|
|||
азақстан Республикасының мәдениеті: уақыттың рухани талабы және қайта өрлеу.⇐ ПредыдущаяСтр 20 из 20 1. Қазақстан Республикасының мәдениеті: уақыттың рухани талабы және қайта өрлеу. 2. Әлемдік өркениеттік үрдістер аясындағы қазақ мәдениеті. 3. Мемлекеттік мәдени мұра бағдарламасы – мемлекеттік мәдени саясаттың басты саласы. 4. ХХІ ғасырдағы қазақ мәдениетінің даму болашағы. Қазіргі қазақ мәдениетіндегі негізгі мәдени-әлеуметтік типтерге келейік. Бұл мәселенің бұрын зерттелмегенін аңғару қиын емес. Мәдени-әлеуметтік типтер ғылымда қалыптасқан қағидаларды талдаудың нәтижесінен гөрі, өмір тенденцияларын жалпылаудың тәжірибесіне жақын. Мәдени идентификация адамның, белгілі бір нақтылы мәдени ортада өзін-өзі сезіну деңгейіне байланысты. Адам туғанынан құндылықтар жүйесін, әдетте, сол күйінде дайын қабылдайды. Еркін таңдау қабілеті тек шығармашылық типтегі адамдарға тән. Бұл ретте, әсіресе этникалық сананың тұрақтылығын, рәміздері мен дүниетанымының өткен кезден сусындап тұратынын ескерген жөн. Этномәдени сана «біз және біз-емес» еген ажыратушылық оппозицияға негізделген. Бұл сана адамнан өткен тарихқа басты назар аударып, этностың түп-тамырларын құрметтеуге шақырады. Бұл-жағымды әрі қажетті талап. Өзін сыйламаған, басқаны а сыйлай алмайды. Алайда, этномәдени ментальдықтың әсіресе бейнеленген типтері бар. Олардың бәрі-архаизм. Архаизм-мәдениеттің өтіп кеткен сатыларын қайтадан қалпына келтіруге бағытталған талпыныс. Бұл типке зерттеушілер кейде «дәстүршілдік», «ортодокстық», «фундаменталистік», «партикулярлық» сияқты белгілерді қосады. Шынында да, мәдени жүйе өзін өзі сақтап қалғысы келеді, тұрақты бастауларынан алыс болмауды қалайды. Екінші жағынан алғанда, адамның шығармашылығы, жасампаздығы, жаңашылдығы белгілі. Осы екі тенденция бір-бірімен тайталаста болады.Архаистік бағдар туралы бірнеше деректер келтірейік. Бұл мәселені А.Тойнби жан-жақты қарастырған. Оның пікірі бойынша, архаистік мәдени бағдар мінез-құлық бітімдерінде, өнерде, тілде, дінде, экономика мен саясатта байқалады. Мысалы, Алмания тарихындағы тевтонизм, таза қанды арийлік идеялары мен фашистік-корпаративтік мемлекет құру тәжірибесі, Израильдегі тіл ивритті тірілту әрекеті, Үндістандағы санскритті қалпына келтіру талпыныстары, Рим императоры Августың христиандықты көнетайпалық діндермен алмастыруға тырысуы осы архаизмнің көріністері болып табылады. Қазіргі Қазақстан Республикасын алып қарайық. Отаршылық және тоталитарлық мәдени құндылықтардың жалғандығы айқындалды және төл мәдениетті жаңғырту ниетіндегі заңды түсінікті ұмтылыс қалыптаса бастады. Бірақ, азаматтық қоғамның орнына жеті аталық үрдіске, рулық-тайпалық басқару жүйесіне, исламның орнына тәңіршілдік пен шаманизмге қайтып келу, дүниежүзілік тарихты шежірешілікпен ауыстыру және т.б. осы архаизмнің көріністеріне жатады. Тағы бір мысал келтірейік, Әрине»жеті атасын білмейтін ұл жетесіз». Бірақ, қазір ақпараттық әлемде, экрандық мәдениет, өркениетердің тоғысу заманында бұл мәселе тәрбиелік-жадылық мағынаға ие болып, басқа өркениеттілік құндылықтарға орнын береді. Қазіргі кезде өркениетті елдерде мәдени тұтастанудың төмендегідей жүйесі қалыптасқан: адам-отбасы-адамзат. Бұл жерде формальдық логикадағы ұғымның мазмұны мен көлемінің кері қатынасы заңы әркет етеді. Яғни, ең мағыналы мәдени тұлға адам болып табылады. Әсіресе дәстүршіліктің көріністеріне қазақтың және әр жүздің ханын сайлау, шариғат пен қазылық салтты қалпына келтіру, батыстық киім үлгілерін тежеу сияқты пікірлерді ұсыну жатады. Мәңгүрттік типке ұлттық салт-дәстүрден жұрдай, оның рәміздік мағынасын білмейітін, күнделікті өмірде ұлттық мәдени жүйенің құндылықтарын қолданбайтын адамдар жатады. Бұл туралы Ш.