Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ЛЕКЦИЯ 7. НОРМА МЕН НОРМАТИВТЕР- БЮДЖЕТТІ (СМЕТАНЫ) ҚҰРУДЫҢ НЕГІЗІ



ЛЕКЦИЯ 7. НОРМА МЕН НОРМАТИВТЕР- БЮДЖЕТТІ (СМЕТАНЫ) ҚҰРУДЫҢ НЕГІЗІ

Лекцияның мақсаты: Норма мен норматив түсінігі. Өндірістік шығындар есебінің нормативті әдістерінің түрлерін қарастыру. Сметалық жоспарлау және түрлерін айқындау, мөлшер мен нормативтер өнеркәсіптік өндірісте әртүрлі белгілері бойынша жіктелуі, шығын мөлшері категорияға бөлінуі

Негізгі қарастырылатын сөздер:Нормативтік тәсіл, норма, нормативтер, бағдарламалы-мақсатты әдіс, сметалық жоспарлау, сметалық жоспарлау, шығын мөлшері, технологиялық тәсіл, болжам.

 

Лекция сұрақтары:

7.1 Норма мен норматив түсінігі. Өндірістік шығындар есебінің нормативті әдісі.

7.2 Сметалық жоспарлау

7.1 Норма мен норматив түсінігі. Өндірістік шығындар есебінің нормативті әдісі.

Нормативтік тәсіл болжам мен жоспарлаудың негізгі тәсілдерінің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта оған аса үлкен көңіл бөлінуде, оның себебі әр түрлі нормалар мен нормативтерді экономиканың реттеуіштері ретінде пайдалануда. Нормативтік тәсілдің маңызы нормалар мен нормативтарды пайдаланып, болжамдардың, жоспарлардың, бағдарламалардың техникалық-экономикалық негізделуінде. Соңғысы ресурстарға деген қажеттілікті есептеуде және көрсеткіштерді пайдалануда қолданылады. Нормалар мен нормативтердің көмегімен маңызды теңсіздіктер негізделіп, заттық өнеркәсіптің дамуы және өндірістік емес орталардың дамуы, сонымен қоса экономиканың реттеуі іске асырылады.  

Норма ресурстың өнім (жұмыс) бірлігіне деген шығын өлшемінің ғылыми негізін белгілі өлшем бірліктерінде көрсетеді, мысалы, ұнның бекітілген рецептураға сай 1 тонна нан тоқаш өнімдеріне кететін шығыны сияқтылар. Тағамданудың ғылыми негізделген рәсіміне байланысты кез-келген өнімді тұтыну норма түрінде болады. Мысалы, жылына ет тағамдарына пайдаланатын ет адам басына шаққана жылына – 82 кг құрайды. Өндірістік емес орталарда ортақ және тұрғын аймақтардың 1 адамға шаққандағы қажетті мөлшерін сипаттайды, мысалы, сүды пайдалану- 1 адамға қатысты есептелінеді және т.с.с.

Нормативтер, әдетте, қатысты түрде жасалынады. Олар ресурстарды пайдалану деңгейін сипаттайды (мысалы, металл-завалкалардан бір жылдық шығатын қалдықтардың пайызы), өнімнің 1 млн. т. Ресурс шығыны, несиеге кететін төлем мөлшері және т.б. (пайыздық ставкалар).

Болжам және жоспарлау тәжірибесінде нормалар мен нормативтер жүйесі қолданады. Оларға шикізат және жанармай-энергетикалық ресурстарға шығындалатын нормалар, еңбек шығындарының нормасы, негізгі өндірістік қорларды пайдалану нормалары мен норматьивтары, капиталдық салымдар мен капиталдық құрылыстың нормативтері, қоғамдықұ өндірістің әсерлелігін сипаттайтын нормалар мен нормативтер, қаржылық нормалар (амортизация нормалары, тиімділік нормалары, салық ставкалары және т.б.), әлеуметтік нормалар (минималды тұтынушылық бюджет, минималды жалақы, адам басына шаққандағы өндірістік немесе өндірістік емес тауарларды тұтыну нормалары, қалалық және ауылдық аймақтардағы тұрғын аудандар нормалары), экологиялық нормалар (зиянды қалдықтарды қоршаған ортаға тастау нормалары, суда зиянды заттардың болуының нормативтері және т.б.) нормалар мен нормативтер жатады. Қаржылық, әлеуметтік және экоогиялық нормалар мен нормативтер экономиканың маңызды реттеуіштері болып табылады.

Мысалы, рентабельділік нормативтердің көмегімен минимальды тұтынушылық бюджет базасында кәсіпорын-монополистердің өніміне деген баға бекітіледі, олар ортақтандырылған әлеуметтік нормативтер болып саналады, сондықтан минимальды жалақы бекітіліп, зейнетақылар мен шәкіртақылар қалыптасады. Экологиялық нормалар мен нормативтер экологиялық салықтың көлемін анықтауда негіз болады. Сонымен қатар, олар жаңа техника мен технологиялар жасауда, жаңа және қызмет істеп тұрған кәіпорынды жөндеу жұмыстарынан өткізуде және жобалы-құрылыс жұмыстарын жүргізгенде, қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шараларды жүргізу барысында қолданылады.

