|
|||
Созылмалы риниттердің емі.Созылмалы риниттердің емі. 1.Ринитті қоздыратын және ұстап тұратын эндо, экзогенді факторларды жою 2.Дәрілік терапия 3.Хирургиялық ем 4.Физио ем және ауа райымен емдеу Созылмалы катаральды ринитте – протарголдың 3-5% ертіндісі,менитстің 3-5%. Қоюлануды төмендету үшін – троксевазин, кавинтон, эскузан – микроциркуляцияға әсер ететін заттар.Бальзам ерітінділерімен ингаляциялар (Шостаковский бальзамы: өсімдік майымен бес есе ерітілген, эвкалиттік). Гипертрофиялық ринитте – химиялық заттармен күйдіру (хром қышқылы) – электрокаустика арнайы аспаптармен жасалады – гольванокаустер,оның көмегімен қалыңдаған шырышты қабаттың терең деструкциясы жүргізіледі. · крио әсер: мұздату · шырышасты вазотомия – кавернозды тіннің шырышасты бұзылуы. Тыртықтану кеуілжір көлемін кішірейтеді. · конхотомия – мұрын кеуілжірлерінің гипертрофияланған бөлігін резекциялау. Атрофиялық ринитте симптоматикалық ем. Йод қосылған изотониялық NaCL ерітіндісімен мұрын қуысын шаю, шырышты люголь ерітіндісін 10 күн бойы күніне 1 реттен жағу, мұрынға цитральдің майлы ерітіндісін күніне 2 рет 7күн. Озена – қауіпті жабысқаққа айналатын секреттің бөлінуімен жүретін шырышты қабат пен сүйекті қабырғаларының атрофиялануы. Этиологиясында 50%жағдайда клебсиеллалы озенаның инфицирлену орны болады, бір мезгілде темір тапшылықты анемия дамиды. Жиі жас әйелдер ауырады, ауру өмір бойына сақталады, менструация кезінде нашарлайды. Жүктілік және лактация кезеңінде, қартайғанда оның симптомдары азаяды. Клиникасы: Мұрындағы ауру сезіммен жүретін құрғақтыққа шағымданады, жабысқақ, иіс сезудің өзгеруі, тыныс алудың қиындауы, айналадағылар үшін жағымсыз иістің анықталуы. Риноскопияда аумақты жабысқақтар көрінеді, процесс мұрын–жұтқыншаққа ауысуы мүмкін. Жабысқақты жойғаннан кейін қуыс кеңейеді. Емі – антимикробтық терапия (стрептомицин, кефзол), темір тапшылықты анемияны емдеу, жабысқақты жою, ментол және бор қышқылы қоспасын себу. Витаминотерапия, биостимуляторлар, алоэ.
|
|||
|