|
|||
Жаңа заманның мәдени құндылықтар бағдары.1.Жаңа заманның мәдени құндылықтар бағдары. 2. Реформация мәдениетіне тән сипаттар. 3. Протестанттық этика және оның жаңаша қабылдау. Егер антикалық және ортағасырлық мәдениеттен рухани құндылықтардың бірінші қатарда тұрғанын көрсек, Жаңа заман адам өмірінің мәні мен мақсаттарын мүлдем басқа бағыттарға бұрды. Жаңа замандық европалық адам өзінің барлық күш-қуатын табиғатты меңгеруге жұмсады. Европа мен Америка өркениеті әлемдегі ең жетілген индустриялық-капиталистік жүйені қалыптастырды. Бұл кезде ғылым мен техника бұрын болмаған дәрежеге көтерілді. Табиғи және техникалық ресурстарды толық пайдалану арқылы адамның барлық талап мұқтаждықтарын өтейтін дәулетті қоғам құру осы өркениеттің негізгі мұраты деп жаряланды. Батыс өркениеттің бел баласы- белсенді, шығармашыл тұлға. «Батыс адамы өзіндегі даму және жетілу қуатын» - дейді А.Хамидов, -түгел дерлік өзінен тыс дүниеге жұмсайды. Осы материалдан ол өзінің дүниесін мәдениет пен өркениет дүниесін құрастырады. Батыс адамы дамудың кейінгі сатыларда адамның және планетаның өмір сүруіне қауіп төндіретін белгілі бір әрекет етуші-Әлемге айнала алатын техника мен технологияның тараған жүйесін жасай алады. Тауар өндіруге негізделген индустриялық өркениет табиғатпен арпалысты. Әлеуметтік және мемлекетаралық қатынастар шиеленісті. Жаңа замандық капиталисті өркениет Құдайды жоқ ете бастады, ол нағыз құдайсыз өркениет болып шықты. Жаңа заман өркениеті өз дамуында Реформациялық, ағартушылық және Романтизм тәрізді тарихи-мәдени сатылардан өтті. Ал жаңа заман мәдениетінің төмендегідей айқын белгі бағдарларын атап өткен жөн: 1. Табиғат- субьектінің әрекеті бағытталған обьект. Егер адам бұрын Құдайға ақиқаттың абсолюттік өлшеуіші деп сенсе, енді табиғат нағыз жоғарғы және ақырғы сот болды; 2. Қоғамдық өмірдің шешуші саласы экономикаға, материалдық өндіріске ауысты, «экономикалық адам» қалыптасты; 3. Ғылымда алдыңғы қатарға жаратылыстану ғылымдары (механика, математика, физика, биология) шықты; 4. Салт-дәстүрлік, діни сананың орнын әлеуметтану мен құқықтық принциптер ауыстырды; 5. Өнер, мәдениет, дін, әдебиетте унитарлық бағыттар үстем алды.
Жаңа заманда екі стиль қалыпасты. Олар: барокко және классицизм. Барокко стилі өнердің ең бір жұмбақ стильдердің бірі және Ренессансқа өзгеше жауап ретінде пайда болды. Барокко өнері сәнді, қызулы, тынышсыз, өсіңкі, ассимметриялы. ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. италяндық суретшілердің кескіндемелеріне топырлаған бұлшық еті ер адамдар және кеуделері толық әйелдер, дастархандары тағамға толған, құйындай иретілген сәнді оюланған матадан тігілген киімдер, орасан зор антикалық ғимараттан аспанға қалықтап бара жатқан үлкен қанатты періштелер. Барокко өнері өзінің әдейілеп театралдығымен кескіндеменің көзге бұлыңғырлығын, әдебиетте сөздегі сырбаздықты ұнатады. Реформация дүниеге келген протестанттық елдерінде ғибадаттық сыртқы көріністерге онша көп назар аударылмады. Сыртқы көрініс католиктердің ең негізгі алдамшысына айналды, керек болса оған дін тәртібін ұстаушылық та құрбан етілді. Папалықны католик шіркеуінің аясына көшіруде орасан зорлығымен, кей уақытта асыра сілтейтін экспрессивтігімен, патетикасымен, сезімге қатты назар аударатындығымен, әсіресе кереметті бейнелеуімен, дене бастамасымен, елестетумен, діни экстаздығымен және т.б. қасиетерімен барокко стилі үлкен роль атқарды. ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Барокко өнерінің ортылығы Рим болды. Саябақ және сарайлар ансамбльдері, ғибадаттық архитектура, сәндік живопись пен мүсіндер, парадтық портрет, кейініректе натюрморт пен пейзаж сияқтылардың барлығы барокко өнерінің негізінде жасалынған жанрлар мен түрлері болды. Классицизм сипатталып отырған дәуірдің екінші незізгі стильдерінің бірі. Абсолютті мемлекеттерге айбынды тәртіптілік, қатаң, сесті біртұтастық идеясының ұнамауы мүмкін емес еді.. Осыдан бастап Жаңа кезең стилінің шеруі басталады. Олардың негізі зиялылардан тұрады. Ренессанстық өнерден классикалық стиль әсемдіктің үлгісін жасаған дәуір ретінде, антикалықтың алдында бас июдің мирасқоры болды. Классицизм абсолюттік Францияда және Италия, Германияда, Англияда кеңінен тарады. Классикалышыл, адамзаттың көркемдік тарихи аму жолында Корнелдің, Расиннің трагедиясы, Мольердің комедиялары, Лафентеннің, Буалоның поэзиясы, Люллидің музыкасы, Вессалдың саябақ және архитектуралық ансамблі, Пуссенннің картиналары сияқты туындыларды әкелді. ХҮІІ ғасыр классицизмдегі нағыз қоғам құрылымының идеалы ретінде бейнеленді. Классицизм негізінен үлкен топтардың болмысын көркемдеп безендіретін, қаһармандық үшін тұрмыстылықты төмендететін абстрактілі, рационалдық стиль болды. Бірақ күнделікті тұрмыста жеке тұлғалар арасындағы жақын сұхбаттастықтар бароккодан шыққан өнердің рококо стилінде эстетикаландырылды.
|
|||
|