|
|||
Тақырып Ресей мәдениеті.№14.Тақырып Ресей мәдениеті. 1. Ежелгі Шығыс славяндардың материалдық мәдениеттерінің ескерткіштері, мифологиясы, салт-дәстүрлері, наным-сенімдері. 2. Хғ-ХІІғ. Басындағы Киев Русінің мәдениеті. 3. Мәдени реформалар. Ресейді батыстандыру. 4. Орыс мәдениетінің «Алтын» және «Күміс» ғасырлары. 5.Революциядан кейінгі орыстың кеңестік мәдениетінің ерекшеліктері. Ресей мәдениетінің болашағы. Ресей мәдениеті – адамзат баласына баға жетпес мол мәдени мұралар қалдырған дүниежүзілік мәдениеттің ажырамас бөлігі. Ресей мәдениеті - өзіндік ерекшеліктері бар қайталанбайтын мәдениет, ендеше оның әлемдік мәдениет қазынасына қосқан үлесіне де баға жетпейді. Орыс мәдениетінің қалыптасу ерекшеліктері негізінен төмендегі факторларға тығыз байланысты болды. Олар: көптеген этикалық топтар мен халықтар мекендеген орасан зор территорияны игеру; христиан дінінің ерекше тармағы – православиені руханилықпен дәстүрлі салт-дәстүрлерге негіздей отырып орнықтыру; уақытша болса да ұзақ уақытқа созылған батыс-европалық өркениеттік процестерінен оқшау дамуға байланысты туған «тұйықтыққа» бұдан әрі жол бермеу; жеке адамдардың мүддесін мемлекет мүддесіне бағындыру. Ежелгі славяндардың мәдениеті – орыс мәдениетінің қайнар бұлағы болып саналады. Оның басты мәдени құндылықтары – қасиетті жырлар, мифология, аңыз-ертегілер. Ежелгі славяндардың дүниетанымы табиғатты пір тұтумен тығыз байланысты болды. Мысалы: Перун – қатерлі найзағай құдайы, құдайдың ішіндегі ең құдіреттісі. Ежелгі славяндардың дүниетанымы мен әдет-ғұрыптары да жан-жақты болып келеді. Олар әрбір үй рухтың жебеуінде деп ойлаған. Рух мал-жанға қамқорлық жасап, ошақ басының отын сөндірмей, түн сайын пештің астынан шығып, өз сыбағасын жейді екен деген ұғым қалыптасқан. Дін қай мәдениеттің қай түрі болмасын басты элементі болып саналады. Сондықтан да Русьтің Византиядан христиан дінін қабылдауы орыс мәдениетінің тарихындағы бетбұрыс кезең болды. Орыстардың христиан дінінің шығыс тармағы православиені қабылдауы орыс елінің ішкі және сыртқы жағдайларына тікелей байланысты болды. Христиан діні 988 ж. Князь Владимердің басшылығымен қабылданады. Славян халықтарының тарихындағы жаңа тарихи кезең Киев Русі дәуірінде жүзеге асырылған бұл шараның нәтижесінде орыс мәдениеті жаңа сатыға көтерілді. Христиан дінін қабылдағаннан кейін аз ғана уақыттың ішінде, әсіресе князь Ярослав кезінде ежелгі Русьтің мәдениеті өзінің шарықтау шегіне жетті. Киев – Еуропаның ең ірі қалаларының біріне айналды. Бір жүйеге келтірілген жазудың енгізілуі орыс мәдениетінің аса үлкен жетістігі болды, өйткені тіл қай мәдениеттің болсын басты элементі болып табылады. Славян әліппесін жасаушылар ағайынды гректер Кирилл (827-869 ж.) мен Мифоди (815-885 ж.) болды. Орыс халқының аса үздік әдеби мұрасы «Игорь жасағы туралы жырдың» тілі де дәуір тынысын жан-жақты бейнеледі. XV ғ. аяғына қарай Мәскеу шығыс Еуропада саяси жағынан да сондай-ақ мәдени жағынан да беделге ие болды. 