|
|||
Сметалық жоспарлау7.2 Сметалық жоспарлау Прогрессивті мөлшер мен мөлшерлеу өнімнің өзіндік құнын есепке алу, жоспарлауды жетілдіру, өндіріс тиімділігін арттыруда өндірістік механизмнің маңызды элементі. Мөлшер (норма) – технологиялық процестің әртүрлі операцияларындағы жұмыс уақыты шығыны мен нақты еңбек заты шығындарының абсолютті шекті рұқсат етілген шамасы. Нормативтер – салыстырмалы шамаларды сипаттайды, яғни өндірісте металлды қолдану коэффициенті және т.б. Технико-экономикалық мөлшер мен нормативтерді жасау өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың ажырамас бөлігі болып табылады. Барлық қолданылатын мөлшер мен нормативтер өнеркәсіптік өндірісте әртүрлі белгілері бойынша жіктеледі: - негізгі өнімді өндіруде отын, материал, шикізат шығындары; - отын, материалдар мен шикізат қорларының көлемі; - еңбекақы төлеу шығындары (уақыт, өнімділік, еңбек сыйымдылығы); - өндірісті басқару мен құрал-жабдықтары қызмен көрсету шығындары. Бір уақытта көмекші нормативтер де қолданылады: - есепті мерзім ішінде бұйым, жартылай фабрикаттардың шығымдылық пайызы; - материалдар мен шикізаттарды пайдалану коэффициенті. Мақсатты бағыты бойынша мөлшер мен нормативтер мынаған жіктеледі: - мөлшерлеу объектісі бойынша - өнімнің түрлері, жартылай фабрикат, деталь, жұмыс түрі, технологиялық операциялар және т.б.; - ресурс түрлері бойынша – шикізат, негізгі және қосалқы материалдар; - шығындарды бөлшектеу дәрежесі бойынша – ерекшелік, құрамалық; - қолдану масштабы бойынша – жеке, кешенді; - әсер ету уақыты бойынша – ағымдық, жылдық, перспективалық; - таралу сипаты бойынша – нақты кәсіпорында қолданылатын жеке, топтық, салалық, салааралық. Жасалу тәсілі бойынша мөлшер мен нормативтер мынаған бөлінеді: - есептік-аналитикалық; - тәжірибелік; - тәжірибелік-статистикалық. Материалдарды жұмсау бойынша мөлшер түрлері: - өзіндік ерекшеліктері бар мөлшер; - құрама мөлшер; - топтық мөлшер; - шығын мөлшерінің үлесі; - материалдарды пайдалану коэффициенті. Шығындарды басқарудың тиімді тәсілдері – оның туындау сатысында басқару. Сол себепті өндірістік операцияларды жүзеге асыруда қолданылатын материалдарға еңбек пен қызметке нормативтерді қою қажет. Нормативті шығындарды анықтау барысында екі әдіс қолданылады. Біріншісі, нақты мәліметтер бойынша өткен кезеңдерде қолданылған материалдар мен еңбек бағаланады. Екіншісі бойынша техникалық талдау көмегімен мөлшер белгіленуі қажет. Шығын мөлшері әдетте үш үлкен категорияға бөлінеді: а) негізгі мөлшер. Бұған ұзақ мерзім ішінде өзгеріссіз қалатын тұрақты мөлшер жатады. Мұның артықшылығы, нақты шығындар көлемін бірнеше жылдар бойғы бір мөлшермен салыстыру болып табылады. б) оңды (идеальные) мөлшер. Бұл оңды жағдайдағы қызмет үшін мөлшер болып табылады. Оңды нормативті шығындар – бұл тиімді қызмет жағдайында мүмкін болатын минималды шығын көлемі. в) ағымдағы жетістік шығын нормасы. Бұл тиімді қызмет жағдайында туындайды. Бұл тәжірибеде көп қолданылады.
Бақылау түрлері: 1. Нормативтік тәсіл дегеніміз не? 2. Норма дегеніміз не? 3. Болжам және жоспарлау тәжірибесінде нелер қолданады? 4. Барлық нормалар мен нормативтернеше түрге бөлінеді? 5. Макро деңгейде қандай нормалар қолданылады? 6. Микро деңгейде қандай нормалар қолданылады? 7. Таралу сипатына байланысты нормалар қалай жіктеледі? 8. Қолданыстағы тәжірибеде нормалар мен нормативтер қандай түрлі әдістермен анықталады? 9. Бағдарламалы-мақсатты әдіс дегеніміз не? 10. Мөлшер (норма) дегеніміз не?
Негізгі әдебиеттер: 1.2012 жылғы 10 сәуірдегі № 110 " Бюджетаралық қатынастарды қалыптастыруға жаңа тәсілдерді әзірлеу бойынша Жұмыс тобын құру туралы" ҚР ЭДСМ бұйрығы. 2. Хруцкий В.Е. Внутрифирменное бюджетирование: Настольная книга по постановке финансового планирования. М.:ФиС, 2007. 3.Ержанова А.К., Айтанаева Ә,К., Жұманова Г.Ш., Баянова М.С., Иматаева Ә.Е. Бақару есебі. Оқу құралы. Алматы: 2009. -304б. 4. 28/08/2013/ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Е.Досаевтың 2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы ҚР заң жобасы туралы баяндамасы 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы «2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 1329 6. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 352 бұйрығы 7.Төлегенов Э.Т., Басқару есебі. Оқулық – Алматы, Экономика, 2006 Слайдтардың тізімі: 1. Мөлшер мен нормативтер өнеркәсіптік өндірісте әртүрлі белгілері бойынша жіктелуі 2. Шығын мөлшері категорияға бөлінуі 3. Шығындарды басқарудың тиімді тәсілдері
|
|||
|