Айтматовтың шығармашылығында әсерлі жазылған. Мәңгүрт дегеніміз рухани тамырларынан айырылған адам. Мәдениеттанулық әдебиетте ұлттық мәдениеттен тыс қалған типті «евнух» деп айтады. Осман империясындағы әскердегі янычар, уәзір болған христиан, гаремдегі әтек өзінің мәдени қауымын жоғалтқан «евнухтың» классикалық түріне жатады. Мәңгүрттік тип-дәсүршілдің қарама-қарсы бейнесі. Бірақ архаистік өмірлік позицияны өз қалауымен қабылдаса, мәңгүрттік-сыртқы күштеудің нәтижесі. Мәдени жадыдан адам зорлық-зомбылықтың әсерінен айырылады. Әдетте, бұл отаршыл экспанцияның ассимиляциялау саясатынан туады. Мысалы, Ресей империясының мәңгүртендіру саясатының кейбір әрекеттерін еске алайық: 1.Халықтың өзін өзі басқару жүйесін орталық әкімшілікпен алмастыру. 2.Сарт-дәстүр мен руханилықтың тамырына балта шабу. 3.Миссионерлік әрекет, төлтума жазбаша мәденеитті шектеу, алмастыру, орыстандыру, орыс мектептерін ашу. 4.«Бұратана» халықтарының тілін жоғары мәдени аймақтардан аластап, күнделікті-тұрмыстық деңгеймен шектеу. Метропологиялық менталитет пен мәдениеті күшпен енгізу. Осыдан келіп «мәңгүртсің» деп біреуді айыптау әділетсіздікке жатады. Мәселе осы жағдайдан қалай құтылудың жолдарын айқындауда болып отыр. Оның басты жолы-ұлттық мәдениетті қайтадан игеру. Алайда, мәңгүрттіктің елестері аз емес. Мысалы, этномәдени нигилизмді алайық. Еуропатектік әдебиетті айтпағанның өзінде, біздің республикалық басылымдарда кездесетін мынадай пайымдаулардың төркініне көз салайық: Кейде мәңгүрттік мәдени типпен маргиналдықты тұтас қарастыру кездеседі. Оның үстіне маргиналдар қатарына ана тілін білмейтіндерді де қосады. Сонымен, маргиналдық мәдени тип дегеніміз не? Бұл ұғымды американ әлеуметтанушысы Р.Парк енгізген және латын тілінен-«шетте болушы» деп аударылады. Р.Парк маргиналдар деп мініз-құлқында тынымсыздық, агрессиялдық, өзімшілдік, сенімсіздік, депрессиялық белгілері бар американ мулаттарын атаған. Мәдениеттану мен әлеуметтануда бұл ұғым рухани өзіндік санасы тұрақсыздандырылған, «өліара» мәдениеттің өкілдерін бейнелеу мақсатында қолданылады. Ескі құндылықтар жүйесі дағдарысқа ұшырап, бұрынғы нысаналар мен мұраттар көмескіленгенде маргиналардың саны артады. Мысалы, ауыл-селодан қалаға қоныс аударғандарды алып қарайық. Кеңес Одағы кезінде бұл процесс қанша дегенмен мемлекет бақылауында болды. Транзитік қоғамда нарықтық қатынастардың енуіне байланысты ауылдық жердің көптеген тұрғындары кәдімгі үйреншікті мәдени ортаны тастап, қалаларға келді. Ал қалалық мәдениет пен өмір салтына олар онша икемделе алмай, маргиналдардың санын көбейтті. Қазіргі кезде өркениетті елдерде бұрынғы жоғары мәдениетке күшпен енгізу бағдарламасының орнына «мәдениеттер сұхбаты» идеясы ұсынылып отыр. Бір ескере кететін жәйт: мәдениеттанушылар «жоғары және төменгі» деген бөлуден мәдениеттердің теңқалыптылығы принципін қодауға көшті.
Авторы: Философия және мәдениеттану кафедрасының доценты ______________ Д. Д.Кульбаева
|
|||
|