1547 жылдан, яғни IV Иван патшалық таққа отырған кезден бастап, Русь Ресей – деп, ал орыс елі – Ресей мемлекеті деп ресми түрде атала бастады. Орыс өнерінің ұлы шығармасы деп танылған – Мәскеу Кремліндегі Благовещенск соборының икона тасын (1405 ж.) жасау Феофан Гректің басшылығымен және кейіннен өнер дүниесінде аты аңызға айналған Андрей Рублевтің (1360-1430 ж. шамасы) қатысуымен жүзеге асырылды. XVII ғасырдың басындағы Ресей топырағындағы мәдени өзгерістер Ұлы Петрдің реформаларымен тығыз байланысты болды. Ұлы Петрдің ғылым және ағартушылық саласындағы жемісті еңбегінің заңды қорытындысы Петербургте Ғылым Академиясының ашылуы болды. XIX ғасыр - XX ғасыр табалдырығындағы туындап келе жатқан жаңашылдық пен мәдени өзгерістердің дамуындағы шешуші кезең, орыс мәдениетінің «алтын ғасыры». «Алтын ғасыр» ұлы орыс ақыны Пушкиннің өмірге келуімен басталып, ақылдылығы, ғұламалығы жөнінен ешкімнен де кем түспейтін метафизик-философ В. Совольевтің өлімімен аяқталды. Ресей тарихындағы бірде – бір ғасыр дәл «Алтын ғасырдай» Ресейді «құтқаруға», жаңғыртуға бағытталған теориялар мен ілімдерді өмірге келтірген жоқ. XIX ғасыр – Ұлылар ғасыры болды. Олар: Пушкин мен Чаадаев, Гоголь мен Герцен, Хомяков пен Аксаков, Сперанский мен Уваров, Ушинский мен Михайловский, Чернышевский мен Лавров, Достоевский мен Толстой, Леонтьев пен Соловьев. Н. Бердяевтің пайымдауынша, «Ресей XIX ғасырда өзінің ерекше даму жолын ой елегінен өткізді». «Ғасырлар тоғысы» - орыс мәдениетінің «күміс ғасыры» деп аталатын ерекше даму кезеңіне қолайлы жағдайлар жасады. Аз ғұмырының өте қысқа болғанына қарамастан «Күміс ғасыры» небәрі 20 жылдың ішінде дүниеге философиялық ой-толғамдардың тамаша үлгілерін берді, дәл осы уақыт шеңберінде орыс иконасы қайтадан жанданды, музыканың, театрдың, кескіндеме өнерінің жаңа бағыттары қалыптасты, поезия үні жаңа сарында естілді. Міне, сондықтан да болар – «Күміс ғасыры» көркемдік жаңалықтардың, жаңа бағыттардың тұтастай бір дәуіріне айналды. Орыс мәдениетінің сахнасында өнердің әр саласының дарынды өкілдері пайда болды. Олар: А. Блок, К. Станиславский, С. Рахманинов, М. Цветаева, А. Ахматова, В. Иванов пен Г. Иванов, В. Мейерхольд және т.б. Шындығына келсек, осы ұлы жандардың өздері ғана бір дәуірге ғана емес, бүкіл бір халық мәдениетінің тарихына да жеткен болар еді. Ал мәдениет пен өнер саласында қалыптасқан ағымдар саны қаншама десеңші! (Символизм, акмеизм, леодернизм, футуризм, авангардизм, космологизм, критицизм) «Күміс ғасыры», әсіресе, философтар мен мәдениеттанушылар үшін жемісті ғасыр болды, өйткені Н. Бердяев (1874-1948 ж.), С. Булгаков (1871-1944 ж.), Л. Карсавин (1892-1952 ж.), Г. Федотов (1886-1951 ж.), А. Лосев (1893-1988 ж.) және т.б. осы ғасыр перзенттері. 1922 ж. Ресей ғалымдарының көпшілігі шетелге қашып кетуге мәжбүр болды, сөйтіп ұлы ойшылдар өз өмірлерін сақтап қалды. Кеңес дәуірінің мәдениеті – терең қайшылықтарға толы күрделі мәдениет. Олай болса оның жетістіктері мен қателіктері, жеңістері мен ащы жеңілістерін тарихи шындық тұрғысынан жан-жақты талдау мәдениеттанушы ғалымдардың алдындағы басты міндет. XX ғасыр орыс еліне тамаша дарынды ғалымдарды, жазушыларды, суретшілерді, талай өнер саңлақтарын берді. Ғасыр басында орын алған идеологиялық және саяси жағдайларға байланысты тиым салынған «Күміс ғасырдың» мол мәдени мұралары ғасыр аяғында халқына қайта оралды. Ресей қоғамы мен оның мәдениеті қандай сындарлы кезеңді басынан кешірсе де ғасырлар бойы жасалған мәдени құндылықтар өз мәнін жоймақ емес. №15.Тақырып «Қазіргі заман мәдениеті (XVII – XX ғғ)
|
|||
|