Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырып Ортағасырлардағы Қазақстан мәдениеті.



   №17.Тақырып  Ортағасырлардағы Қазақстан мәдениеті.

1. Ұлы  Жібек жолы: Қазақстан Шығыс пен Батыстың мәдени көпірі.

2. Ортағасырлық қалалық мәдениет пен Ұлы Дала мәдениеті. Материалдық мәдениет ескерткіштері. .

3. Әдеби мұралар: «Қорқыт ата кітабы», «Оғызнама», «Түркі тілдерінің сөздігі» «Ақыл кітабы», «Құтты білік».

4. Халық поэзиясының түрлері, ақындар мен жыраулар шығармашылығы, қазақ халқының ауыз әдебиеті.

              Ежелгі қазақ жеріндегі V-X ғасырлардағы түркі қағанатары мен алғашқы феодалдық мемлекеттердің мәдениеті. Ертедегі Қазақстан мен Орта Азия жеріндегі , Еуропаның шығыс бетінде қазіргі қазақ , өзбек, қырғыз, қарағалпақ, тәжік, түркімен, әзірбайжан халықтарының негізін құрайтын түрік тілдес, түркі тектес жұрттардан әртүрлі ат, атаулармен танылған, тарихта белгілі болған қағанаттары , алғашқы феодалдық мемлекеттері өмір сүрген. «Ұлыс», «Қағанат», «Сұлтандық», «Ел», «Дәулет», «Орда» сияқты аттарменәйгілі олардың дербес басқхару жүйесі, өзіндік мәдениеті, салт-дәстүрі, әдет- ғұрпы, жол- жоралғысы болған. Түркі халықтарының арғы аталарының бірі оғыз тайпалардың басын біріктіріп, 1Х-Х1 ғасырларда дәуірленген оғыз тайпаларын Батыс Қазақстан жерін, Сыр бойын өзіне мекен етті. Онда Судакент, Сығанақ, Қарнақ сияқты сауда-саттықпен өркендеген қалалар болды. Оғыздардың астанасы Сыр бойындағы Янгикент шаһары еді. Кейін оғыздардың басым көпшілігі қыпшақтардың қысымымен Шығыс Еуропа мен кіші Азияға қарай жылысып ауа көшті де екінші бір бөлігі осы арадағы қыпшақтарға, баасқа да ру тайпаларға сінісіп кетті. Хазарлар өз иелігіне іргелес жатқан Бұлғар мемлекетін өзіне қаратуды алдымен қолға алады. Қазіргі қазақ жерінің оңттүстігіндегі түрік қағанатының жерінде талай талай мемлекеттік құрылымдар болғанын, олардың бірінің орнына екіншісі келіп үнемі ауысып жатқнын жылнама-шежірелерден айқын көруге болады. Қарақан қағанаты (840-1069-80жж.), Ғазна уи сұлтандыыыығы (964-1315жж.) тарихта өзіндік орны бар Салжұқдық дербес, өз алдына мемлекеттер құрып, дәурен сүрді. Махмұд Қашқаридың дерегі бойынша бұл мемлекеттің ұйытқысы болған рулар Қарлық, Шігіл, Яғма, Тұқсы бұлақтар екен. Қазақ жерінде бұл сияқты қалалар аз болмаған. Ұлы жібек жолының бойында жатқан Суяб, Тараз қалалары құрылысы, сәулет өнерінің өзгешелігімен көзге түскен. У-Хғғ. Қазақстан мәдениетін айғақтайтын әдеби жазба ескертіштерге жататын орхон жазбалары Құлтегін, Тоныкөк, Білге қаған туралы, сол дәуірдің тамаша туындылары Оғыз-намә, Қорқыт ата кітабы. Шығыстанушы А.Стеин 1906-1908ж. бірін Диньхуанда, екіншісі бұрынғы әскери бекініс Миранда (Шығыс Түркістанда) тапқан .

 Қазақ тілі мен жазба мәдениеті. Оның маңызды салаларының бірі – батырлар жыры. Ауыз әдебиетінің , XV – XVIIғғ. атын шығарған ақын жыршылар : Доспамбет жырау XV ғ. соңы мен XVIғ. алғы шегі; Шалкиіз жырау (1465 – 1560); Бортағаш ұлы Жиембет Әсіресе, XV – XVIIғғ. Тәуке хан тұсында халықтың шешендік өнеріне қатты мән берген. Олардың көбі мәнін күні бүгінге дейін жойған жоқ. Қазақ қауымы аспан әлемін, оны жайлаған жұлдыздардың сыр – сипатын жақсы білді. Қазақтарда күнтізбе немесе күнпарақ деп аталатын күннің, айдың, жылдың жұрттың жадында, жазбасында жүретін есебі болған

Қазақ халқының рухани және материялдық мәдениеті. Ежелгі қазақ жеріндегі ірі сауда – саттық орталығы болған Яссы (Түркістан), Отырар, Өзгент, Сауран, Сайрам сияқты қалалардағы сәулет өнерінің туындылары, ғажайып ғимарат – құрылыстар, ескерткіш – белгілер болған. Көшпелі қазақтардың киім – кешектері қала тұрғындарына қарағанда біраз бөлектеу болған. Жалпы қазақтар қысқы киімнің жел, суық өткізбейтін жылы, жазғы киімнің әдемі, әсем тартымды болуына көңіл бөлген. Қазақтардың қайталанбайтын ұлттық тағамдары ет, сүт, май, қымыз, шұбат сияқты құна лы азық – түліктен тұрды. XV – XVII ғасырларда өмір сүрген алыстағы ата –бабаларымыздың заттық сипаттағы қалыптасқан, қалың қазақ жұртшылығының игілігіне айналған биік мәдениеті болғанын байқатады.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.