Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ЛЕКЦИЯ 8. КӘСІПОРЫН БЮДЖЕТІН(БАСТЫ СМЕТАСЫН) ҚҰРУ, БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ОНЫ ПАЙДАЛАНУДЫ ТАЛДАУ



ЛЕКЦИЯ 8. КӘСІПОРЫН БЮДЖЕТІН(БАСТЫ СМЕТАСЫН) ҚҰРУ, БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ОНЫ ПАЙДАЛАНУДЫ ТАЛДАУ

 

Лекцияның мақсаты: Басты сметаны құрудың этаптары мен технологиясы, басты сметаны құруды талдау және бақылауды үйрену, .

Негізгі қарастырылатын сөздер:Негізгі смета, жоспарлау бойынша негізгі шешімдерді қабылдау, үйлестіру, ақпарат смета мотивациясы, сметаның басқарушылық қызметі, Сметалық жоспарлау этаптары, сметаны құрудың этаптары, сметаны құрастырудың артықшылықтары және оның кәсіпорын қызметіне көмегі.

 

Лекция сұрақтары:

8.1 Басты сметаны құрудың этаптары мен технологиясы.

8.2 Басты сметаны құруды талдау және бақылау.

 

Негізгі смета – бұл нақты мерзімді қамтитын сандық өлшемдегі жоспар. Әдетте смета айларға бөлініп жылға жасалады.

Жоспарлау бойынша негізгі шешімдерді қабылдау – перспективалық жоспарлаудың бөлігі болып табылады.

Үйлестіру – бюджеттік жоспарлау барысында смета көмегімен ұйым бөлімшелерінің өзара келісуі.

Ақпарат – ұйымды бюджеттік жоспарлауда тиімді жұмыс жасауы үшін толық қамтамасыз ету.

Бұл кәсіпорын жоспар, ұйымдастыру мен саясат туралы ақпараттармен толық қамтамасыз етілуі үшін қажет.

Смета мотивациясы. Кәсіпорын басшыларының жұмысқа араласуына мүмкіндік береді және кәсіпорынның мақсатына жетуін бағыттайды.

Сметаның басқарушылық қызметі (функциясы) қызметті басқаруға және бақылауға көмектесуі. Нақты нәтижелерді сметалық көрсеткіштермен салыстыра отырып, кәсіпорын басшысы қандай шығындардың алғашқы жоспарлаға сәйкес келмейтіндігін және оған көңіл бөлу қажет екенін түсінеді.

Тиімділік бағасы сметаның орындалуын бағалаумен жүзеге асырылады.

Сметалық жоспарлау екі этапты қамтиды:

1) жоспарлау – болашақ мақсатты анықтау;

2) мониторинг – ағымдық шаруашылық қызметін талдау.

Смета қызмет түрлері бойынша жіктеледі:

- негізгі;

- негізгі емес.

Төмендегі смета құрастырылады:

- сату (өнімді өткізу);

- өндіріс;

- тікелей материалдық шығындар (негізгі материалдар шығыны);

- жалпы өндірістік шығындар;

- өндірістік персоналдардың еңбек ақысын төлеу шығындары;

- сатылған өнімнің өзіндік құны;

- пайда мен шығын;

- күрделі шығындар;

- ақша құралдарының қозғалысы;

- активтер мен пассивтер баптары.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.