Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Мидың маңдай бөлігінің абсцесі



Мидың маңдай бөлігінің абсцесі

Негізгі көзі – маңдай қуысы, сирек – торлы лабиринт.

Жергілікті симптомдар – негізінен жоғарғы қабақ ісінуі, коньюнктива гиперемиясы және ісінуі, көздің төмен және сыртқа қарай ығысумен бірге жүретін әртүрлі дәрежедегі экзофтальм. Бұл симптомдар созылмалыға қарағанда, жедел фронтитте жиі кездеседі. Сонымен бірге ми абсцесі кезінде де анықталады.

Нистагм, иіс сезудің бұзылуы, статиканың және жүрістің бұзылыстары ешқашан анықталмайды. Тырысулар фокальды, джексондық ұстамалар сипатында беттің қарама-қарсы жағының мимикалық бұлшықеттерінен басталады.

Каверноздық синустың тромбозы 

Мұрын-ерін үшбұрышы аймағының қақпақшасыз веналарынан үңгірлі синусқа инфекцияның таралуынан дамиды. Жылдам генерализация, сепсистің дамуы.

Жалпы симптоматикасы – температураның жоғарлауы, өкпе және басқа органдарда инфектометастаздардың анықталуы.

Жоғары қызба кезінде алынған қан себінісінде стрептококтар мен стафилококтар анықталады; α1-,α2-,γ-глобулиндердің құрамының салыстырмалы диспротеинемиясы.

Менингеальдық симптоматика – плеоцитоз, Крениг және Брудзинский симптомдарының теріс кезіндегі шүйде бұлшықеттерінің әлсіз ригидттілігі. Жергілікті симптомдар – қабақтың қызаруы, птоз, химоз, әкетуші, шығыр, көз қозғалтқыш және үшкіл нервтердің невриті, экзофтальм. Маңызды диагностикалық әдіс — бассүйегін компьютерлік тексеру.

Емі. Инфекциялықошақты хирургиялық санациялау.

 Консерва­тивті:

• гепарин — тәулігіне 30 000—40 000 ЕД артық емес;

• жаңа алынған қан және жаңа тоңазытылған плазма;

• реополиглюкин 5—10 мл/дене массасы кг ;

• аспирин - 0,25—0,5 г күніне 2—3 рет,

• никотин қышқылы -  0,05—0,1 г күніне 3 рет - 3 мл

1% ерітіндісін б/етке күніне 1—2 рет.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.