Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Риносинусогенді көзішілік және бассүйекішілік асқынулар.



Риносинусогенді көзішілік және бассүйекішілік асқынулар.

Риногенді көзішілік асқынулар – көз шарасы жұмсақ тіндерінің инфильтративті және флегмонозды қабынуы. Инфекцияның мұрын қуыстарынан көз ұясына өтуінің негізгі себептері: көздің жақын орналасуы менқан тамырлар мен нервтер өтетін анатомиядық байланыс жолдарының болуы. Кейде инфекция туа біткен тесіктер (дегисценциялар) арқылы өтуі мүмкін.

Клиникасы. Қабыну көз ұясына торлы лабиринттен, маңдай немесе гаймор қуыстарынан келсе, онда көз шарасының сол жерінде жұмсақ тіндер инфильтрациясы, ісіну, экзофтальм байқалады; сол аймақтағы тері гиперемиясы, көз маңындағы ауру сезімі, көз қозғалғыштығының шектелуі, көздің ығысуы анықталады.

Торлы лабиринттің артқы торшаларының, сына тәрізді қуыстың қабынуы көз ұясына өткенде, көру өткірлігі төмендеп, көру алаңы тарылып, скотома пайда болуына алып келеді.

Диагностикасы. Риногенді көру бұзылыстарының маңызды дифференциалдық-диагностикалық белгі - 5℅ кокаин ерітіндісіне малынған тампонды ортаңғы мұрын жолына 2 сағатқа қою сынамасын жасау. Бұл кезде көру қабілеті жоғарласа, қабынудың қосалқы қуыстардан тарағаны анықталады.

Емі.Риносинусогенді көз зақымдалулары кезінде бір уақытта жалпы қабынуға қарсы еммен қатар хирургиялық ем қолданады.

Риногенді бассүйекішілік асқынулар — мұрын мен оның қосалқы қуыстарнан бассүйек ішіне инфекцияның енуі. Отогенді асқынуларға қарағанда олар сирек кездеседі.

Жий кездесетін себебі - күнделікті мұрын инфекцияларының вируспен қосарлануы.

Созылмалы синуит кезіндегі асқынулардың продромальдық кезеңіне тән: науқас өзін нашар сезінуі, бас ауруы, температураның орташа көтерілуі.

Таралу жолдарна қарай асқынуларды ажыратамыз.

Жанаспалы жол арқылы – пахи- және лептоменингит.

Гематогенді жол арқылы –веналардың зақымдалуы.

Лимфогенді жол арқылы – ошағы мұрынның жоғарғы жолында орналасады.

Риногенді арахноидит Іріңді инфекциямен сенсибилизацияланған организмде лептоменингиттен кейінгі өрмек тәрізді қабықтың фиброздық тыртықтануы мен кисталар түзілуі нәтижесінде дамиды.

Клиникасы.Ең жиі кездесетін клиникасы- арахноидиттің оптохиазмальдық синдроммен өтуі. Бұл кезде бас ауруы жайылмалы сипатта да, көз-маңдай аймағында немесе шүйде аймағында болуы мүмкін.

Диагностиксы.Люмбальдық пункция — ликвор қысымы жоғары, құрамы не гидроцефальдық (0,099 г/л), не орташа гиперцефальдық ( 0,36—0,49 г/л-ден 0,66 г/л-ге дейін).

Пневмоэнцефалография, электроэнцефалография, эхоэнцефалография нәтижелері ерте диагностикаға маңызды.

Емі. Қабыну ошағын хирургиялық алып тастау, дәрілік, дегидратациялық терапия.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.