі. 

3. Мемлекеттің ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдингтің жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруы кезінде аталған заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтары жоқ бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдинг акцияларының эмиссиясын төлей алады.

Республикалық бюджеттік бағдарламалардың осы әкімшілері тиісті бюджеттік бағдарламалардың жоспарлануын, негізделуін және іске асырылуын, осы Кодекске сәйкес олар бойынша нәтижелердің есептілігін, мониторингін және бағалануын қамтамасыз етеді.

4. Мемлекеттің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы iске асыру жоспарланып отырған бюджеттiк инвестицияларды iрiктеу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар дайындайтын бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесі жөніндегі қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.

5. Қаржылық-экономикалық негiздеменің мазмұнына, әзірлену тәртібі мен мерзіміне қойылатын талаптарды, сондай-ақ мемлекеттің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы іске асырылуы жоспарланып отырған бюджеттiк инвестицияларды іріктеу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айқындайды.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.