|
|||
Рационализм ғасырының мәдениеті.1.Рационализм ғасырының мәдениеті. 2.Ағартушылық ғасырының мәдениеті. 3. ХХ ғасыр мәдениеті. Жаңа Еуропалық мәдениет жаңа буржуазиялық қарым-қатынастардың негізінде пайда болды. Батыс Еуропа елдері үшін XVII ғ. – капитализнің қалыптасу кезе ңі, ал жаңа қоғамдық қарым–қатынастар XV – XVI ғ. ұлы географиялық ашуларға, капиталистік елдердің отаршылдық саясатына тікелей байланысты болды. Осы орайда белгілі ғалым А.Ф.Лосев былай деп пайымдады: “Жаңа Еуропалық мәдениет - өзінің сипаты жағынан – буржуазиялық - капиталисттік мәдениет. Мұнда субъект объектіден жоғары тұрады ,ал адам табиғат патшасы деп жария ланды”.XVII ғ. ғылыми революция – адамзат баласының өзін қоршаған дүниені танып білуге деген құлшынысының жемісі болды. Рационализм жаңа заман адамының өмірі мен бет-бейнесін жан-жақты айқындай отырып, халық санасынан еркін орын алды. Рационализм қоғамдағы орын алған тарихи жағдайларды еске ре отырып, христиан дінінің католиктер тармағымен, оның дүниені құдайдың жаратқандығы туралы іліммен де санасып отырды. Ағартушылық ғасырының мәдениеті. XVIIIғ. Еуропалық мәдениет – XVIIғ. мәдениетінің заңды жалғасы болумен қатар, өзінің түрі, мазмұны және мәні жағынан ерекше мәдениет. XVIIIғ. ағартушылық ғасырына айналды. Осы уақытқа дейін өздерінің Францияның қарсыласымыз деп есептеп келген Испания, Германия, Польша, Ресей, тіпті Англия сияқты өркениетті елдер француз мәдениетін мойындауға мәжбүр болды. Жаңа заман стильдері – заман талабынан туған мәдени қажеттілік болып саналады “Ағартушылық” дәуірі – Еуропаның рухани дамуындағы ұлы бетбұрыс кезеңі болды. “Утопияның алтын ғасыры” деп аталатын бұл дәірдің мәдени мұрасы өзінің жан-жақтылығы мен, жанрлар мен стильдердің көптігімен, оптимистік сарынымен және адамзаттың ақыл - ойына деген шанайы сеніммен осы уақытқа дейін таң қалдырып келеді. Жаңару Заманы дәуірі мәдениеті. Адамзат тарихында ХХ ғасыр мәдениетінің алатын орны ерекше. Өйткені, бұл кезең тарихи оқиғаларға, қантөгіс соғыстарға, сан-қилы дағдарыстарға толы сындарлы заман болды. Ғылым мен техниканың қарышты қадамы, жарқын болашаққа деген сенім өркениетті дамыған елдерде біртұтас жалпы адамзаттық мәдениеттің дамып, қалыптасуына әсерін тигізбей қойған жоқ. Ғасыр аяғында планетамызда парасаттылықпен ізгіліктің кеңінен өріс алуы жалпы адамзаттық мәдениеттің дамуына және оның ұлттық түрлерінің нәрлеуіне, олардың өзара қарым-қатынастарының жаңа арнаға түсуіне ерекше әсер етті. Міне, осы жағдайларды ескере отырып, ХХ ғасыр мәдениетінің мазмұнын ашып көрсетуде екі басты мәселеге баса назар аударғанды жөн көрдік. Оның біріншісі, ХХ ғасыр мәдениеті дамуының басты бағыттары (ХХ ғасыр мәдениетінің қалыптасуының сабақтастығы мен дәстүрлері, қазіргі заман мәдениетінің тоқырауға ұшырауы мен одан шығу жолдары және бұл процестің түрлі мәдени концепцияларда көрініс табуы және т.б. мәселелері), екіншісі, ХХ ғасырдың мәдениетінің жалпы адамзаттық және ұлттық сипаты (жалпы адамзат мәдениеті қалыптасуының басты себептері және оның құндылықтары, жалпы адамзаттық және ұлттық диалектика және т.б.). «Дүниенің тұтастығы» - қазіргі замандағы адамзат пен біріңғайжалпы адамзаттық мәдениеттің қалыптасуына негіз болады. Техника мен технологияның дамуы адамның табиғатқа үстемдік жүргізуінің құралы ретінде қоғам дамуының негізгі мақсатына айналды. Техниканы жаңарта отырып материалдық байлықты тұрақты түрде өсірудің нәтижесінде адамды экономикалық қоректінің қарапайым тиімді құралына айналдыру жағдайы туындады. ХХ ғ. гуманистері мен ойшылары мәдениеттегі құлдырау процесінен қауіптенетіндіктері туралы көп сөздер айтты. Қорытындысында ХХ ғ. мәдениетінде бір-біріне қарсы тұратын қайшылық қалыптасты: сциентикалық және антисциентикалық. Сциентизмнің негізінде ғылыми білімінің ең жоғарғы мәдени құндылық екендігі жатыр. Сциентистердің пайымдауынша, ғылым абсолюттік этолон ретінде адамзат алдында тұрған экономикалық, саяси, ізгілік және т.б. мәселелерді шешуге қабілеті жетеді. Олардың айтуынша ғылымға барлығы бағынышты. Шын мәнінде, қоғам өмірінде ғылымның ықпал етпейтін саласы жоқтың қасы: өндірісте, ауыл шаруашылығында сонымен қатар, саясатта, әкімшілікте, әскери сфераларында. Дегемен дүниенің барлығы – ғылым емес. Мысалы: өнер, сенім, адам сезімі мен қатынастары.
|
|||
|