Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Диагностикалау әдістері.



Диагностикалау әдістері.

1. Аурудың анамнезі

2. Алдыңғы және артқы риноскопия

Емдеу принциптері.

Инфекциялық ринитке сульфаниламид препараттары, мұрын тамырын тарылтқыш препараттары, қызуды төмендететін дәрілерді тағайындайды. Аэрозольтерапия мен физиоегулерді қолданады.

Асқынулары.

· Жедел синуситтер

· Жедел ортаңғы отит

· Жедел фарингит, ларингит, бронхиттер

· Дакриоциститтер

· Мұрын кіреберісіндегі дерматиттер

Созылмалы риниттің негізгі түрлері: себебі, клиникасы.

Созылмалы катаральді ринит.Морфологиялық өзгерістер айқын емес, шырышты қабықтың бектей қабаты зақымдалады. Кірпікшелі эпителий өз кірпікшелерін жоғалтады, кей жерлерде – көпқабатты жалпақ эпителиймен ауысқан. Субэпителиальді қабатта – лимфоциттермен, нейтрофилдермен домалақ жасушалы инфильтрация байқалады.

Клиникасы:Мұрынның кезеңді бітелуі, мұрын бөлінділері – шырышты және шырышты–іріңді сипатта.Риноскопияда – шырыштың қою гиперемиясы мен біркелкі ісінуі.

Созылмалы катаральді ринитті созылмалы гипертрофиялық риниттен айыру үшін тамыр тарылтқыш препараттармен сынама жүргіземіз. Мұрын кеуілжірлері шырышының қысқаруы жергілікті гипертрофияның жоқтығын дәлелдейді. Түйме тәрізді зонд көмегімен айқын гипертрофияда тығыз тін, жалғанда жұмсақ тін анықталады.

Созылмалы гипертрофиялық ринитдәнекер тіннің өсуімен сипатталады. Морфологиялық пролиферативті процесстер басым болады.Төменгі мұрын кеуілжірлерінің алдыңғы және артқы шеті және ортаңғы мұрын кеуілжірінің алдыңғы шеті жиі гипертрофияланады.Мұрын кеуілжірінің полип тәрізді қалыңдауы мүмкін.

Клиникасы:мұрынның тұрақты бітелуі, шырышты және шырышты–іріңді бөліністердің көп болуы.Иіс сезу саңылауының обтурациясы салдарынан гипосмия және аносмия дамиды.Сонымен бірге науқасты баста ауырлық сезімі мен бас ауруы мазалайды. Риноскопияда мұрын кеуілжірлері өлшемінің ұлғаюы, қою гиперемия анықталады. Дифференциалды диагностиканы созылмалы катаральді ринитпен жүргіземіз.

Созылмалы атрофиялық ринит.Аурудың дамуында негізгі себептерге асқазан ішек жолдары, әсіресе бауырдың аурулары, ауыр инфекциялық аурулар, әлеуметтік жағдайдың, тамақтанудың нашарлауы, жетілу кезеңінде гормональдық өзгерістер мен психогенді күш түсуі, мұрын жарақаттары, операциялар, мұрынға ұзақ уақыт бойы тамыр тарылтқыш препараттарды қолдану жатады. Метаплазия – шырыштың бірден жұқаруы, кавернозды тін мен бездердің жоғалуы, кірпікшелі эпителийдің жалпаққа метаплазиясы, Бокал тәрізді жасушалардың жоғалуы, шырышты бездердің санының азаюы.

Клиникасы: Мұрында құрғақтық, шырыш бөлінуінің төмендеуі, иіссіз жабысқақтың түзілуі, қою, созылмалы бөліністер, мұрынмен тыныс алудың бұзылуы. Риноскопияда мұрын мен мұрын кеуілжірлерінің атрофиялануы, қою секреттің, жабысқақтың жиналуы салдарынан кеңейген қуыс анықталады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.