Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырып. Ислам әлемінің мәдениеті.



№11. Тақырып. Ислам әлемінің мәдениеті.

1. Шығыстағы Араб елі – ислам мәдениетінің бастауы.

2.Үнді жеріндегі Ұлы Моғолдар мәденитінің көркем мұралары.

3. Испания жеріндегі исламдық мәдени мұралар.

Ислам мәдениеті қайда, қашан, қалай пайда болды? Бұл туралы не білеміз? Бұл мәдениет ерте дүниеден ортағасырлық даму жолына түскен Араб елдеріндегі қо ғамдық процестердің заңды жалғасы ретінде өмірге келді деуге болады. Таза дін дік тұрғыда оның қалыптасуы одан бұрын өмір сүріп келе жатқан христиан, иу дей, зороастризм діндерінің, сондай-ақ араб елдері тұрғындарының діни сана-се зімі дамуының зор ықпалы болды. Араб халқы («әлғараб») Араб елдерінде ис лам дініне дейін бұл жерлерде иудаизм, христиан діндері кең тараған болатын. Ерте Ислам өнері. Мұсылман жаулап алушылары Үндістан шекарасына тым ертеден–ақ, мәселен 711 – 713 жж. жетіп жүрді. Бірақ олар бұдан 500ж. өткен соң ғана бұл жерлерге тұрақты орнықты. Ислам үндістанды тұтастай бағындыра да алмады, бүкіл елдің және оның мәдениетінің дамуы жолындағы бетбұрыс кезеңі де бола алмады. Үнді мәдениетіне ислам жаулап алушылардың алғашқы қуатты соққылары мүлде теріс әсерін тигізді, Махмуд Газневи султан (998 – 1030жж) бастаған жаулап алушылар жасағы өздерінің ауғандық астанасы Кабулдан шығып, Солтүстік Үндістанға басып кірді және Денанға дейін жетіп, үнділік көркемөнер ескерткіштерін құртып жіберді. Діни ессіз берілген ол жол дағының бәрін жайпап, “дінсіздердің” көптеген қасиетті жерлерін–ортаға сырлық ғаламат діни құбылыстарын құртып жіберді, түгін қалдырмай тонап ал ды, үнді халқының аман қалдырған бөлегін (негізінен қолөнерші шеберлер, сол сияқты бишілері мен музыканттар) өзінің ауғандық отанына құлдыққа айдап әке тіп, өздеріне басыбайлы жұмыс істеуге мәжбүр етті. XIғ бұл әйгілі Әл – Буруни жазбаларынан да мәлім. Темір 1398ж Үндістанға баса-көктеп кіріп, Делиді жау лап алды. XV, XVIғғ. басында Үндістан ішінде Кашмир, Синд, Дели, Джаунпур, Бенгалия, Мальва, Гуджарат, сондай–ақ Солт. Декандағы Бахманидтер мемлекеті сияқты өзара жауласып өткен ұсақ мұсылман мемлекет тері құрылды.Ерте ислам кезеңінде–моғолдар өкіметінің Акбар тұсында – индуистік және джайндық сәулет өнерінің көптеген ескерткіштері талқандалды, мүсіндер құрып кетті. Қуғын көрген буддалық қашқындардың үлкен топтары Бенгалиядан Шығысқа, Бирмаға, солтүстікке, Непал мен Тибетке ағылды. Сөйтіп, осы кезден бастап Палдар кезеңіндегі үнді мәдениетінің бұл елдердегі жергілікті өнерге деген күшті әсері басталды. Аман сақталған қалалар Үндістан тарихының дәл осы кезеңіне жатады. XIII ғасырдың басында Делидің ең назар аударалық орны болып есептелінетін биік күмбез – Кутб–Минар алып мұнарасы. Бұл кутб–уд–дин Айбектің тұсында салына бастап, Илтутмыш тұсында, шамамен 1230 жылы аяқталған. Үндістандағы ерте ислам сәулет өнерінің інжу–маржаны 1514 жылы салынып біткен. Раин Сепари мешіті болып табылады                                   Ұлы Моғолдар кезеңіндегі ислами өнер. Үндістандағы Ұлы моғолдар әулеті – Делиді басып алған және тонаған жаулап алушы самарқандық әмірші Темірден басталды. Бабыр 1526 жылы Лоди әулетінен шыққан соңғы әкімді жеңіп, Дели мен Аграны жаулап алады. Акбар Үндістандағы Моғолдар әулетінің өкіметін билеген жылдарда Үндістан өнері тарихында жаңа кезең басталады, бұл кезең ерте ислам кезеңіндегіге қарағанда көп жағдайда өзіне тән бірқатар ерекшеліктерге иелік еткен. Акбар мұрагерлері Жаһангер (1605) мен Шаһ Жаһан (1628) тұсында бұл әулеттің саяси ықпалы да, мәдени дәрежесі де біршама кеміп кетті. Бүгінде үндістан сәулетінің аса үздік ескерткіші болып саналатын, Шаһ Жаһан өзінің сүйікті жары Мумтаз–Маһал құрметіне салдырған Аградағы Тәж–Маһал – озық ойдың үлгісіндей әсем ескерткіш. Моғолдар кезеңіндегі сәулеттік ғимараттар үшін бірден – бір құрылыс материалы ақ мәрмар араластырған қызыл құмтас болды. Мәселен, Дели мен Аградағы сарайлар, форттар негізінен сол қызыл құмтастан салынған. 1427 жылмен белгіленген және сексен бес миниатюрамен безендірілген “Шаһнаме” қолжазбасы ең көне мұсылман туындыларының бірінен саналады. Моғолдардың ерте кезеңдегі көркем безендірулеріне үнді эпостары “Махабхарата” мен “Рамаянаға”, көне үнді ертегілерінің “Панчатантра” және “Хитроапдеша” атты жинақтары аудармаларының қолжазбаларына, сол сияқты “Тоты құс туралы кітапқа” жасалған иллюстрациялар, тағы басқалары жатады және безендіру ісіне осы тәсілдер тән болып келеді. “Бабурнаме ”, “Акбар–наме”, “Шаһ Жаһан-наме” сияқты өмірбаяндық және тарихи шығармаларға жасалған безендірулер ерекше қызықтырады. ж

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.