Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырып №3. Көмейдің жедел және созылмалы аурулары.



1. Тақырып №3. Көмейдің жедел және созылмалы аурулары.

2. Мақсаты: Студенттердің хабарды сіңіруі:

· Көмейдің аурулары, диагностикасы, клиникасы және емі.

Дәріс жоспары:

1. Жедел және созылмалы ларингиттің түрлері, морфологиясы және клиникасы, нағыз және жалған круппен диф. диагностика жүргізу.

2.Көмей ісінуінің диагностикасы және емі.

3. Көмей ісінуі мен стенозы, шұғыл көмек.

Көмей ісінуінегізінен белгілі бір аурудың көрінісі болып табылады; ол қабынулық және қабынусыз болуы мүмкін.

Қабынулы ісіну— әр түрлі жұтқыншақ, көмей және басқа да мүше ауруларының көрінісі, кейбір жедел және созылмалы инфекциялық ауруларда көрініс беруі мүмкін, мысалы, қызылша, грипп, туберкулез, сифилисте көмейде қабыну болады. Жиі аллергияда, мойын жарақаттарында, ыстық тамақпен, ерігіш қышқылдармен, сілтілермен көмей күйгенде, фахеобронхоскопиядан кейін болады. Ерекше түрі — мойын ісігінде жасалатын рентгенорадиотерапиядан кейін болуы.

Қабынусыз ісінукейбір жүрек жетічпеушілігінң түрлерінде, бауыр және бүйрек ауруларында байқалады. Осы қатарға Квинке бойынша ангионевротикалық ісінуді де жатқызуға болады. Ісіну морфологиясыбойынша шырышты қабықтың терең қабаттары мен бұлшықетаралық дәнекер тінде әр түрлі дәрежелі экссудаттың болуымен сипатталады. Ісінудің түрі мен таралуы оның себебі мен берілген аймақ шырышасты қабатының анатомиялық құрылысы ерекшелігіне байланысты.

КлиникасыІсінудің белгілері көмей қуысының тарылу дәрежесіне және оның таралуының жылдамдығына байланысты. Көмекейдің қабынулы ісінуінде жұтынғанда ауру сезімі, бөгде денені сезіну, тыныс алудың шамалы қиындауы, дауыс өзгеруі байқалады. Бұл белгілер ісінудің ожау тәрізді шеміршектің, ожау-көмекей қатпарының, дауыс байламдарының және дауыс асты кеңістігінің шырышты қабықтарына таралғанда күшейеді. Мұндай жағдайларда жедел көмей стенозы дамуы мүмкін, ол ауыр тұншығу тыдырып, науқас өміріне қауіп төндіреді.

Ларингоаскопияда: көмейдің зақымдалған бөлігінің сулы не желе тәрізді ісінуі. Көмекей бұл кезде кенеттен қалыңдаған болуы мүмкін, ал ожау тәрізді шеміршек аймағы шар тәрізді болады. Дауыс саңылауы дауыс қатпарлары шырышты қабығының ісінуінде бірден тарылады; көмей қуысының бұлай тарылуы дауыс асты аймақтың шырышты қабығының стенозында да болады, ол кезде іісну екі жақты жастық тәрізді томпайып тұрады. Қабынулық ісіну ~ әртүрлі дәрежелі реактивтілік көріністері бар, қабынусызда гиперемия болмайды.

Ларингоскопия кезінде диагностикалау әдетте қиынға соқпайды, себебі шырышты қабықтың сипаты (шыны тәрізді ісіну) өзіне тән ерекшелікте болады; негізінен көмей ісінуінің себебін анықтау қиын болады. Ісінген шырышты қабат кейде көмейдегі ісіктерді, жараларды, көмей-жұтқыншақтағы бөгде денелерді жауып қалады. Тура емес ларингоскопиямен қатар, кейде тура ларингоскопияны, көмей рентгенографияны жасау керек.

Емі.Сыртқы тынысты қалпына келтіру және асфиксияның алдын алу. Шұғыл госпитализациялау. Ауыр стеноз тудырмайтын көмей ііснуі стационар жағдайында консервативті емделеді.

Қабынулы түрінде:

• антибакериальды терапия парентеральды;

• Sol.pipolpheni 0,25%-ды — 2 мл бұлшықетке, 2рет күніне;
Sol.Calcii gluconici 10%-ды бұлшықетке 1рет күніне;
Sol. Glucosae 40%-ды — 20 мл + AC. ascorbinici 5 мл
көктамырға 1рет күніне; Rutini 0,02 г ішке 3 рет күніне;

• Ыстық аяқ ванналары 42—45°С-та 5 мин аралығында;

 • Темкин бойынша мұрын ішілік блокада 1рет күніне: Sol.
Novocaini 1%-ды — 2 мл ортаңғы кеуілжірдің алдыңғы ұшына;

 жөтелге, қақырыққа — жөтелге қарсы және ерітетін заттар (Sol. Kalii jodat 3%-ды 1 ас қасықтан 3рет күніне, бромгексин);

ингаляциялар; 1 флакон химотрипсин + 1 ампула эфедрин +
+ 15 мл изотониялық ерітінді.

Аллергиялық және ісінулі-қабынулы түрінде:

• Sol. Prednisoloni hydrochloridi 3%-ды — 1 мл (30 мг) бұлшықетке.
Егер іісну айқындалса және стеноз күшейсе, дозаны 2—4 есе жоғарылаты керек. Қайталап енгізу 5—6 с кейін мүмкін болады;

• Жылдам әсер ететін көктамырішілік тамшылатып енгізу: 200 мл NaCL изотониялық ерітіндісі + 30 мг
преднизолон + 2 мл пипольфен + 1 мл 0,025%-ды стро­фантин;

• мұздай сұйық тағам, сұйықтықты қабылдауды шектеу, дауыспен сөйлеуді шектеу, физикалық күштемені шектеу.

Иллюстративті материал:мультимедиялық дәрістердің электронды варианты (студент кафедрадан алады)

 

Әдебиеттер:

9. Магамедов М.М., Лучихин Л.А., Пальчун В.Т. Оториноларингология: учебник + СД. – М., ГЭОТАР-Мед. 2008. – 656 с.

10. Оториноларингология. Национальное руководство + СД. – М., ГЭОТАР-Мед. 2007. – 960

11. Пальчун В.Т.. Болезни уха, горла, носа.- М., Медицина, 2000.

12. Солдатов И.Б., Гофман В.Р. Оториноларингология. – СПб., 2001.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.