|
|||
Тақырып №4: Ортаңғы құлақтың жедел іріңді ауруы. Мастоидит. Ортаңғы құлақтың созылмалы іріңді қабынуы. : Отогенді басішілік асқынулар: ми абсцессі, менинТақырып №4: Ортаңғы құлақтың жедел іріңді ауруы. Мастоидит. Ортаңғы құлақтың созылмалы іріңді қабынуы. : Отогенді басішілік асқынулар: ми абсцессі, менингит, сигма тәрізді қойнаудың тромбозы, сепсис, этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі. 2. Мақсаты: Студент жедел іріңді отит пен мастоидиттің диагностика, клиника және емін меңгеруі тиіс. Студент құлақтың созылмалы ауруларының клиникасы мен емін білуі қажет. : Студент отогенді басішілік асқынулардың этиологиясы мен патогенезін меңгеруі керек. Отогенді менингиттің клиникасы.
3. Дәріс жоспары: 1 Жедел іріңді отиттің этиологиясы мен түрлері 2 Жедел іріңді отиттің клиникасы 3 Жедел іріңді отиттің емі а. Мезотимпанит б. Эпитимпанит 4 Отогенді басішілік асқынулардың этиологиясы мен патогенезі 5 Отогенді менингиттің клиникасы Дәріс тезистері Ортаңғы құлақтың жедел іріңді ауруы. Мастоидит. Этиологиясы мен патогенезі. Ірінді отитті тудыратын микробтар кокк түрінде болады (пневмококк, Bact.colli және т.б.) Инфекцияның қарапайым кіру жолы – евстахий түтігі арқылы. Осы жолмен мұрындағы, қосалқы құыстардағы, мұрын жұтқыншақтағы, қабыну процесстері және жалпы инфекциялық аурулары (қызылша, скарлатина, тұмау т.б.) ортаңғы құлаққа таралады. Ортаңғы құлаққа инфекцияның енуінің сирегірек жолы – дабыл жарғағының жарақаты және еміздік тәрізді өсіндінің жарасы. З-ші жолы – гематогенді – тиф, скарлатина, пиемия сияқты инфекциялық ауруларында, инфекциялық бөлшектің ортаңғы құлаққа қан ағымымен түсуі. Жіті отиттің типті жағдайлары кенеттен басталады. Құлақтағы қатты ауру сезімі, жалпы көңіл-күйі төмендеуі дене температурасы көтеріледі. Жас балаларда ауру көбінесе түнде басталады: бала кенеттен ұйқысынан құлағының қатты ауруынан жылап оянады. Дене температурасы кейде 39 С, кезде одан да жоғары көтеріледі. Ортаңғы құлаққтың шырышты қабатына инфекцияның түсуі нәтижесінде, шырышты қабықтың, гипермиясы дамиды. Экссудат жиналады, алғашқы кезде экссудат серозды, геморрагиялық болуы мүмкін, бірақ ол кейін іріңді сипатқа ие болады. Экссудаттың мөлшелерін жоғарлауынан дабыл құысында қысым жоғарылайды, осыдан нервтің көптеген афферентті талшықтары тітіркенеді де, қатты ауру сезімі пайда болады. Онымен қоса, дабыл қуысының тамырларына, түтіктің безді аппаратына және т.б. рефлекс пайда болады. Асқазан-ішек аппаратыныңбұзылысы жиі болады (мысалы: үлкен дәреттің болмауы), емшектегі балаларда ауыр диспепсиялық бұзылыстар пайда болады. Қабыну процессі дабыл жарғағына таралады. Іріннің жоғары қысымының әсерінің нәтижесінде және канайналымының бұзылысынан жарғақтың перфорациясы дамиды. Содан отторея, яғни ірің ағу дамиды. Қолайлы жағдайларда секрет евстахиев түтігі арқылы мұрын-жұтқыншаққа ағуы мүмкін; әсіресе жас балаларда, себебі олардың түтіктері кең және қысқа болады. Мұндай жағдайларда ауру тез жазылады. Жергілікті және жалпы иммунды реакциясының арқасында қабыну біршама баяулап, ірің ағымы азаяды да, репаративті процесстер басталады. Осының негізінде дабыл жарғағының перфорациясы тыртықтанып, шырышты қабаты қалыпқа келеді. Қабыну процессі емсіз әдетте бірінші аптаға созылады, алайда абортивті формаларының созылмалы формаға ауысуы байқалады. Клиникасы.Науқаста қатты ауру сезімінен басқа, құлақтағы шу, есту өткірлігінің төмендеуі секілді шағымдар мазалайды. Ауру сезімі құлақтың терең бөлігінде орналасады, кейде бүкіл басқа таралады. Емізік тәрізді өсінді қысымға сезімтал болып келеді. Құлақ ауруы кезінде емізік тәрізді өсіндінің ауруы, қабыну процессінің емізік тәрізді өсіндіге өткенін көрсетеді. Отоскопия арқылы жарғықтың айқын гиперемиясы анықталады (аурудың алғашқы кезеңдерінде балғашықтың сабында және оның радиусы б-а): қантамырлардың кеңеюі суреті көрінеді; диффузды қызару кезеңінде дабыл жарғағының суреті жоғалады, содан кейін қысқа өсіндісінің суреті жоғалады. Жарғақтың айқын қызыл түсі келешекте сары іріңнің ағаруына байланысты және эпителиидің ақ түсті пласттарға өзгеруіне байланысты. Дабыл жарғағының ісінуінен ол созылған қап тәрізді түрге ие болады. Грипп кезінде көп жағдайда дабыл жарғағында және есту жолының терісінде қызыл-көк түсті көпіршіктер түзіледі. Олардың іштері қанға толы болады. Есте ұстайтын жайт, жарғақтың перфорациясы болмағанда аталған көпіршіктер есту жолында қанның көзі болып табылады. Дабыл жарғағының тесігінің жыртылуы кезінде ол арқылы ірің біршама үлкен саңылаудан ағады. Ол әдетте төмені квадрантта орналасады.