Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Басты сметаны құруды талдау және бақылау.



8.2 Басты сметаны құруды талдау және бақылау.

 

Смета – бұл кәсіпорынның ақша ресурстарына қажеттіліктерін анықтайтын жоспарлы есептік форма болып табылады. Ұйымның сметасын жасау процесі бюджеттік цикл деп аталады және ол мынылардан тұрады:

- барлық құрылымдық бөлімшелер басшыларының қатысуымен ұйым қызметін жоспарлау;

- кәсіпорын қызметін бағалау барысында қолданылатын көрсеткіштерді анықтау;

- ұсыныстарды ескере отырып жоспарға түзетулер енгізу.

Сметаны құрастырудың артықшылықтары және оның кәсіпорын қызметіне көмегі.

- компанияның операциялық қызметін жоспарлау;

- компанияның әртүрлі бөлімшелерінің қызметін үйлестіру;

- жауапкершілікті әртүрлі орталықтарға дейін жеткізу;

- менеджерлерді ынталандыру;

- қызметті бақылау;

- орындаған тапсырмаларды бағалау;

Сметаны құрудың этаптары:

1) жалпы курсты бекіту;

2) сметаны алдын-ала құру;

3) сметаны үйлестіру мен талдау;

4) сметаны мақұлдау.

Басшылық сметаны құруда бухгалтерлерді қамтамасыз ету қажет.

Басшылықта сметаның құру процедурасы мен мақсаты және басшылар үшін анықтамалық құрал болуы қажет.Сонымен бірге,сметаны құрудың реттілігі мен күні көрсетіліп,жоспарлы-экономикалық комиссияға берілуі қажет және барлық жауапты тұлғалар сметаны дайындауға қатысуы қажет.

Сметаны құрудың тереңдетілген этаптарында мыналар қамтылады:

- сметаны құрудың саясатын және жауаптыларды анықтау;

- өнім өндірісін шектеу факторларын анықтау;

- өткізу бағдарламаларын дайындау;

- сметаның алғашқы дайындығы;

- сметаны үйлестіру мен талдау;

- сметаны түпкілікті қабылдау;

- сметаны талдау.

Сметаны құру барысында өнім өндірісін шектеуші факторларды алдын-ала анықтау қажет. Көптеген кәсіпорындар үшін шектеуші фактор – бұл өнім өндірісі көлеміне әсер ететін сатып алу сұранысы.

Өткізудің көлемі мен асортименті компанияның өндіріс көлемін анықтайды. Сондықтан өткізу бағдарламасы – жылдық сметаны құру барысында маңызды жоспар болып табылады. Бұл жоспарды құру әлдеқайда қиын, себебі сатудан түскен жиынтық табыс сатып алушылардың іс- әрекетіне де байланысты.

Тұтынушылық сұрынысты бағалау үшін бірнеше әдістер қатары қолданылады. Ең қарапайым әдісі басшылар мен өткізу бөлімі мамандарының ой-пікірлерін бағалау. Баламалы әдіс – статистикалық әдістер көмегімен тұтынушылық сұранысты бағалау.

Кәсіпорында сметаны дайындау процесі төменнен жоғары қарай жүргізілуі қажет. Бұл басқарудың төменгі деңгейінде сметаның құрастырылуын қамтамасыз етеді.

Бақылау сұрақтары:

1. Негізгі смета дегеніміз?

2. Жоспарлау бойынша негізгі шешімдерді қабылдау?

3. Смета мотивациясы дегеніміз?

4. Үйлестіру дегеніміз?

5. Ақпарат дегеніміз не?                 

6. Сметаның басқарушылық қызметі?

7. Сметалық жоспарлаудың сатылары?

8. Смета қызмет түрлері бойынша қалай жіктеледі?

9. Бюджеттік цикл дегеніміз не?

10. Сметаны құрастырудың артықшылықтары және оның кәсіпорын қызметіне көмегі?

Негізгі әдебиеттер:

1. Хруцкий В.Е. Внутрифирменное бюджетирование: Настольная книга по постановке финансового планирования. М.:ФиС, 2007.

2.Ержанова А.К., Айтанаева Ә,К., Жұманова Г.Ш., Баянова М.С., Иматаева Ә.Е. Бақару есебі. Оқу құралы. Алматы: 2009. -304б.

3. 28/08/2013/ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Е.Досаевтың 2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы ҚР заң жобасы туралы баяндамасы

4. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 352 бұйрығы

5.Төлегенов Э.Т., Басқару есебі. Оқулық – Алматы, Экономика, 2006

     

Слайдтардың тізімі:

  1. Сметалық жоспарлау этаптары
  2. Сметаны құрудың этаптары
  3. Сметаны құрастырудың артықшылықтары және оның кәсіпорын қызметіне көмегі


  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.