Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ЛЕКЦИЯ 9. КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН БЮДЖЕТТЕУ



ЛЕКЦИЯ 9. КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН БЮДЖЕТТЕУ

Лекцияның мақсаты: Инвестициялар және олардың класиффикациясы, инвестициялық бюджетті құру тәртібі, инвестициялық бюджетті пайдалануды талдау және бақылау.

Негізгі қарастырылатын сөздер:Инвестиция, нақты инвестиция, таза дисконтталған құн немесе таза дисконтталған табыс, инвестициялар рентабельділігі (ИР), табыс идексі (ТИ), табыстың ішкі нормасы, қайтарым уақыты, инвестицияның тиімділігі шығындар мен пайда, коммерциялық (қаржылық) тиміділік, бюджеттік тиміділік, күрделі салымдар, инвестициялық қызметті бюджеттендірудің қаржылық стратегиясы.

 

Лекция сұрақтары:

9.1 Инвестициялар және олардың класиффикациясы

9.2 Инвестициялық бюджетті құру тәртібі

9.3 Инвестициялық бюджетті пайдалануды талдау және бақылау

 

9.1 Инвестициялар және олардың класиффикациясы

Қаржылық стратегияны жоспарлаудың мақсаты инвестицияны тарту жоспарын құру болып табылады. Кәсіпорындар үшін күрделі салымдар оның материалдық-техникалық базасын жаңарту және бәсекеге қабілетті өнім өндіру мақсатында жаңа технология мен техниканы ендіруде маңызды болып табылады. Бюджеттеу кәсіпорынның инвестицияға қажеттілігін анықтау мен қаржылық стратегияны жүзеге асыруда негізгі роль атқарады.

Күрделі салымдар туралы шешім – бұл күрделі салымдар сметасын құру мен оның қайтарымдылығын бағалаумен байланысты ұзақ мерзімді шешімдерді қабылдау. Бұл процесс мына бағытта қолданылады:

а) компания қандай инвестициялық жобаларды таңдау керектігін анықтау;

б) жобаны жүзеге асыруда компания күрделі салымның жалпы сомасын анықтау;

в) жобаның қалай жүзеге асырылатындығын анықтау.

Инвестициялық қызметті бюджеттендірудің қаржылық стратегиясы мына ақпараттарды қамтиды:

- инвестицияға қажеттілік және оны қаржыландыру көздер;

- жобаның тиімділігін бағалау;

- жобаға қатысудың тиімділігін бағалау;

- жобаның сезімталдығын бағалау;

- портфельдік инвестиция.

Инвестицияға қажеттілікті қамтамасыз ету мен оны қаржыландыру көздерін анықтау барысында материалдық, қаржылық және материалдық емес инвестицияға қажеттілік есебін жүргізу жүзеге асырылады және онда жобаның ерекшеліктері, тәуекелділік деңгейі ескеріледі.

Жобаның тиімділігін бағалау барысында оның коммерциялық тиімділігі анықталады. Онда қала, аймақ, республиканы сипаттайтын ірі масштабты жобалар үшін жобаның қоғамдық (әлеуметтік-экономикалық) тиімділігі бағаланады.

Инвестициялар ақша құралдары, мақсатты банктік салымдар, несиелер, займдар, кепілдер, технология, жер, ғимарат, машина, құрал-жабдық, лицензия, тауар белгісі және т.б. түрінде болады.

Инвестицияның ұлғайтылған классификациясы мына түрде болады:

1. Материалдық:

- жер учаскесі;

- өндіріс құралдары;

- қорлар,

- және басқа да.

2. Қаржылық:

- үлестік қатысулар;

- міндеттемелер.

3. Материалдық емес:

- зерттеу жұмыстары;

- жарнама;

- кадрларды оқыту;

- әлеуметтік сфера;

- басқа да.

Тартылған құралдар
Инвестиция көздері
Заемдық құралдар
Ішкі көздер
Құралдарды салу бағыты бойынша инвестицияның ұлғайтылған классификациясы мына түрде болады:

 

 

         
- банктік несиелер; - мемлекеттік несие; - облигациялық займдар.
 
- акцияны сатудан; - еңбек ұжымының пайыздық жарнасы; - шетел инвестициясы; - бюджеттен тыс қорлар; - бірлескен кәсіпорындардың орталықтандырылған ақша құралдары.
Меншікті құралдар: - амортизация; - пайда; - жиналымдар; - сақтандыру бойынша құралдар.

 




  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.