Перферация түзілгенде ауру сезім азаяды немесе жоғалады, температура біртіндеп түседі және емізік тәрізді өсіндіні басқанда ауру сезімінің интенсивтілігі төмен болады. Ірің перфорация арқылы перфорация контуры деңгейінде шықса, ереже бойынша көрінбейді, бірақ пульстік рефлекс анықталады. Ол кезде ірің кішкентай тамшы түрінде перфорация арқылы синхронды пульсіне түседі. Бұл дабыл қуысының экссудаты қантамырлардың шырышты қабығының пульсациясын перфорациялық тесіктер арқылы жіберілуі мен түсіндіріледі. Жіті қабыну кезінде дабыл қуысы экссудатқа ғана толмай және шырышты қабықтың ісінуі негізінде қатты үлкейеді. Кейде қалындаған шырышты қабық перфорация арқылы грыжа түрінде шығып тұрады. Ол грануляцияны еске түсіреді (дөңгелек қызыл түзіліс) Жіті отит кезінде перфорация сирек жағдайда кең көлемде кездеседі. Анық көрінетін үлкен перфорация негізгі инфекцияның ауырлығын көрсетеді (мысалы: туберкулез, скарлатина және жарақаттар дабыл жарғағының гиперемиясы азаяды және өзіне тын жылтыр түске ие бола бастайды. Кішкентай өлшемді перфорация ешқандай із қалдырмастан, үш қабаттың толық регенерациясы негізінде қайтадан қалпына келеді. Үлкен өлшемді перфорация кезінде ортаңғы қабаттың регенерациясы дамымайды және соның салдарынан атрофиялық бөлімдер қалып қояды. Кей кездері перфорация орнына тұз шөгінділері бар тыртық тін қалыптасады. Егер перфорация орны бітілмесе, онда дабыл жарғағының шырышты қабаты эпидермиспен бірге өсіп, тұрақты перфорацияны түзеді. Көп жағдайларда ортаңғы құлақтағы иірімдейтін адгизивті процесстің пайда болуына фиброзды өзгерістер. Аурудың енуіне шырышты қабаттың құрылысының ерекшелігі және дабыл қуысын үлкейтетін қалталар мен қатпарлардың ерекшелігі үлкен әсер көрсетеді. Осы ерекшеліктердің нәтижесінде көп жағдайларда шектелген жеке аймақтар түзіледі мысалы аттина. Соңғы жағдай көбінесе процесстің созылмалы түріне өтуін көрсетеді. Диагностика әдістері.Әдетте диагностика қиындық тудырмайды. Егерде дабыл қуысында дабыл жарғағын көруге кедергі келтіретін түзілістер болмаса (структуралар, экзостоздар және т.б.). Есте ұстайтын жайттардың бірі ауру ағымды жалпы инфекциялық ауруларды есту қабілетін бақылау және отоскопияның тексеру жүргізу қажет. (тиф,пневмония, скарлатина) Емдеу принциптері.Жіті стадияда төсектік режим және витаминге бай диета. Жалпы емдік препараттардан сульфаниламидтер әсері нашар болғанда оны стрептомицинмен, биомицинге және т.б. препараттарға ауыстырады. Диск әдісі бойынша микробтың антибиотикке сезімталдығы анықталады Есту жолын эпидермис қабыршақтарынан тазарту, күкірт пен ірінді абайлап сүрту қажет немесе сирек жағдайда бордың жылы ерітіндісімен жуу қажет. Жылыту компресстерін құлақ сыртында қояды. Жіті процесстердің қауіптілігі кезеңде – соллюкс шамдарымен жылыту жүргізеді. Ол ауру сезімін басады және процесстің жазылуына әсер етеді. Қатты қабыну көріністерінде мұз көпіршіктер түрінде қолданады. Аурудың жіті кезеңінде дабыл жарғағы күшті бұлтиса да перфорация түзілмейді. Сол уақытта дабыл жарғағын тесу немесе кесу арқылы іріндік шығаралады. Парацентез әдісі жиі балаларда қолданады (әсіресе емшек жасындағы балаларда, себебі оларда миксоидты тін әліде әктелмеген , балаларда дабыл жарғағы жұқа және тесілуге жоғары болады. Балаларда жалпы симптомдар айқын болады (температура, ауру сезімі, кейде менингизмі). Науқасты немесе баланың ата-анасына алдын-ала түсіндіру қажет. Парацентез қабыну процессін жоймайды,бірақ құлақтағы ауру сезімін азайтады және температураны төмендетеді. Парацентез әсерінен есту қабылеті төмендемейді. Тілік байқалмайтын тыртық түрінде қалыптасады. Парацентез операциясы жасалуында ауырлық сезімін тудырады. Ол жергілікті жансыздандыру арқылы жүргізіледі. Дабыл жарғағына 10 минут, оның құрамы: AC.Carbolici, Mentholi 2.0, Cocaini hydrochloric 2.0, Spiritys vini rectificati 10.0, немесе эфир ерітіндісіне батырылған мақта шаригін қояды.
|
|||
|