Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Дәріс тезистері. Жедел ринит: жіктелуі, этиологиясы, патологиялық анатомиясы



. Дәріс тезистері

 1.Мұрын мен мұрын қуысының ауруларының жіктелуі, диагностикасы, асқынулар,       клиникасы мен емі.

Жедел ринит: жіктелуі, этиологиясы, патологиялық анатомиясы

Жедел ринит этиологиялық факторларға байланысты инфекциялық және инфекциялық емес деп бөлінеді. Риносинуситті аурулардың кездесу жиілігіне келесі факторлар әсер етеді:

· ЖРВИ, аденовирусты грипп

· Жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабатына механикалық, химиялық, биологиялық тітіркендіргіштердің әсерлері

· Мұрын және оның қосалқы қуыстарының травматикалық жарақаты, мұрын пердесінің қисаюы

· Кариозды тістердің одонтогенді гайморитке әкелуі

· Мұрын-жұтқыншақ миндалинаның үлкеюі, аденоидтардың ұлғаюы

· Суықтау

· Мұрын маңындағы қуыстардың жедел қабынуының қоздырғыштары келесі микроорганизмдер: гриппозды вирус, стептококк, стафилококк, диплококк және басқалары.

 Патогенезі. Суықтау басты роль атқарады. Салқын тию кезінде мүрынның шырышты қабаты функционалды бұзылыстарға ұшырайды, әсіресе, алғашқы суықтың әсерінен шырышты қабаттың бозғылт болуы, кейіннен, керісінше гиперемиялық түрге ауысуы, ісінуі, көлемінің айқын ұлғаюы және шырыштың көп бөлінуі клиникалық бақылауда көрсетілген. Жергілікті және тікелей суық тию факторы, сондай-ақ бүкіл дененің суықтауы мұрынның шырышты қабатының жоғарыда аталған функционалды өзгерістеріне әкелуі мүмкін. Суық тию организмнің реактивтілік күшін және иммунобиологиялық қасиетін төмендетеді, нәтижесінде микробтардың дамуына қолайлы жағдай туады. Сөйтіп, мұрын қуысының шырышты қабатының жедел типтік инфекциялық қабынуы дамиды.    

      Патоморфологиясы. Патология-анатомиялық өзгерістері тамырлар жүйесінің кеңеюімен және шырышты қабаттағы дөңгелек жасушалармен сіңірілген инфильтратпен көрініс береді. Шырышты қабаттағы гиперсекреция бездің күшті жұмысы мен терлеу кезіндегі тіндік сұйықтықтың эпителий жамылғысы арқылы өтуіне байланысты. Бөліндінің құрамы шырыштан, лейкоциттерден және көптеген ыдыраған цилиндрлі және жыпылықтаушы эпителальды жасушалардан тұрады. Келесі бөліндіден эритроциттер мен муцин құрамының көбейгенін аралас түрде кездестіреміз. Бөліндіні бактериологиялық зерттеу кезінде әртүрлі қоздырғыштар мен саңырауқұлақтарды анықтауға болады.        

Клиникасы. Жедел ринит ағымының үш кезенін ажыратамыз:

1.Тітіркену кезеңі. Сырқаттану бей жайлық сезімнен, жеңіл қалтыраудан, кейде жеңіл түрде температураның жоғарылауынан басталады. Бастың ауруы, маңдай бөліктің тұйық ауруы, мұрын және жұтқыншақтың мұрын мен көмейлік бөлігіндегі кебу сезімдері мазалайды. Түшкіру пайда болады, кейіннен жөтел қосылады. Мұрын қуысының шырышты қабатын қарағанда гиперемияланғанын, ісінгенін байқаймыз. Тыныс алу, иіс сезу қызметі бұзылады. Мұрын қуысы ісіктерінде дауыс міңгірлеп шығады.

2. Шырыштың бөліну кезеңі. Бұл ккезең мұрыннан мөлдір, түссіз, сулы сұйықтықтың көптеп бөлінуімен ерекшкленеді. Қызу сезімі, құрғау кебу сезімі жоғалады, бірақ жарықтан қорқу, жас ағу пайда болады. Сирегірек құлақта шу, түшкіру, мұрынның бітуі сақталады.

3. Шырышты іріңнің бөліну кезеңі. Аталған кезең муциннің, ұйыған эпителий жасушалары мен лейкоциттердің болуымен ерекшеленеді. Бұл 3-4күннен кейін болады. Кейіннен бөліну төмендейді, 8-12күнде салқын тиюі біртіндеп жоғалады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.