Барлық нормалар мен нормативтер ағымдағы және перспективадағы, яғни болашақтағы деп екіге бөлінеді. Алғашқылары – ағымдағы кезеңге (жыл, ай аралығында) жоспар-болжамдарды жасауда, ал екіншілері алдағы, болашақтағы уақытта жасалынады. .

Макро деңгейде негізінде үлкейген, іріленген нормалар мн нормативтер қолданылады, ал микро деңгейде – бөлшектенген, бөлшектеніп-егжей-тегжейленген және жекеленген нормалар қолданады. Кәсіпорынның болашағына қажетті болжамдар мен жоспарларды жасау барысында топтасқан нормалар пайдаланылады, мысалы, бір тракторға кететін металлдың нормативтік шығыны (трактордың моделін ескермеген жағдайда) немесе 1 тонна кондитер өнімдеріне кететін қанттың шығын нормасы. Топтасқан нормалар нақты өнім түрінің бірлігіне шаққандағы бөлшектенген немесе жекеленген нормалардың шығынының негізінде анықталады, олар ассортименттік таралымына сәйкес өнімнің саны арқылы өлшенеді.

Таралу сипатына байланысты нормалар жергілікті, салалық және сала аралық болып бөлінеді.

Қолданыстағы тәжірибеде нормалар мен нормативтер әр түрлі әдістермен анықталады. Жан-жақты зерттелгендердің бірі болып есептік-аналитикалық әдіс саналады, ол нормалар мен нормативтерді техникалық-экономикалық есептеулердің көмегімен анықтайды. Бұл үшін ғылым мен техниканың, методика мен ережелердің жаңа жетістіктері ескерілген техникалық құжамнама пайдаланылады. Осы әдіспен есептелген нормалар техникалық негізделген деп аталады. Олар аса прогрессивті болып табылады. Олар ең прогрессивті болып саналады. Есептік-аналитикалық әдісті жүргізу мүмкіндігі жоқ жағдайларда, нормалар мен нормативтер өткен кезеңде жүргізілген есептік-статистикалық деректерге сүйеніп жасалынады немесе тәжірибелік жолмен, яғни өндіріс резервтеріне жүргізілген талдау барысында анықталған және таралымдық тәжірибе көмегімен қол жеткізілген тәжірибелер мен экспериментальдық деректер негізінде жасалынады. Есептік-статистикалық нормалар уақытша болу керек, себебі олар өткен кезеңдегі деректер негізінде есептелінеді, және оған тән барлық кемшіліктерді басынан өткізеді. Оларда кейде ескірген деректер деп айтады, себебі олар болжанған кезеңдегі ғана ХТӨ жетістіктерін көрсетеді де қайта қаралуға мәжбүр болады. Қарастырылған әдістермен қатар нормалар мен нормативтерді қалыптастыруда факторлық әдіс қолданылады, ол нормалар мен нормативтерге боджанған (жоспарланған) кезеңде әсер етеді.

Нормалар мен нормативтерді іске асыру сапасы мен ғылыми деңгейін жоғарылату үшін нормалауды жасауды, нормалар мен нормативтерді ұйымдастыру мен дайындау технологиясын жақсарту керек.

Инфляциялық үрдістердің болуына байланысты ірі нормативтердің (орташа салалық) үнемі түзетілуді талап етеді, олар өнімнің (жұмыстың) 1 млн.т. кететін ресурстардың шығының немесе өнімнің (жұмыстың) 1 млн.т. шаққандағы тасымалдау жүгінің көлемімен сипатталады.

Нормалар мен нормативтер жүйесін кеңейту, оларды қалыптастыру ЭМРАЖ (экономиканың мемлекеттік реттеудің ақпараттық жүйесі) дамытуға деген талаптарды жоғарылату АНЖ (нормалар мен нормативтерді жинау, жинақтау және жаңартудың автоматтандырылған жүйесі) құруға деген қажеттілікті туғызды. АНЖ-ға нормалар мен нормативтердің материальдық, қаржылық, әлеуметтік, ғылыми негізделген еңбектердің кешені, оларды қалыптастыру тәртібі мен әдістері, болжамдық және жоспарлық есептерді жүргізу барысында пайдаланылуы жән жаңартылуы, сонымен қатар ЭЕМ арқылы нормалар мен нормативтерді бақылау және дайындауды ұйымдастыру жатады. Барлық нармалар мен нормативтер жүйелерге, ал жүйелер ішінде АНЖ-ның көмегімен шешілетін амалдар бойынша өзара топтасқан.  

Бағдарламалы-мақсатты әдіс

Басқа әдістермен салыстырған бағдарламалы-мақсатты әдіс (БМӘ) жаңа және жеткіліксіз жасалынған болып табылады. Ол тек соңғы жылдары ған кең пайдалана басталды, алайда бұл әдіс бұрыннан белгілі болжан және ЭЭСДМЖ (элекроэнергетикалық салалық дамудың мемлекеттік жоспары) жоспарын жасау барысында алғаш рет қолданған.

БМӘ нормативтік, баланстық және экономикалық-математикалық әдістермен тығыз байланысты, болашақтық ізденістердегі экономиканың даму мақсаттарынан шығатын қорытынды қажеттіліктерге баға беруге жасалынатын жоспардан басталады да оларға жетудің әжерлі жолдарын және ресурстық қамтылуын анықтаумен аяқталады. Осы әдістің көмегімен жоспарлаудың басымдылық қағидасы қалыптасады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.