Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырып.  Қазақ мәдениетінің бастаулары.



№16.Тақырып.  Қазақ мәдениетінің бастаулары.

1. Қазақстан мәдениетінің негізгі кезеңдері, оның әлемдік өркениеттегі орны.

2. Номадизм мәдени тип ретінде

3. Ежелгі Қазақстан территориясындағы алғашқы қауымдық мәдениет.

4. Скиф-сақтық өркениет, діни сенімі, өмір сүру салты және өнері.

5. .Халықтардың ұлы қоныс аударуы, алғы түріктік мәдениеттің қалыптасуы

            Қазақтың қазақ болып қалыптасуы, тұтасып бірыңғай даралануына оның өзіне дейнгі әлеуметтік-тірішілігіне пайдалана білуі халық болып арқасында іске асты. Қола дәуіріндегі, Евразияның ұлы даласын мекендеген тегі мен тағдыры ортақ туыс тайпалар бір үлгідегі, бір стильдегі, бірыңғай мәдениет қалыптастырды. Ол мұралар «Андрон мәдениеті» деген атпен жұртқа белгілі болды және қола дәуірінің алғашқы кезеңін (біздің з.д. XVIII ғ.ғ.) және орта кезіңін (біздің з.д. XV-X ғ.ғ.) түгел қамтыған Андрон мәдениеті көшпелі мал шаруашылығының еуропалық классикалық үлгісін қалыптастыруға елеулі үлес қосты. Андрон мәдениетінің табиғи жалғасы Дәндібай–Беғазы мәдениеті болды. Мұнда өлген адамдарды жерлеу ғұрпының да өзгергені байқалды. Қазақ халқының негізін құраған халық болып қалыптасуына, мәдени-рухани жаңғыруына жол салған тайпа, ұлыстардың арасында сақтар мен ғұндар дың орны бөлек. Сақтар туралы көптеген еңбектерде көңілге қонымды келтіріледі. Мәселен тарихшы Мұсатай Ақынжанов «Қазақтың тегі туралы» деген еңбегінде «Қазақтар–түрік, моңғол тектес халықтардың екі бұтағын ( ғұн мен сақ тарауынан ) құралған ежелгі халық» дей отыра, қазақ деген сөз «қас» (нағыз), «сақ» (сақ тайпасы) деген сөздердің қосуылынан шыққан деген болжам айтады. Сақтар әулиеті біздің заманымызға дейінгі VIIғ, тарих аясына шығып, б.з II-ғ. дейін өмір сүрген. Оның іргесін қалап, шаңырағын көтерген Алып Ер Тұнға (Афрасияб), жайлаған жері, мекен-тұрағы Орта Азияның бүгінгі байтақ Қазақстанның далалары, Шығыс Түркістан өңірі болды. Отырықшы болып мал ұстап, егішілік-диқаншылықпен айналысқан сақтар табиғи су қорлары мол, шабындық жайылымдық алқаптары көп Оңтүстік Қазақстан жерін, Сырдария, Шу, Талас, Арыс өздерінің бойын мекен етті. Грек, Рим, Ахамендік Иран жазбаларында «скифтер» деген атпен белгілі болған сақтардың өте жауынгер ұзақ жылдар қалыптасқан мәдениеті болған халық ретінде аты шықты. Жазуы қазіргі ғылым тілінде айтылып жүрген рун жазуы немесе түркі жазуы деп есептеледі. Осы жазумен жазылып қалған көптеген деректер қазба жұмыстарының барысында сақтардан бүгінге жеткен мұра көп. Үйсіндер туралы алғашқы деректер біздің жыл санаумыздан бұрынғы екінші ғасырда белгілі болған. Жетісу жерін Шу, Талас, Іле өзендерін Қаратаудың шығыс бетін қоныс еткен үйсендерінің қолөнер кәсібі , темір, ағаш өңдеу , үй кәсіпшілігі өрмек тоқымашылығы қатты дамыған. Бұлардың алғашқы кезеңі б. з 1-3ғғ болса, орта кезеңі – біздің заманымыздың 1-3 ғасырлары болды. Қаңлылардың жазу мәдениеті болған , б.з.б.дейінгі 1-2 ғ. екі жүз мың үйі, 600 мың жаны, 120 мың әскері бар ірі мемлекеттердің бірі болған. Қаңлы елімен шектесіп жатқан алаңдарда мәдениеті дамыған, шаруасы шалқыған ел екен. Арал теңізінің маңын қоныс еткен алаң елінің ауа райы жылы , жері құнарлы, шөбі шүйгін, малға , егіске қолайлы , жеміс-жидегі жеткілікті болыпты. Бұл жердегі алаңдар алшын, алаша, алаш сияқты Кіші жүз руларын өрбіткен үлкен тйапа болған деседі. Жалпы қазақ халқының егізін құрайтын сақ , ғұн тайпаларының одағы, оған кіретін ру ,ұлыстар қазақ мәдениетінің қайнар бастауында тұрған.        

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.